A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Хабарлама 2015 жылғы 31 наурызда №39

Хабарлама 2015 жылғы 31 наурызда №39 (17603) Арқа ажары газетiнде жарияланды

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. Басқарма басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, 1 — бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 125 564 теңгеден 169 767 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Жер қойнауын пайдалану және лицензиялау, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту бөлiмдерiнiң жұмыстарын ұйымдастырады, жоспарлайды және үйлестiредi. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурсын өткiзуiне бақылау. Бизнес үшiн әкiмшiлiк тосқауылды төмендетуiне бағытталған жұмыстарды ұйымдастырады. «Бизнестiң жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларын жүзеге асыруына бақылау. Басқарма басшысының тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргiзедi.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Экономика және бизнес немесе құқық саласындағы жоғары бiлiм.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес келуге тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

2) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау жағдайында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) мемлекеттiк органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес. Жеке компьютерде жұмыс iстей бiлуi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Бақылаушы ретiнде қатысуға тiркелу үшiн мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметiне хабарласу қажет.

Конкурсқа қатысуға келесi құжаттар қажет: үлгiдегi өтiнiш; 3х4 көлемдегi фотосуретпен толтырылған сауалнама; бiлiм туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекiтiлген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №6697 тiркелдi); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; құжаттарды тапсыру сәтiнде шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат конкурс өткiзу туралы хабарландыру «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде индекс 020000, Көкшетау қ., Әуелбеков көшесi, 179 «А» 410,415 бөлме, анықтама телефондары: 8(7162) 76-29-51, 72-21-76 электронды пошта — depprom@bk.ru мекен-жайы бойынша ұсынылуы тиiс.

Әңгiмелесуге жiберiлгендiгi туралы хабарландыру алғаннан кейiн үмiткерлер оны 5 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұру және т.б.) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.01.2017 11:31
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15