A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты сауда-саттықты қорғаушараларын қолдану туралы негізгі ақпарат

Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы,2015 жылдан бастап Армения Республикасы және Қырғыз Республикасыарасындағы, экономикалық интеграцияны есепке ала отырыпЕуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрi — ЕЭО) шеңберiнде, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары қолданылады.

Ұлттық заңнаманың нормаларын ЕЭО туралы келiсiмге және ДСҰ келiсiмдерiне сәйкес келтiру мақсатында«Үшiншi елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы әзiрлендi.

Сауда шаралары мынадай жағдайларда енгiзiлгенiн атап өту керек:

арнайы қорғау шарасы — ЕуразЭО кеден аумағына тауарлар импорты өскен жағдайда. Әкелу кеден бажына тәуелсiз өндiрiп алынатын импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды енгiзу арқылы қолданылады. Арнайы қорғау шарасының мақсаты экономикалық икемделу процесiн жеңiлдету мақсатында қажеттi өзгерiстердi жүзеге асыру үшiн iшкi нарықта импорт өнiмiнiң көлемiн азайта отырып өнеркәсiпке уақытша демалыс берудi бiлдiредi.

демпингке қарсы шара — демпингтiк импортқа қарсы iс-қимыл шарасы, экспорттаушылар қабылдаған демпингке қарсы баж немесе бағалық мiндеттемелер түрiнде қолданылады. Тауар егер осындай тауардың бағасы оның қалыпты құнынан төмен болса ол демпингтiк импорттың нысанасы болып табылатынын нақтылау қажет. Осылайша, бұл шараның мақсаты демпингтiк бағалар, яғни қалыпты құннан төмен баға бойынша түсетiн тауарлар тарыпанан жосықсыз бәсекелестiктi жоюға бағытталған.

өтемақы шарасы — шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер одағы) ерекше субсидиясының әсерiн бейтараптандыру жөнiндегi шара. Өтемақы шарасы өтемақы бажы немесе субсидиялау шет мемлекет немесе субсидиялаушы қабылдаған ерiктi мiндеттемелер түрiнде қолданылады.

Тұтастай алғанда үш шара да баждар, квоталар немесе мiндеттемелер белгiлеу арқылы импортты шектеуге бағытталған.

Демпингке қасы және өтемақы шаралары жекелеген елдерден келетiн импортқа қатысты қолданылатын арнайы қорғау шарасы оның шығарылатын елiнен тәуелiсiз тауар импортына қатысты қолданылады.

Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгiзу үшiн тиiстi тексерулер жүргiзу қажет. Тексеру рәсiмi өтiнiштi қарауды, тексерудiң басталғаны туралы шешiм қабылдауды, тексерудiң өзiн жүргiзудi, ЕЭК-тiң шешiм қабылдауын қамтиды. Тексерулер барысында жария тыңдаулар, ақпараттарды жинау және талдау, сауалнамаларды және олардың есептерiне талдауды жiберудi, тексеру сапарларын өткiзудi, алдын ала шаралар енгiзу туралы шешiм қабылдауды, тексеру қорытындылары бойынша баяндама дайындауды қамтиды.

Арнайы қорғау тексерулерiн жүргiзу кезеңi 9 (12) айды, демпингке қарсы және өтемақылық — 12 (18) айды құрайды.

Тексерулердi Еуразиялық экономикалық комиссияның Iшкi нарықты қорғау департаментi ЕАЭО мүше мемлекеттердiң экономика салалары атынан түскен өтiнiштiң негiзiнде жүргiзедi. Тексеру жүргiзудi бастаудың негiзгi талабы өтiнiш бергендер өндiрiсi үлесiнiң тұтастай Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы өндiрiсiнiң кемiнде 25% құрайтыны болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы тауарлар өндiрiсiнiң көлемiн ескере отырып (негiзiнен жалпы ЕуразЭО өндiрiсi көлемiнiң 25% кем емес) қазақстандық өндiрушiлер қазақстандық кәсiпорындардың экономикалық мүдделерiн қорғау мақсатында ЕЭК Iшкi нарықты қорғау департаментiне бiрлесiп өтiнiш беру үшiн, әдетте, Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының, Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының өндiрушiлерiмен бiрiгулерi қажет.

ЕуразЭО басқа қатысушы елдерi өндiрушiлерiнiң өтiнiштерi бойынша тексерулерге бастама жасалған жағдайда Министрлiк ұсынылатын шаралардан Қазақстан экономикасына келетiн болуы мүмкiн экономикалық салдарларға және Қазақстан өндiрушiлерi үшiн оң нәтижелерге, сондай-ақ отандық бизнеске келетiн залалға жол бермеу үшiн талдау жүргiзедi, Қазақстан тарапы ЕЭК шешiм қабылдаған кезде осындай шараларды қолдайды. Керiсiнше болған жағдайда шараны енгiзудiң орынсыздығы туралы ұстаным дайындалады.

Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгiзу туралы шешiмдi ЕЭК Iшкi нарықты қорғау департаментi ұсынысының негiзiнде ЕЭК Алқасы қабылдайды.

Үшiншi елдердiң кез-келген тергеу бастамасы болған жағдайда, шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарымен қандай да бiр iс-шараларды қолданусыз, тергеудi аяқтау үшiн жұмыс жасау үдерiсiнiң барысы тiкелей қатысуға, отандық өндiрушiлердiң бастамаларына және тергеу жүргiзiлуiне тiкелей байланысты екенiн атап өту керек.

Осылайша, қазақстандық тауарларға қатысты өндiрiс басталған жағдайда мүдделi кәсiпорындарға:

- шет мемлекеттерден тиiстi хабарлама алғаннан кейiн тергеушi ретiнде тiркелу қажет;

- сауалнамаға жауаптардың уақытында берiлуi;

- қоғамдық және басқа да процедуралық тыңдауларға қатысу.

Анықтама үшiн: қазiргi уақытта ЕуразЭО аумағында 18 демпингке қарсы шаралар болат құбырлардың белгiлi бiр түрлерiне, темiрден жасалған барлық дөңгелектерге, суықтай қалыптасқан тот баспайтын болат құбырларға, гербицидтерге, полимерлi жабынды металдарға, жылжымалы мойынтiректерге (инелерден басқа), графитке электродтар, бульдозерлер түрлерiне қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2018 09:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2018 09:30
Қаралым саны: 1739

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14