A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Сауда және баға

2019 жылғы қаңтар-сәуірде облыс бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 67,8 млрд.теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда салыстырмалы бағада 2,1% өсті.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде тұтыну бағаларының индексі облыс бойынша 101,4% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 104,6%, азық – түлік емес тауарларға-101,2%, ақылы қызметтерге-97,6%.

2019 жылдың 4 айында көкөністер, ұн, нан, макарон өнімдері, шикі сүт, шұжық өнімдері, құс, жарма және қатты ірімшік, темекі өнімдері, жылқы, күріш, шай, алкоголь ішімдіктері, тұрмыстық аспаптар, фармацевтикалық препараттар, жуу және тазалау құралдары, киім және аяқ киім, жеке пайдаланатын тауарлар, амбулаториялық қызметтер, қоғамдық тамақтану қызметтері, білім беру, байланыс бағаларының өсуі байқалады.

Жұмыртқа, күнбағыс майы, алма, сүзбе, картоп; қатты отын, бензин, сұйытылған газ, дизель отыны, көлік қызметтері; орталық жылыту, кәріз, суық сумен жабдықтау, электр энергиясына тарифтер төмендеді.

Бағаның өсуінің негізгі себептері тауар өндірушілерде босату бағасының артуы, жекелеген азық-түлік тауарлары өндірісінің маусымдылығы, дизель отынының жоғары бағасына байланысты көлік шығыстарының артуы, ұлттық валюта бағамының төмендеуі және басқалар болып табылады.

Тауарлар мен қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында келесі іс-шаралар өткізіледі.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы аудан және қала әкімдіктерімен бірлесіп облыс өңірлері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағар май материалдары бағасының жағдайына тұрақты мониторинг және талдау жүргізеді.

Аудан және қала әкімдіктерімен тауар өндірушілер, көтерме және бөлшек сауда сатушылар қабылдаған 868 бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы меморандум шеңберінде міндеттемелерді бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыста жыл басынан бері 247 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, онда 515,4 млн. теңгенің азық-түлік өнімдері дүкендерде және базарларда 10-20% төмен бағамен сатылды.

Жергілікті азық-түлік тауарлары өндірісінің өсуі де бағаны тұрақтандыру факторларының бірі болып табылады.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың өңдеуші кәсіпорындары 32,3 млрд. теңгеге азық-түлік өнімдерін өндірді, бұл 2018 жылғы кезеңге 121,1% құрады. Ет пен құс, ірімшік, сүзбе, ұн, шұжық өнімдері, Жартылай фабрикаттар және т. б. өндірісі ұлғайды.

Цены на социально значимые продовольственные товары на 14 мая 2019 года
(по г.Кокшетау)

Тауарлардың атауы Наименование товара Өлшем бірлігі Ед.изм. Орташа бағалар Средние цены (теңге)
1 2 3
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) Хлеб пшеничный из муки первого сорта (формовой) кг 146
Бірінші сортты бидай ұны Мука пшеничная первого сорта кг 128
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) Рис шлифованный (круглозерный, весовой) кг 280
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) Крупа гречневая (ядрица, весовая) кг 160
Рожки (өлшеніп салынатын) Рожки (весовые) кг 177
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) Говядина (лопаточно-грудная часть с костями) кг 1477
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) Мясо кур (бедренная и берцовая кость с прилегающей к ней мякотью) кг 713
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада Молоко пастеризованное 2,5% жирности в мягкой упаковке литр 230
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада Кефир 2,5% жирности в мягкой упаковке литр 250
Майлылығы 5-9% сүзбе Творог 5-9% жирности кг 1001
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) Масло сливочное (несоленое, не менее 72,5% жирности, без наполнителей и растительных жиров) кг 1926
I санатты тауық жұмыртқасы Яйцо куриное I категории ондық десяток 224
Күнбағыс майы Масло подсолнечное литр 416
Ақ қауданды қырыққабат Капуста белокочанная кг 178
Басты пияз Лук репчатый кг 118
Асханалық сәбіз Морковь столовая кг 105
Картоп Картофель кг 74
Ақ қант – құмшекер Сахар белый – сахар-песок кг 250
Ac тұзы («Экстра»-дан басқа) Соль поваренная пищевая (кроме «Экстра») кг 50
Мақаланың шыққан күні: 12.12.2018 15:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.05.2019 15:10
Қаралым саны: 1063

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14