A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістің мәтін

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 22 тамыздағы
№ А-10/408 қаулысымен
бекiтiлген

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы ережеге енгiзiлетiн өзгерiстiң мәтiн

15-тармақ төмендегi жаңа редакцияда жазылсын:

«15. Функциялары:

1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;

2) «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы;

3) облыста шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдаудың инфрақұрылым объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

4) облыс аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;

5) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

6) облыстық деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;

7) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;

8) өңiрлiк кәсiпкерлер палаталарының қатысуымен өңiрлерде кәсiпкерлiктi қолдау картасын әзiрлеу;

9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкiлдерiн тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi аккредиттеу ұйымдастырып өткiзу;

11) жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптама кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленге нысандармен мерзiмдер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiлген тiзбеге сәйкес, ұйымдардың сатып алуында жергiлiктi қамту жөнiнде индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласында уәкiлеттi органға ақпаратты жинау, талдау және ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерiне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерiне әдiстемелiк, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;

14) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

15) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылуы туралы ақпарат беру;

16) облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

17) өз құзыретi шегiнде әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

18) аумақтарды дамыту бағдарламалары аясында стационарлық сауда объектiлерiн дамыту үшiн iс-шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыру;

19) көрмелiк-жәрмеңкелiк қызмет бойынша жұмысты ұйымдастыру;

20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi бойынша ұсыныстарын әзiрлеу;

21) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативiне қол жеткiзу жөнiнде шараларын әзiрлеу және iске асыру;

22) азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорын басқару жөнiндегi комиссияның жұмыс органының мiндеттерiн жүргiзу;

23) азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану үшiн мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алу қызметтерiн жүргiзу;

24) облыс аумағында алдағы күнтiзбелiк жылға бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн тұтыну болжамын жасау;

25) жер қойнауын пайдалану келiсiмшартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi жұмыс тобы отырысының өткiзiлуiн ұйымдастыру;

26) «Жер қойнауы және жер қайнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 278-бабындағы 3-тармағына сәйкес, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген тәртiппен және шарттарда жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге келiсiмшарттарды жасасу, тiркеу және сақтау;

27) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптамалық комиссиясы отырысының өткiзiлуiн ұйымдастыру;

28) жер қойнауын пайдалану және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлер құқығын ауыстыруға рұқсат беру;

29) алдағы құрылыс учаскесiндегi жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе маңыздылығының аз екендiгi жөнiндегi қорытынды беру;

30) пайдалы қазбалар орнының аумағында құрылысқа рұқсат беру;

31) жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндiруге келiсiмшарттар жөнiндегi комиссия отырысының өткiзiлуiн ұйымдастыру;

32) жер қойнауын пайдаланушылармен жер қойнауын пайдалануға келiсiмшарт (лицензия) бойынша мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзу;

33) жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге келiсiмшарттар талаптарының жер қойнауын пайдаланушылармен орындалуына бақылау;

33) жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндiруге және кен iздеушiлiкке лицензия беру;

34) жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндiруге, кен iздеушiлiкке лицензия талаптарының жер қойнауын пайдаланушылармен сақтауын бақылау;

35) жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндiру, кен iздеушiлiк бойынша операциялар жүргiзуге мемлекеттiк бақылау;

36) Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес тексерулер жүргiзу;

37) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

38) жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге келiсiмшарттардың, жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндiруге, кен iздеушiлiкке лицензиялардың қолданылуын тоқтату;

39) мемлекеттiк қызметтердi көрсету.».

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2018 16:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2018 16:56
Қаралым саны: 552

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14