A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Индустрияландыру картасының (Кәсіпкерлікті қолдау картасының) инвестициялық жобалары бойынша анықтама

Индустрияландыру картасының (Кәсіпкерлікті қолдау картасының)

инвестициялық жобалары бойынша анықтама 

 

Өнеркәсіпті дамытуына бағытталған негізгі капиталдың инвестициялары 2018 жылғы 1 маусым жағдайы бойынша 30,8 млрд. теңгені, соның ішінде тау-кен саласын дамытуға және карьерлерді өңдеуге – 14,1 млрд. теңге, өңдеу саласына – 10,1 млрд. теңгені құрды.

Ақмола облысының Индустрияландыру картасына (Кәсіпкерлікті қолдау картасы) 781,2 млрд.теңге жалпы сомасымен 12,3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен 89 жоба енгізілді.

2018 жылғы 1 маусым жағдайы бойынша 254,2 млрд. теңге сомасына 79 жоба іске қосылды, 8 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды:

2010 жылы жалпы 73,2 млрд. теңге сомасына 10 жоба іске қосылған, 3017 тұрақты жұмыс орны құрылған, соның ішінде өзара ірі:

- «Altyntau Kokshetau» ЖШС Васильков алтын кен орнын бұдан әрі игеру және алтын шығару фабрикасының құрылысы (Зеренді ауданы, жобаның құны – 58,5 млрд. теңге, қуаты -12,5 мың тоннаға дейін, 2010 жылы мамырда іске қосылды, 2264 жұмыс орын);

- «ENKI» ЖШС керамикалық кірпіш шығару жөніндегі зауыттың құрылысы (Көкшетау қ. жобаның құны – 6,2 млрд. теңге, қуаты -60 мың дана, 2010 жылы желтоқсанда іске қосылды, 250 жұмыс орын);

- «Көкшетау минералды сулары» АҚ алкогольсіз сусындарды өндірісі бойынша №2 зауыттың құрылысы (Көкшетау қ. жобаның құны – 665 млн. теңге, қуаты -52,6 мың млн. бөтелке немесе 35,3 млн. л., 2010 жылы қарашада іске қосылды, 8 жұмыс орын).

2011 жылы 18,4 млрд. теңге сомасына 14 жоба іске қосылған, 670 тұрақты жұмыс орны құрылған, соның ішінде өзара ірі:

- «Родина» агрофирмасы» ЖШС сүт зауытының құрылысы (Целиноград ауданы, жобаның құны – 557,8 млн.теңге, қуаты – 18,2 мың тоннаға дейін, 2011 жылы желтоқсанда іске қосылды, 25 жұмыс орын);

- «Astana-Nan Chemicals» ЖШС өсімдіктерді қоғаудың химиялық заттарын өндіру жөніндегі зауыт (Степногорск қ., жобаның құны — 500 млн.теңге, қуаты - 12,6 млн литр, 2011 жылы желтоқсанда іске қосылды, 40 жұмыс орын).

2012 жылы 7,1 млрд. теңге сомасына 6 жоба іске қосылған, 380 тұрақты жұмыс орны құрылған, соның ішінде өзара ірі:

- «SARECO» ЖШС қуаттылығы жылына 1,5 мың тонна ұжымдық концентраттар өндірісін ұйымдастыру (Степногорск қ., жобаның құны — 4,4 млрд.теңге, қуаты – 1,5 мың тонна ұжымдық концентраттар, 2012 жылы желтоқсанда іске қосылды, 270 жұмыс орын);

- «Milk project» ЖШС қуаттылығы жылына 15,6 млн.литр табиғи асептикалық сүтті қайта өңдеу жөніндегі зауытын жаңғырту (Зеренді ауданы, жобаның құны — 236,1 млн.теңге, қуаты -15,6 мың л. сүт өнімі, 2012 жылы желтоқсанда іске қосылды, 3 жұмыс орын).

2013 жылы 3,5 млрд. теңге сомасына 9 жоба енгізілді, 433 тұрақты жұмыс орындары құрылды, соның ішінде өзара ірі:

- «Тыныс» АҚ - газ шығаратын үлгілері бойынша құю өндірісін игеру, (Көкшетау қ., жобаның құны — 625,7 млн.теңге, қуаты – 1000 тонна, 2013 ж. желтоқсанда іске қосылды, 60 жұмыс орын);

- «Новопэк» ЖШС - қуаттылығын 1,5 млн. биг бегтерге ұлғайтуымен полипропилен орауышының өндірісін жаңғырту (Көкшетау қ., жобаның құны - 180 млн. теңге, 2013 жылдың сәуірінде іске қосылды, 16 жұмыс орын).

2014 жылы 19,1 млрд. теңге сомасына 10 жоба іске қосылды, 746 тұрақты жұмыс орындары құрылды, соның ішінде өзара ірі:

- «Қазатомөнеркәсіп» КҚЗ» БК ЖШС күкірт-қышқыл зауыты (Степногорск қ., жобаның құны 13,1 млрд.теңге, қуаты-180 мың тонна, 140 жұмыс орын);

- «Үш Бұлақ-2005» ЖШС құс фабрикасы (Ақкөл ауданы, жобаның құны                     2,3 млрд. теңге, қуаты -90 млн. дана, 200 жұмыс орын);

- «Полимер Пласт» ЖШС полиэтилен өнімдерінің өндірісі (Шортанды ауданы, жобаның құны - 161,6 млн.теңге, жобалық қуаты жылына 1500 тонна өнім, 37 жұмыс орын).

2015 жылы 23,4 млрд. теңге сома құнымен, 742 жұмыс орындарын құрумен 8 жоба іске қосылды, соның ішінде өзара ірі:

- «Capital Project Ltd» ЖШС - бройлер құс фабрикасын құру (Целиноград ауданы, құны – 15,1 млрд.теңге, қуаты – 20 мың тонна, 250 жұмыс орын);

- «Бижан» ЕӨЗ» ЖШС ет өңдеу кәсіпорнын құру (Көкшетау қ., құны – 1,1 млрд. теңге, қуаты – 5000 тонна, 120 жұмыс орын);

- «ЕПК «Степногорск» АҚ - сфералық подшипниктер номенклатурасын игеру (Степногорск қ., құны – 129 млн. теңге, қуаты – 17,4 мың дана, 29 жұмыс орын).

2016 жылы 13,9 млрд. теңге сомасына 15 жоба енгізілді, 845 жұмыс орны құрылды, соның ішінде өзара ірі:

- «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС - ауыл шаруашылық және коммуналдық техникасының қазақстан-белорус индустриалды-технологиялық паркі (Көкшетау қ., құны – 3,4 млрд. теңге, қуаты – 4500 бірл., 232 жұмыс орын);

- «Turan Industry» ЖШС - табиғи тастан бұйымдар жасау жөніндегі зауыттың құрылысы (Шортанды ауданы, құны – 1 млрд. теңге, қуаты – 130 мың ш.м.,50 жұмыс орын;

- «Степногорск тау-кен химия кешені» ЖШС - Қызылту кен орнының мыс-молибден кендерін қайта өңдеу үшін байыту фабрикасын қайта құру (Степногорск қ., құны -970,8 млн. теңге, қуаты – 1 млн. тонна кен, 227 жұмыс орын).

2017 жылы 95,4 млрд. теңге сомасына 7 жоба енгізілді, 1119 жұмыс орны құрылды, соның ішінде өзара ірі:

- «Көкше Цемент» ӨБ» ЖШС - цемент зауытының құрылысы (Еңбекшілдер ауданы, құны – 63,1 млрд. теңге, қуаты – 2 млн. тонна, 650 жұмыс орын);

- «Казахалтын Technology» ЖШС - Ақсу кенішінде алтын өндіру фабрикасының құрылысы (Степногорск қ., құны – 11,8 млрд. тенге, қуаты – 1100 кг дейін Доре қорытпасы, 103 жұмыс орын).

Мақаланың шыққан күні: 29.05.2017 12:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.06.2018 19:51
Қаралым саны: 2853

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14