A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Нәтижелері анық

Бүгiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айқын және жалпыға ортақ оң үрдiстер көрiнгенi анық. Бұл Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асырудың нәтижесi. Өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы (бұдан әрi — басқарма) жүзеге асырады.

Мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан бүлiнген көрiнiстер мемлекеттiң табысты дамуына кедергi келтiредi және билiкке деген сенiмсiздiктiң өсуiне ықпал етедi. Заңнамалық кемшiлiктер инвестициялық тартымдылықты төмендетедi және елде бизнестi жүргiзу үшiн кедергi болады. Нақ сондықтан да заңнамалық база мұқият шолуды және мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды талап етедi.

Бұл бағытта Қазақстанда үлкен жұмыстар атқарылды. Ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев 14 кодекске және 109 заңға 1000-ға жуық түзетулер енгiзудi көздейтiн «Кәсiпкерлiк қызметiн реттеудi жетiлдiру туралы» Заңға қол қойды. Ол бизнеске жұмсалатын шығындарды азайту және төмендету, әкiмшiлiк тосқауылдарды жою және бизнестi дамытуды ынталандыру саясатын ескере отырып әзiрлендi. Ағымдағы жылдың маусым айында Ұлттық экономика вице-министрi Серiк Жұманғарин Ақмола облысының кәсiпкерлерiмен жаңа заңнаманың негiзгi нормаларын түсiндiру мақсатында кездестi. Қабылданған шаралар бизнес жүргiзуге жағдай жасайды және қызмет алушылар үшiн әкiмшiлiк кедергiлердi азайтады, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың әрекеттерiне халықтың сенiмiн күшейтедi.

Басқармамен кәсiпкерлiктi дамыту үшiн 2017-2020 жылдарға арналған Дүниежүзiлiк банктiң рейтингi негiзiнде Ақмола облысында бизнестi жүргiзу үшiн жағдайларды жақсарту жөнiндегi егжей-тегжейлi жоспарды бекiтiлдi, отбасылық кәсiпкерлiктi қоса алғанда, жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бойынша шаралар кешенiн әзiрлендi.

2018 жылдың төрт айы бойынша Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту бөлiмiнiң қызметiндегi жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзiлдi. Талдау нәтижелерi бойынша жұмыс тобы «мемлекеттiк грант беру» қызметiн ұсынуды жетiлдiру бойынша ұсынымдар дайындалды.

Басқарма Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын және Этика кодексiнiң нормаларын түсiндiру үшiн аппараттық оқулар жүргiзiледi. Мұндай iс-шаралар қызметкерлерге арналған тұтастықтың егжей-тегжейлi стандарттарын белгiлеуге және сәйкестiктi бақылаудың тиiмдi тетiгiн iске асыруға көмектеседi.

Басқарманың ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi арнайы бөлiм бар. Осында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi қолданыстағы заңнамалық базасы, соның iшiнде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және басқа да қажеттi құжаттарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiлдi. Сондай-ақ, сайтта әкiмшiлiк басшылығының табысы мен мүлкi, азаматтарды қабылдау кестесi, сенiм телефонының нөмiрi — 8 (7162) 24-00-00 бар.

Ақмола облысының
кәсiпкерлiк және өнеркәсiп
басқармасының басшысы
Ербол Жақсылықов

Мақаланың шыққан күні: 20.07.2018 12:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.07.2018 12:33
Қаралым саны: 301

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14