A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Жарлыкөл көлініңсу қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдалану тәртібі

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017жылғы ___________
№ _________қаулысына
2-қосымша

Жарлыкөл көлiнiңсу қорғау аймағы мен белдеуiн шаруашылық пайдалану тәртiбi

1. Елдi мекендерде суды қорғайтын аймақтың шекарасында су объектiсiнiң ластануы мен қоқыстануына жол бермейтiн пайдалану тәртiбi сақталуы керек.

2. Су қорғау белдеулерiнiң шегiнде:

1) су объектiлерiнiң сапалық және гидрологиялық жай-күйiн нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметiне немесе өзге де қызметке;

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпiрлердi, көпiр құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстердi және су көлiгi қызметiне байланысты өзге де көлiк инфрақұрылымдары объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектiлерiн, сондай-ақ су объектiсiндегi рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерiн беруге;

4) су объектiлерiнiң және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген қазiргi бар объектiлердi пайдалануға;

5) жекелеген учаскелердi шалғындандыруға, егiн егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлердi өңдеудi қоспағанда, топырақ және өсiмдiк қабатын бұзатын жұмыстарды жүргiзуге (оның iшiнде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндiруге);

6) шатыр қалашықтарын, көлiк құралдары үшiн тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7) тыңайтқыштардың барлық түрлерiн қолдануға тыйым салынады.

3. Су қорғау аймақтарының шегiнде:

1) су объектiлерiн және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген жаңа және реконструкцияланған объектiлердi пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектiлерге реконструкция жүргiзуге, сондай-ақ құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, пайдалы қазбалар өндiруге, кәбiл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдармен, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен және басқа да мүдделi органдармен келiсiлген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргiзуге;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнiмдерiн сақтайтын қоймаларды, көлiк құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерiн, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсiп қалдықтарын төгетiн құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргiзуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға;

4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерiн, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егiстiктердi, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүстi және жерасты суларының микробпен ластану қаупiне себепшi болатын басқа да объектiлердi орналастыруға;

5) жүктелiм нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимiн нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметiнiң басқа да түрлерiне;

6) су көздерiндегi су кемерiнен екi мың метрге жетпейтiн қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерiн улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендiру тәсiлiн қолдануға;

7) концентрациясының жол берiлетiн шегi белгiленбеген пестицидтердi қолдануға, қардың үстiне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретiнде пайдалануға тыйым салынады.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.04.2017 17:55
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15