A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға iшкi конкурс жариялайды («Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi арасында)

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 96, 401 кабинетi, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8/7162/40-17-15, факс: 40-17-08, электрондық мекен-жайы: depprom@bk.ru.

Персоналды басқару қызметi бөлiмiнiң басшысы, «D-O-3» санаты

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бекiтiлген өкiлеттiк шегiнде бөлiм жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы заңнамаларын орындау бойынша басқарма бөлiмдерiнiң қызметiн үйлестiру. Кадрларды iрiктеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметiн өтуiне байланысты құжаттарды әзiрлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттiк қызметшiлердiң персоналды деректер есебiн, бағалау нәтижесi туралы мәлiметтердi, аттестациялау мен оқытудан өтудi жүргiзу. Тағылымдаманы, тәлiмгерлiктi, қызметтi бағалауды, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн жетiлдiрудi ұйымдастыру. Басқарманың негiзгi және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметiн өтуiне байланысты басқарманың бұйрықтарын дайындау және рәсiмдеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе бiлiм беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық саласында;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

2) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1)осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2)тиiстi персоналды басқару қызметiмен расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 5 жұмыс күнi.

Iшкi конкурсқа қатысатын («Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi арасында) және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде Ақмола облысы әкiмi аппаратында өтедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.01.2017 11:53
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15