A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«2019 жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудағы жетiстiктерi үшiн» облыстық конкурсын өткiзу шарттары

2-Қосымша
Ақмола облысының
кәсiпкерлiк және өнеркәсiп
басқармасы басшысының
2019 жылғы ______________
№ ______ бұйрығымен
бекiтiлген

1. Жалпы ережелер

«Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудағы жетiстiктерi үшiн» облыстық конкурсын (бұдан әрi — конкурс) кәсiпкерлiк саласындағы облыстық атқарушы орган жыл сайын аудандар, Көкшетау, Степногорск қалалары әкiмдiктерiмен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен бiрлесiп жүргiзедi.

1. Конкурстың ұйымдастырылуы тиiстi қаржы жылына жергiлiктi бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған есеп пен қаражаттар шегiнде жүзеге асырылады.

2. Конкурстың мақсаттары:

1) Қазақстанның және облыс нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi өнiмдермен толықтыруға көмек көрсетуге, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн дамытуға бағытталған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң беделiн көтеру және қызметтерiн ынталандыру;

2) Ақмола облысында шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң үздiк өкiлдерiн анықтау және белгiлеу;

3) алғы шарттар құру және шағын және орта кәсiпкерлiк саласында басқарудың қазiргi әдiстерiн кең түрде енгiзуге көмектесу болып табылады.

3. Конкурс келесi номинациялар бойынша жүргiзiледi:

1) үздiк әйел кәсiпкер;

2) үздiк жас кәсiпкер;

3) үздiк инновациялық жоба;

4) үздiк стартап.

4. Сыйлықты алғаннан кейiн екi жыл бойы сыйлық алуға қайта ұсынысқа жол берiлмейдi.

2. Комиссияның және Комиссияның жұмыс органының жұмысын ұйымдастыру

5. Конкурсты өткiзу үшiн облыстық конкурстық комиссия (бұдан әрi — комиссия) құрылады.

6. Комиссияның жұмыс органы Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы (бұдан әрi — жұмыс органы) болып табылады.

7. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.

8. Комиссия отырысы комиссия мүшелерiнiң құрамының кем дегенде 2/3 болған жағдайда заңды деп саналады.

9. Комиссия шешiмi ашық дауыс беру арқылы жай көпшiлiк дауыспен, дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.

10. Комиссия отырысы хаттамамен рәсiмделедi.

11. Комиссияның жұмыс органына келесi мiндеттер жүктеледi:

1) конкурстың өткiзiлуi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

2) кәсiпкерлiк саласындағы аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарынан (бұдан әрi — кәсiпкерлiк бөлiмдер) түскен құжаттарды қабылдау;

3) конкурсқа одан әрi қатысуға жiберiлмеген конкурс қатысушылары туралы сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындау;

4) жеңiмпаздарды анықтау туралы ұсыныс хаттамалық шешiмдер жобаларын дайындау;

5) комиссияның қабылдаған шешiмдерi туралы конкурс қатысушыларын ақпараттандыру;

6) жеңiмпаздарды салтанатты марапаттау мен номинациялар берудi ұйымдастыру.

12. Комиссияға келесi мiндеттер жүктеледi:

1) конкурс қатысушыларының құжаттарын қарау және жеңiмпаздарды анықтау;

2) конкурсқа одан әрi қатысуға жiберiлмеген конкурс қатысушылары туралы сараптамалық қорытындылардың жобаларын қарау және олар бойынша шешiм қабылдау.

3. Конкурсқа қатысу тәртiбi

13. Конкурсқа қатысуға Ақмола облысында тiркелген және жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi — Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын ұйымдар жiберiледi (бұдан әрi — қатысушы).

14. Қайта ұйымдастырылу, таратылу және банкроттық сатыдағы, бюджет алдында қарызы бар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.

15. Конкурсқа қатысу үшiн қатысушыларға белгiленген номинациялар бойынша осы Шарттарға 1-қосымшаға сәйкес қатысушысының қызметi туралы ақпаратты қамтитын өтiнiм-сауалнамасын (бұдан әрi — өтiнiм) толтыру және комиссияға келесi құжаттар тiзбесi ұсыну қажет:

1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (куәлiк, жарғы, статистикалық карта және басқалар);

2) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпарат (құрылу тарихы, нарықтық орта жүзеге асырылатын қызметi, және негiзгi өндiрiлетiн өнiм түрлерi (тауар, қызмет) және тағы басқа);

3) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлердiң қызметi туралы ақпаратта көрсетiлген сертификаттар, лицензиялар және өзге де құжаттардың көшiрмелерi;

4) түрлi алғыс хаттардың, грамоталардың, дипломдардың, республикалық және халықаралық танулардың және басқа да (бар болған жағдайда) көшiрмелер;

5) бюджет алдында берешектерiнiң болмауы туралы салық комитетiнiң анықтамасы;

6) қатысушыларға қайырымдылық мақсаттарға, демеушiлiк көмек көрсетуге бөлiнген қаражаттарды растайтын құжат (бар болған жағдайда);

7) конкурс өткiзiлетiн жылдың алдыңғы қаржы жылындағы пайда және шығындар туралы есеп берумен бухгалтерлiк баланстан көшiрмелер.

16. Өтiнiм берген әрбiр қатысушыға құжаттар топтамасын берген күнi тiркеу нөмiрi берiледi.

17. Конкурс материалдарында қамтылған ақпарат құпия сипатта болады және пайдаланылуы мүмкiн емес, ол конкурс қорытындыларын шығару кезiнде қызметiн бағалау үшiн ғана пайдаланылады.

4. Конкурсты жүргiзу тәртiбi

18. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мерзiмдерi, сондай-ақ өтiнiмдердi және құжаттардың тiзбесiн беру басталатын, аяқталатын күндерi мен уақыттары көрсетiлiп, Ақмола облысының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

19. Осы Шарттардың 15-тармағында көрсетiлген конкурсқа қатысуға өтiнiм және құжаттардың тiзбесi кәсiпкерлiк бөлiмдерiне берiледi. Содан соң, кәсiпкерлiк бөлiмдерi үш жұмыс күнi iшiнде материалдарды жұмыс органына жiбередi. Жұмыс органы үш жұмыс күнi iшiнде материалдарды дайындайды және комиссияның қарауына жолдайды.

20. Комиссия күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдарды қарайды, әр номинацияда конкурс жеңiмпаздарын анықтайды және әр номинация бойынша бiрiншi, екiншi, үшiншi орындарды бекiтедi.

21. Жеңiмпаздарды анықтау комиссиямен осы Шарттарға 2-қосымшаға сәйкес жалпы және арнайы критерийлер бойынша жүзеге асырылады және

әрбiр критерий бойынша1(бiрден) 5 (бес) баллға дейiн бағаланады.

22. Жеңiмпаздарды комиссияның әрбiр мүшесi жеке бағалайды, бағалар кейiннен есептеледi, және әрбiр қатысушы үшiн жалпы баға шығарылады.

23. Конкурсанттарды бағалау осы Шарттарға 3-қосымшаға сәйкес балдардың қосындысымен анықталады.

24. Комиссия шешiмi түпкiлiктi болып табылады.

4. Жеңiмпаздарды марапаттау тәртiбi

25. Конкурс жеңiмпаздарына әр номинация бойынша

1) бiрiншi орынға «Жеңiмпаз»;

2) екiншi және үшiншi орынға «Лауреат» атағы берiледi.

26. Конкурс жеңiмпаздары мен лауреаттары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

27. Конкурстың жеңiмпаздары мен лауреаттар тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

«2019 жылы шағын және орта
кәсiпкерлiктi
дамытудағы жетiстiктерi үшiн»
облыстық конкурсын өткiзу
шарттарына 1-қосымша

«2019 жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудағы жетiстiктерi үшiн»
облыстық конкурсында қатысуға өтiнiм — сауалнамасы

1. Өтінім беруші:
2. Кәсіпорынның атауы,заңды мекенжайы
3. Тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні
4. Кәсіпорын басшысы(аты-жөні, тегі, лауазымы, телефон,факс, электрондық поштаның адресі)
5. Қызмет түрі:
6. Ұйымдастыру-құқықтық нысаны:
7. Қызметкерлер саны:
8. Филиалдары

Басшы (Аты-жөні, тегі, лауазымы, қолы)

МО

Өтінімді толтырған күні

«2019 жылы шағын және
орта кәсiпкерлiктi дамытудағы
жетiстiктерi үшiн»
облыстық конкурсын өткiзу
шарттарына 2-қосымша

«2019 жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудағы жетiстiктерi үшiн»
облыстық конкурс критерийлерiнiң тiзiмi

1. Барлық номинациялар үшiн жалпы критерийлер:

1) кәсiпкерлiк қызметтiң жалпы мерзiмi және түрi;

2) кiрiстердiң өсу динамикасы;

3) бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн дамыту.

2. Номинациялар бойынша арнайы критерийлер

«Үздiк әйел кәсiпкер»

- аймақтық, республикалық, халықаралық конкурстардағы жеңiсi үшiн дипломдарының болуы;

- өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына ықпалы және үлесi.

«Үздiк жас кәсiпкер»

- аймақтық, республикалық, халықаралық конкурстардағы жеңiсi үшiн дипломдарының болуы;

- 29 жасқа дейiн кәсiпкерлер (қоса алғанда).

«Үздiк инновациялық жоба»

-кәсiпкерлiктi дамыту жаңа түрлерiн және әдiстерiн еңгiзу.

 — өндiрiстiң қазiргi заманғы технологияларды енгiзу және халықаралық сапа сертификаттарының болуы.

«Үздiк стартап»

- кәсiпкерлiк субъект ретiнде тiркеуi 3 жылға дейiн;

- кәсiпкерлiктi дамыту жаңа түрлерiн және әдiстерiн еңгiзу.

«2019 жылы шағын және
орта кәсiпкерлiктi
дамыту саласындағы
жетiстiктерi үшiн»
облыстық конкурсын өткiзу
шарттарына 3-қосымша

Номинация:______________________

Жалпы критерийлер:

1)кәсiпкерлiк қызметтiң жалпы мерзiмi және түрi;

2)табыстардың өсу динамикасы;

3)бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн дамыту.

Арнайы критерийлер:

1)_________________________________________________________
2)_________________________________________________________

  Критерийлер
Қатысушының№ 1 2 3 4 5 Балдардың жиыны:
000 (1-5) (1-5) (1-5) (1-5) (1-5) (5-25)
000            
000            
000            
000            

Комиссия мүшесі:_____________________ ______________
                                                                    (қолы)

Мақаланың шыққан күні: 09.09.2019 09:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.09.2019 09:49
Қаралым саны: 544

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz