A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы №194 жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 жарлығы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат; "Казахстанская правда" 2006 ж. 10 қазан N 227 (25198)

Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

"Президент пен Үкiмет актiлерiнiң
жинағында" және республикалық
баспасөзде жариялануға тиiс

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсын және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсын өткiзу белгiленсiн.

Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөнiндегi комиссия құрылсын.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

3. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты өткiзу және лауреаттар атағын беру ережелерi;

2) Алынып тасталды — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен;

2-1) "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсын өткiзу және дипломант атағын беру ережесi;

3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

4. Алынып тасталды — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

4-1. Астана жене Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi жыл сайынғы өңiрлiк "Қазақстанның үздiк тауары" көрме-конкурстарын ұйымдастыру жене өткiзу жөнiнде шаралар қабылдасын.

Ескерту. Жарлық 4-тармақпен толықтырылды — ҚР Президентiнiң 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

5. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiн;

2) Алынып тасталды — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен;

3) "Қазақстанның үздiк тауары" өңiрлiк жене республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн.

Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

6. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

8. Осы Жарлық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 9 қазандағы
N 194 Жарлығына қосымша

Ескерту. Комиссия құрамы жаңа редакцияда — ҚР Президентiнiң 2008.12.12 N 688, өзгерту енгiзiлдi — 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығының
лауреаты атағын және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық
көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөнiндегi
комиссияның құрамы

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "Индустрия жене сауда" деген сөздер "Индустрия және жаңа технологиялар" деген сөздермен ауыстырылды — - ҚР Президентiнiң 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы  — төраға

Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы

Қазақстан Республикасының  — төрағаның орынбасары

Индустрия және жаңа технологиялар

министрi

Қазақстан Республикасы  — хатшы

Индустрия және жаңа технологиялар

министрлiгi Техникалық реттеу және

метрология комитетiнiң төрағасы

Комиссия мүшелерi:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрi

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрi

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрi

Қазақстан Республикасының Қаржы министрi

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң төрағасы

"Сапа көшбасшылары қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң төрағасы

(келiсiм бойынша)

"Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар

бiрлестiгi басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша)

"Қазақстан машина жасау одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгi басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша)

"Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлер және экспорттаушылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)

"Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар

бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм бойынша)

"Қазақстан астық одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң президентi

(келiсiм бойынша)

"Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң тауар өндiрушiлер

одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм бойынша)

"Қазақстан сүт одағы" қоғамдық бiрлестiгi басқармасының тең төрағасы

(келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 9 қазандағы
N 194 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс өткiзу және лауреат атағын беру
ЕРЕЖЕЛЕРI

Ескерту. Тақырыптағы және мәтiндегi "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" деген сөздер "Алтын сапа" деген сөздермен ауыстырылды — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығы (бұдан әрi — сыйлық)* ұйымның өнiмнiң және/немесе қызметтердiң сапасы, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн конкурстық негiзде жыл сайын берiледi.

_________________

* Сыйлық — конкурстың қатысушыларына сыйлық лауреаты атағын, конкурстың эмблемасын және лауреат дипломдарын берудi көздейдi.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi — Комиссия) осы Ережелердiң 5-тармағында көзделген үш номинациядағы екi санат бойынша жыл сайын сыйлықтар бередi.

Сыйлық лауреаты атағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурстың (бұдан әрi — конкурс) жеңiмпаздарына Комиссия шешiмiнiң негiзiнде берiледi.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады.

4. Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндiрумен (қару-жарақ пен әскери техника өндiрудi қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар (бұдан әрi — конкурсқа қатысушылар) үмiткер бола алады.

5. Конкурсқа қатысушылар Комиссияға кемiнде үш жыл iшiнде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауға тиiс.

Ұйымдар конкурсқа мынадай номинациялар бойынша қатысады:

"Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын";

"Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын";

"Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын".

Әр номинация бойынша мынадай:

шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi;

iрi кәсiпкерлiк субъектiсi санаттары бойынша екi сыйлық берiледi.

Конкурстар номинациясында қосымша, бiрақ екiден аспайтын, конкурс лауреаты мен дипломанты атағы тағайындалуы мүмкiн.

Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi сыйлық алуға арналған конкурстың ұйымдастырушысы (бұдан әрi — конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.

7. Сыйлықты алуға оны белгiлi бiр номинацияда алғаннан кейiн екi жыл iшiнде оған қайта ұсынуға жол берiлмейдi.

8. Конкурсты ұйымдастырушы жыл сайын ағымдағы жылдың ақпан айында осы конкурсты өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлайды.

Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

9. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеудiң, ұсынудың және алдын ала бағалаудың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ережелерiне сәйкес материалдарды ресiмдейдi және конкурсты ұйымдастырушыға бередi.

10. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың материалдарын және осы материалдарға алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады.

11. Комиссия осы Ережелердiң 10-тармағында көрсетiлген ұсынылған материалдардың және Комиссия отырысы хаттамасының негiзiнде конкурсқа қатысушыларға сыйлық лауреаты атағын беру туралы шешiм қабылдайды.

12. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушыларға тиiстi диплом мен конкурстың эмблемасы тапсырылады.

13. Конкурс жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi жыл сайын салтанатты түрде өткiзiледi және Дүниежүзiлiк сапа күнiне орайластырылады.

Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

14. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылардың тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

15. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылар сыйлық берiлгеннен кейiн екi жыл iшiнде сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

16. Сыйлық лауреаты атағына ие болмаған конкурсқа қатысушылар сапа саласындағы қызметiн жетiлдiру жөнiнде конкурсты ұйымдастырушыдан ұсынымдар алады.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 9 қазандағы
№ 194 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

"Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсын
өткiзу және дипломант атағын беру ережелерi

1. "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрi — конкурс) ұйымдастырушысы (бұдан әрi — конкурсты ұйымдастырушысы) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi болып табылады, "Қазақстанның үздiк тауары" өңiрлiк көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары (бұдан әрi — өңiрлiк конкурстарды ұйымдастырушылар) Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдiктерi болып табылады.

2. Конкурстың негiзгi мақсаттары:

1) жеке және заңды тұлғалардың отандық өнiмнiң сапасын арттыруға бағытталған қызметiн жандандыру;

2) Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi өнiммен толықтыруға жәрдемдесу;

3) отандық және халықаралық стандарттар негiзiнде сапаны басқару мен қамтамасыз етудiң қазiргi заманғы әдiстерiн кеңiнен енгiзуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;

4) сапа проблемаларын шешу қажеттiлiгiне өнеркәсiптiк, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;

5) халық арасында сапа идеясын кеңiнен таныту болып табылады.

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарларын және өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердi өндiрудi жүзеге асыратын;

2) өнiм сапасының орнықты жоғары деңгейiн және оны жүйелi түрде жақсартуды қамтамасыз ету жөнiнде конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелерi бар дара кәсiпкер немесе заңды тұлға конкурсқа қатысушы бола алады.

4. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген заңды тұлға немесе дара кәсiпкер Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн "Қазақстанның үздiк тауары" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережелерiне сәйкес материалдарды ресiмдеудi және конкурсты ұйымдастырушыға бередi.

5. Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргiзiледi:

1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар";

2) "Халық тұтынатын үздiк тауарлар";

3) "Үздiк азық-түлiк тауарлары".

6. Конкурс Комиссия шешiмiмен бекiтiлетiн iс-шаралар жоспарына сәйкес өткiзiледi.

Өңiрлiк конкурстарды ұйымдастырушылар өңiрлiк конкурс жеңiмпаздарының қажеттi құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жiбередi.

Өңiрлiк конкурстардың жеңiмпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

7. Конкурсты ұйымдастырушы өңiрлiк конкурс жеңiмпаздарының материалдары мен алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады.

8. Комиссия осы Ережелердiң 7-тармағында көрсетiлген материалдардың негiзiнде конкурсқа қатысушыларға "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары (бұдан әрi — конкурс дипломанттары) атағын беру туралы шешiм қабылдайды. Конкурстың әр номинациясында қосымша, бiрақ екiден аспайтын, конкурс дипломанты атағы тағайындалуы мүмкiн.

9. Конкурс дипломанттары "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және әр номинацияда I, II және III дәрежелi дипломдармен марапатталады.

Бұл ретте дәрежелер конкурс дипломанттары "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсында алған орнына қарай берiледi.

10. Конкурс дипломанттарының тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

11. Конкурс дипломанттары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта екi жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 9 қазанындағы
N 194 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

"Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсын өткiзу
және дипломант атағын беру
ЕРЕЖЕЛЕРI

Ескерту. Алынып тасталды — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 9 қазанындағы
N 194 Жарлығымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беружөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың", "конкурстарды" деген сөздер тиiсiнше "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың", "конкурсты" деген сөздермен ауыстырылды — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың" және "конкурсты" деген сөздермен тиiсiнше "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың" және "конкурстарды" деген сөздермен ауыстырылды — ҚР Президентiнiң 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi — Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтi-кенесшi орган болып табылады және мемлекеттiк басқару органдарының басшыларынан, сапаны басқару саласындағы жетекшi мамандардан, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнен құралады.

Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2008.12.12 N 688, 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазакстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары

3. Комиссияның мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын алуға арналған конкурстарға (бұдан әрi — конкурстар) қатысу үшiн өтiнiмдер берген қатысушылардың материалдарын қарау;

2) конкурстарға қатысушыларға баға беру және үмiткерлердi iрiктеу;

3) конкурстардың лауреаттарын және дипломанттарын анықтау.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

4. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:

1) мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуға;

2) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi қосымша материалдарды сұратуға және алуға;

3) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарға ие.

3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

5. Комиссияның құрамына:

1) Комиссия төрағасы;

2) Комиссия төрағасының орынбасары;

3) Комиссия хатшысы;

4) Комиссия мүшелерi кiредi.

6. Комиссия төрағасы оның қызметiн басқарады, отырыстарда төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын өзi тағайындаған орынбасары орындайды.

7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның мүшелерiне қарауға ұсынады.

8. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне мынадай функциялар жүктеледi:

1) конкурстардың өткiзiлу мерзiмi мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары және жұмыс органының ресми веб-сайты арқылы хабарлау;

2) конкурстарға қатысушылардан келiп түсетiн материалдарды қабылдау және конкурстарға одан әрi қатысу үшiн ұйымдарды iрiктеу;

3) сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар мен тиiстi бiлiм саласындағы мамандарды, сондай-ақ құрылатын сараптамалық топтарды тарта отырып, келiп түскен материалдарды сараптауды қоса алғанда, оларды алдын ала қарау;

4) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;

5) конкурстардың жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмiн ұйымдастыру;

6) конкурстар жеңiмпаздарының тәжiрибесiн таратуға жәрдемдесу.

9. Комиссия жыл сайын конкурстарды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi тиiстi жылға арналған iс-шаралар жоспарын анықтайды және бекiтедi.

10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

11. Конкурстардың жеңiмпаздарына атақ беру туралы түпкiлiктi шешiм ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер ол үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең бөлiнген жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Шешiм отырыстың хаттамасымен ресiмделедi және оған Комиссияның шешiмi ресми басылымда жарияланады.

12. Конкурстардың жеңiмпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын беру Дүниежүзiлiк сапа күнiне орайластырылған салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.

Конкурстар материалдарында қамтылған және жергiлiктi жерлердегi сараптама барысында алынған ақпарат жасырын болып табылады және конкурсантты бағалаудан басқа өзге де мақсаттар үшiн оның жазбаша келiсiмiнсiз пайдаланылмайды.

Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

13. Комиссияның қызметiн тоқтату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.01.2017 15:24
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15