A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Бизнес жол картасы 2020 бағдарлама құралдарың түсіндіру

Бизнес жол картасы 2020 бизнестi қолдау және дамытудың мемлекеттiк бағдарлама құралдарың түсiндiру

Бағдарлама негiзгi мақсатқа өңiрлiк кәсiпкерлiктiң орнықты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға қол жеткiзу үшiн iске асырылуы тиiс өзара байланысты шаралар жиынтығын iске асыруды көздейдi.

Бiрiншi бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендер кәсiпкерлерiнiң жаңа бизнес-бастамаларын қолдау

6. Бағдарламаның бiрiншi бағыты кәсiпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын ұсынуды көздейдi:

1) лизингтiк компаниялардың/даму банктерiнiң/банктердiң қаржылық лизинг шарттары/кредиттерi бойынша пайыздық мөлшерлеменiң бiр бөлiгiн субсидиялау;

2) банктер/даму банктерiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру;

3) мемлекеттiк гранттар беру;

4) банктер алдында микроқаржы ұйымдарының кредиттерiн iшiнара кепiлдендiру;

5) ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын жалгерлiк төлемнiң бiр бөлiгiн және тауарға үстеме бағаның бiр бөлiгiн субсидиялау.

6) кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау.

7. Бағдарламаның бiрiншi бағытының қатысушылары салалық шектеулерсiз және кәсiпкердi тiркеу орны ескерiлмей ауылдық елдi мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда жеке және тиiмдi жобаларды iске асыратын және (немесе) iске асыруды жоспарлайтын кәсiпкерлер болып табылады.

8. Бағдарлама шеңберiнде қолдау шараларын iске асыру мақсатында моноқалалар мен шағын қалаларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын елдi мекендер ауылдық елдi мекендер деп танылады.

Лизингтiк компаниялардың/даму банктерiнiң/банктердiң қаржылық лизинг шарттары/кредиттерi бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау

9. Сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау жаңа тиiмдi инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды iске асыру үшiн берiлетiн жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

10. Банктердiң/даму банкiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау салалық шектеулерсiз мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы шарт шеңберiндегi жобаларды iске асыруға берiлетiн кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

11. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзiмi қаржы агенттiгi бiрiншi субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

12. Кредиттердi/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтiк мәмiлелер де субсидиялауға жатады.

Кәсiпкердiң ағымдағы мiндеттемелерiн қайта қаржыландыру кезiндегi субсидиялау мерзiмi қаржы агенттiгi қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор — банкте/лизингтiк компанияда бiрiншi субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгiленедi.

13. Банктердiң/даму банкiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан жүзеге асырылады.

14. Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде кәсiпкерлердiң банктердiң/даму банкiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау қағидаларымен регламенттеледi.

Банктiң/даму банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру

15. Кепiлдiк тиiмдi инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды iске асыру үшiн берiлетiн жаңа кредиттер бойынша ғана берiледi.

16. Кәсiпкерлер үшiн iшiнара кепiлдiк беру өтеусiз негiзде ұсынылады.

17. Кепiлдiк мөлшерi кәсiпкерлiктiң түрiне және жоба шеңберiндегi кредиттiң сомасына байланысты.

18. Ұсынылатын кепiлдiк мерзiмi — кредит мерзiмiнен аспайды.

19. Қаржы агенттiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредиттерi бойынша кепiлдiк беру қағидаларында белгiленген жағдайларда кепiлдiк беруден бас тартуға құқылы.

20. Банктердiң/даму банктерiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк берудi қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан жүзеге асырылады.

21. Қаржы агенттiгi кредиттi нысаналы пайдаланбау фактiлерi анықталған жағдайда кепiлдiк сомасын нысаналы пайдаланылмаған кредит сомасына пропорционалды азайту туралы шешiм қабылдайды.

22. Қаржы агенттiгi кредиттi толығымен нысаналы пайдаланбау фактiлерi анықталған кезде кепiлдiктi жояды.

23. Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде банктердiң/даму банктерiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредиттерi бойынша кепiлдiк беру қағидаларымен регламенттеледi.

Мемлекеттiк гранттар ұсыну

24. Мемлекеттiк гранттар:

1) экономиканың басым секторларындағы және өңдеушi өнеркәсiп салаларындағы және ИИДМБ анықтаған қызметтердiң жеке түрлерiндегi жаңа бизнес-идеяларды;

2) бизнес-инкубациялау шеңберiнде индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған жас кәсiпкерлерге, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға өтеусiз негiзде берiледi.

25. Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендердiң шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған жас кәсiпкерлерге, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттiк гранттар салалық шектеулерсiз берiледi.

26. Мемлекеттiк гранттар ұсыну нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

27. Мемлекеттiк гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсi арқылы бизнес-инкубациялау шеңберiнде индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға кәсiпкерлердiң өтiнiмдерiн iрiктеу жөнiнде өткiзiлетiн конкурстардың қорытындылары бойынша бередi.

28. Мемлекеттiк гранттарды беру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде бизнес-инкубациялау аясында индустриялық-инновациялық жобаларды және жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттарды беру қағидаларымен регламенттеледi.

Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттерiне iшiнара кепiлдiк беру

29. Iшiнара кепiлдiк беру моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендердiң кәсiпкерлерiне кейiн микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған микроқаржы ұйымдарының жаңа кредиттерi бойынша ғана берiледi.

30. Микроқаржы ұйымдары үшiн iшiнара кепiлдiктi қаржы агенттiгi бередi.

31. Банктердiң/даму банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк берудi қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

32. Микроқаржы ұйымы iшiнара кепiлдiк алу үшiн банкке қаржы агенттiгiнiң кепiлдiгiмен кредит алуға өтiнiш бередi.

33. Банк өз бетiнше iшкi құжаттарда белгiленген рәсiмге сәйкес микроқаржы ұйымының қызметiне бағалау жүргiзедi және ұсынылған ақпарат пен кепiл мүлкiн бағалау туралы қорытындының негiзiнде қамтамасыз етудiң кепiл құнына бағалау жүргiзедi, содан кейiн қаржы агенттiгiнiң кепiлдiгiмен микроқаржы ұйымын қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

34. Кредит сомасы бiр микроқаржы ұйымы үшiн үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредитi бойынша берешегi ескерiлмей есептеледi.

35. Кепiлдiк мөлшерi кредит сомасының 100 %-ына дейiн жетуi мүмкiн.

36. Ұсынылатын кепiлдiк мерзiмi кредит мерзiмiнен аспайды.

37. Қаржы агенттiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде микроқаржы ұйымдарына банктер кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру қағидаларында белгiленген жағдайларда кепiлдiк беруден бас тартуға құқылы.

38. Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттерге iшiнара кепiлдiк беру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде банктердiң микроқаржы ұйымдарына берген кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру қағидаларымен регламенттеледi.

Ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын жалгерлiк төлемiнiң бөлiгiн және тауарға үстеме бөлiгiн субсидиялау

39. Субсидиялау кәсiпкерлер ислам банкiнiң/исламдық лизингтiк компанияның кiрiсiн құрайтын тауарлардың/жалгерлiк төлемдерiнiң бөлiгiне үстеменiң бөлiгi ретiнде төлейтiн шығыстардың бiр бөлiгiн өтеу үшiн пайдаланылады және мемлекеттiң бизнеспен өзара iс-қимылының тиiмдi тетiктерi арқылы жүзеге асырылады.

40. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзiмi қаржы агенттiгi алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

41. Кредиттердi/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, бұрын екiншi деңгейдегi банктер/лизингтiк компаниялар/ислам банктерi/исламдық лизингтiк компаниялар берген қаржыландырулар да субсидиялауға жатады.

42. Кәсiпкердiң ағымдағы мiндеттемелерiн қайта қаржыландыру кезiндегi субсидиялау мерзiмi қаржы агенттiгi қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтiк компанияда бiрiншi субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

43. Ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауарға үстеме бағаның бiр бөлiгiн және жалгерлiк төлемнiң бiр бөлiгiн субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан жүзеге асырылады.

44. Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауарға үстеме бағаның бiр бөлiгiн және жалгерлiк төлемнiң бiр бөлiгiн субсидиялау шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде ислам банктерi кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру кезiнде ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауарға үстеме бағаның бiр бөлiгiн және жалгерлiк төлемнiң бiр бөлiгiн субсидиялау қағидаларымен регламенттеледi.

Кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау

45. Кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша субсидиялау эмитенттерi сыйақы ретiнде төлейтiн шығыстарының бiр бөлiгiн өтеу үшiн пайдаланылады және мемлекеттiң бизнеспен өзара iс-қимылының тиiмдi тетiктерi арқылы жүзеге асырылады.

46. Кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды iске асыруды қаржыландыруға шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

47. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарттары жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзiмi қаржы агенттiгi бiрiншi субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

48. Кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан жүзеге асырылады.

49. Кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялаудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Бағдарлама шеңберiнде облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау қағидаларымен регламенттеледi.

Екiншi бағыт: экономиканың басым салаларында және өңдеушi өнеркәсiптегi қызметiн жүзеге асыратын кәсiпкерлердi/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн салалық қолдау

50. Бағдарламаның екiншi бағыты кәсiпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетудi көздейдi:

1) банктердiң/даму банктерiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау;

2) банктер/даму банктерiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру;

3) өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

4) индустриялық аймақтар құру;

5) ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру;

6) ислам банктерiнiң кiрiстерi болып табылатын тауарға үстеме бағаның бiр бөлiгiн және жалдау төлемдерiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау;

7) кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау.

51. Бағдарламаның екiншi бағытының қатысушылары:

1) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетiлген экономиканың басым секторларында;

2) өңдеушi өнеркәсiптiң басым салаларында және ИИДМБ айқындалған қызметтердiң жекелеген түрлерiнде меншiктi жобаларын iске асыратын және (немесе) iске асыруды жоспарлайтын кәсiпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi болып табылады.

Банктер/даму банктерiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау

52. Сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау жаңа тиiмдi инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды iске асыру үшiн берiлетiн жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

53. Банктердiң/даму банкiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау. Мұндай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетiлген экономиканың басым секторларына немесе өңдеушi өнеркәсiптiң басым салаларына және ИИДМБ айқындалған қызметтердiң жекелеген түрлерiне сәйкес болған жағдайда жобаны мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы шарт шеңберiнде iске асыру үшiн берiлетiн кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзiмi қаржы агенттiгi алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

54. Бұрын банктер/даму банктерi/лизингтiк компаниялар берген Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкес келетiн кредиттердi/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтiк мәмiлелер (мерзiм алғашқы кредит/лизинг берiлген күннен бастап есептеледi) жоба қаржы агенттiгiнiң қарауына шығарылғанға дейiн 4 жыл iшiнде субсидияланады.

55. Банктер/даму банктерi/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржы лизингi шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

56. Бағдарламаның екiншi бағыты бойынша банктердiң/даму банктерiнiң/ кәсiпкерлердiң лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржы лизингi шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Бағдарлама аясында сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау қағидаларымен регламенттеледi.

Банктердiң/даму банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру

57. Iшiнара кепiлдiк беру тек жаңа тиiмдi инвестициялық жобаларды iске асыруға берiлетiн жаңа кредиттер, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша берiледi.

58. Кәсiпкерлер үшiн iшiнара кепiлдiк беру қайтарымсыз негiзде берiледi.

59. Кепiлдiк мөлшерi кәсiпкерлiк түрi мен жоба шеңберiндегi кредит сомасына байланысты болады.

60. Ұсынылатын кепiлдеме мерзiмi кредит мерзiмiнен аспайды.

61. Банктердiң/даму банктерiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiктi қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан жүзеге асырылады.

62. Қаржы агенттiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Бағдарлама аясында шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредиттерi бойынша кепiлдiк беру қағидаларында белгiленген жағдайларда кепiлдiк беруден бас тартуға құқылы.

63. Қаржы агенттiгi кредиттi мақсатсыз пайдалану фактiлерiн анықтаған жағдайда кепiлдiк сомасын мақсатсыз пайдаланылған сомаға пропорционал кредит сомасына азайту туралы шешiм қабылдайды.

64. Кредит толығымен мақсатсыз пайдаланылған жағдайда қаржы агенттiгi кепiлдi тоқтатады.

65. Бағдарламаның екiншi бағыты бойынша банктердiң/даму банктерiнiң/ кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Бағдарлама шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредиттерi бойынша кепiлдiк беру қағидаларында регламенттеледi.

Өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

66. Өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жаңа жобаларды iске асыруға, жекелеген жобалар үшiн (соның iшiнде бiрнеше жобаларды қамтамасыз ету үшiн), сондай-ақ индустриялық аймақтарды құру аясында қолданыстағы өндiрiстiк нысандарды жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсiпкерлiк жобаларының жетiспейтiн инфрақұрылымын жетiлдiру болып табылады.

67. Шағын және орта кәсiпкерлiк жобаларының инфрақұрылымын және индустриялық аймақтарды дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

68. Өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетiлген, экономиканың басым секторларында немесе өңдеушi өнеркәсiп салаларында және ИИДМБ-да анықталған қызметтердiң жекелеген түрлерiнде қызмет ететiн кәсiпкерлер үшiн жүзеге асырылады.

69. Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде қызмет ететiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту салалық шектеулерсiз жүзеге асырылады.

70. Бөлiнген қаражаттар мынадай инфрақұрылымдарды салуға және реконструкциялауға бағытталады: су тарту, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшiн ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су тартқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбыры, темiржол өткелдерi, темiржол желiлерi, телефон желiлерi, электр қосалқы станциялары, электр тарату желiлерi, септиктер, бу-газ қондырғылары.

71. Жетiспейтiн инфрақұрылымды құру шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi аумағының шекарасына дейiн жүзеге асырылады, бұл ретте ол кәсiпкерлiк объектiсi аумағының iшiнде инфрақұрылымды жеткiзу үшiн қаражат бөлудi көздемейдi.

72. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобалары құнының 50 %-нан аспауы тиiс.

73. Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына жетiспейтiн инфрақұрылымды жеткiзу жергiлiктi бюджеттен құрылыс құнының кемiнде 10 % мөлшерiнде қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.

74. Республикалық бюджеттен құрылыс алдындағы (техникалық-экономикалық негiздеме) немесе құрылысқа арналған жобалау (жобалық-сметалық) құжаттаманы әзiрлеуге жұмсалған шығындарды қаржыландыруға жол берiлмейдi.

75. Өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды құру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Бағдарлама шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды жүргiзуге қағидаларында регламенттеледi.

Индустриялық аймақтарды дамыту

76. Индустриялық аймақтың аумағында өндiрiстiк мақсаттағы (өндiрiстiк, қойма және әкiмшiлiк үй-жайлар), әлеуметтiк қызметтердi көрсету объектiлерi (қоғамдық тамақтандыру, қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету орындары), банктiк қызметтердi көрсету объектiлерi орналастырылады.

77. Индустриялық аймақтарды құрудың негiзгi мiндеттерi:

1) өнеркәсiп саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң жедел дамуына жәрдемдесу;

2) жаңа өндiрiстердiң инфрақұрылымын құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру;

3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;

4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

78. Индустриялық аймақтар:

1) өндiрiске арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған, инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлген жер учаскелерi;

2) кәсiпкерге, оның iшiнде тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс iстемейтiн өндiрiстердiң өндiрiстiк инфрақұрылымымен бiрге жалға беру немесе сату үшiн дайын өндiрiстiк үй-жайлар;

3) құрылысқа арналған жер учаскелерде, өндiрiстiк үй-жайлары да бар кешендi индустриялық аймақтар түрiнде құрылады.

79. Индустриялық аймақ аумағының шекарасына дейiн және оның iшiнде инфрақұрылымды жеткiзу бюджет заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен бiрлесiп қаржыландырыла отырып, республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

80. Бұл ретте жетiспейтiн инфрақұрылымдарды жеткiзу өлшемшарттарына сәйкес келетiн индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткiзу жергiлiктi атқарушы органдардың қалауы бойынша жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен де жүзеге асырылуы мүмкiн.

81. Индустриялық аймақтарды құру ИИДМБ-да айқындалған өңiрлiк мамандануға, жергiлiктi кәсiпкерлiктiң мүмкiндiктерiне сәйкес жүзеге асырылады.

82. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасы құнының 50 %-ынан аспауға тиiс.

83. Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация (бұдан әрi — ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.

84. Индустриялық аймақтар операторының функцияларына мыналар жатады:

1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;

2) инфрақұрылым объектiлерiн салу үшiн инвестициялар тарту және индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерiн шешу;

3) жер учаскелерiн жердi қайтадан пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектiлерiн жалға (қосалқы жалға) беру;

4) қызметтi жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;

5) индустриялық аймақ қызметiн қамтамасыз ету және қолдау.

85. ӘКК операторлық қызметтерiне ақы төлеу жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады

86. ӘКК индустриялық аймақтарды тиiмдi басқару мақсатында басқарушы компаниялар, оның iшiнде жергiлiктi және шетелдiк тысқары ұйымдарды тарта отырып, құра алады.

87. Өнеркәсiптiк аймақтарды құру немесе дамыту жөнiндегi жобаларға жетiспейтiн инфрақұрылымды құрудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде өнеркәсiптiк (индустриялық) инфрақұрылымды енгiзу қағидаларында регламенттеледi.

Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру

88. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және аумақтық кластерлердi дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаны iске асыратын және (немесе) iске асыруды жоспарлайтын кәсiпкерлерге "Қазақстанның даму банкi" АҚ еншiлес ұйымы "ҚДБ-Лизинг" АҚ ұсынады.

89. Субъект ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды пайдалану кезiнде жобаны iске асыруда лизинг нысанасының жалпы құнының кемiнде 15 %-ы мөлшерiнде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуге тиiс.

90. Лизинг нысанасының құны кемiнде 80 млн. теңге болуға тиiс (жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары үшiн кемiнде 50 млн. теңге).

91. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесi өтiнiм берушi үшiн 5 % құрауға тиiс, бұл ретте бюджеттiк кредит пен "ҚДБ-Лизинг" АҚ-ны өзге де қорландыру құралдарының қатынасы 80/20 болуы керек.

92. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру көлемiн ұлғайту мақсатында осы Бағдарламада айқындалған шарттарда өтелген лизингтiк төлемдер есебiнен ақша қаражатын қайта пайдалануға жол берiледi.

93. Бұл шарттар 2011 — 2012 жылдарға арналған "Өнiмдiлiк-2020" бағдарламасы шеңберiнде жасалған шарттарға да қатысты.

94. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды алу үшiн индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсi "БРК-Лизинг" АҚ-ға индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен құжаттар тiзбесiн ұсынады.

95. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсi құжаттардың толық пакетiн ұсынғаннан кейiн "БРК-Лизинг" АҚ осы Бағдарламаның 88-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес келуiн тексередi, жобаны iшкi нормативтiк құжаттарда көзделген тәртiппен және мерзiмде индустриялық-инновациялық жобаның сараптамасын жүргiзедi.

96. Оң шешiм болған жағдайда "БРК-Лизинг" АҚ мен индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсi қаржылық лизинг туралы шарт жасасады.

97. "БРК-Лизинг" АҚ осындай шешiм қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды ұсыну туралы шешiм бойынша Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтына және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсiне хабарлайды.

98. "БРК-Лизинг" АҚ және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсi арасында қаржылық лизинг шарты жасалғаннан кейiн

"БРК-Лизинг" АҚ индустриялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсiмен Индустриялық-инновациялық жобаны мониторингiлеу туралы келiсiм жасайды. Индустриялық-инновациялық жобаны мониторингiлеу туралы келiсiмнiң үлгiлiк нысанын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды алған индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсi Индустриялық-инновациялық жобаны мониторингiлеу туралы шартқа сәйкес еңбек өнiмдiлiгiн арттырады.

Ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауардың үстеме бағасының бiр бөлiгiн және жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау

99. Ислам банкiнiң/исламдық лизингтiк компанияның кiрiсiн құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды iске асыру үшiн берiлетiн жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.

100. Осындай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетiлген экономиканың басым секторларына немесе өңдеушi өнеркәсiптiң басым салаларына және ИИДМБ айқындалған қызметтердiң жекелеген түрлерiне сәйкес болған жағдайда, банктердiң/даму банкiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттер/ қаржы лизингi шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау кредиттер/қаржы лизингi шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

101. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзiмi қаржы агенттiгi субсидиялаудың алғашқы шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

102. Бұрын екiншi деңгейдегi банктер/лизингтiк компаниялар/ислам банктерi/исламдық лизингтiк компаниялар берген кредиттердi/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

Кәсiпкердiң ағымдағы мiндеттемелерiн қайта қаржыландыру кезiнде субсидиялау мерзiмi қаржы агенттiгi қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтiк компанияда субсидиялаудың бiрiншi шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

103. Ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауардың үстеме бағасының бiр бөлiгiн және жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

104. Бағдарламаның екiншi бағыты шеңберiнде ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауардың үстеме бағасының бiр бөлiгiн және жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде ислам банктерi кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру кезiнде ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауардың үстеме бағасының бiр бөлiгiн және жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау қағидаларымен регламенттеледi.

Кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау

105. Кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау эмитенттер сыйақы ретiнде төлейтiн шығыстардың бiр бөлiгiн өтеу үшiн пайдаланылады және мемлекеттiң бизнеспен өзара iс-қимылының тиiмдi тетiктерi арқылы жүзеге асырылады.

106. Кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды iске асыруды қаржыландыру үшiн шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

107. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзiмi қаржы мекемесi бiрiншi субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

108. Кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан жүзеге асырылады.

109. Кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялаудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау қағидаларымен регламенттеледi.

Үшiншi бағыт: кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiнiң төмендеуi

110. Бағдарламаның үшiншi бағыты кәсiпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын ұсынуды көздейдi:

1) банктердiң/даму банкiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау;

2) тауардың үстеме бағасының бiр бөлiгi мен ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын, жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау.

111. Бағдарламаның үшiншi бағытының қатысушылары Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында немесе өңдеушi өнеркәсiптiң басым салаларында және ИИДМБ айқындалған қызметтердiң жекелеген түрлерiнде қызметiн жүзеге асыратын және кәсiпкер қаржы агенттiгiне өтiнiш бергенге дейiн алдыңғы алты ай үшiн ақшалай түсiмнiң жалпы көлемiнен кемiнде 10 % мөлшерiнде валюталық түсiмге ие болатын кәсiпкерлер болуы мүмкiн.

Банктердiң/даму банкiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау

112. Субсидиялау негiзгi құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндiрiстi кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берiлген кредиттерi/ қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

Бұл ретте қайта жаңарту негiзiнде берiлген айналым қаражатын толықтыруға берiлген кредиттердi субсидиялауға жол берiледi. Негiзгi құралдар сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндiрiстi кеңейтуге берiлген кредит шеңберiнде айналым қаражатын толықтыруға берiлген кредиттi жаңғырту мүмкiндiгiнiң шарты қаржы агенттiгiнiң уәкiлеттi органының шешiмiнде көрсетiлуi тиiс.

113. Кәсiпкерлердiң субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттiгi мақұлдаған жобалары басқа банктерде/лизингтiк компанияларда (даму банкiнде) бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында қайта қаржыландырылуы мүмкiн.

Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзiмi қаржы агенттiгi қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтiк компанияда субсидиялаудың бiрiншi шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

114. Сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау банктiң/даму банкiнiң валюталық стандартты кредиттерi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

115. Қаржы агенттiгi субсидиялар аударған кезде оң бағамдағы айырма пайда болған жағдайда, қаражат қалдығы болашақ субсидиялар шотына есепке алынады, ал терiс бағамдағы айырма кезiнде — кәсiпкерге жүктеледi.

116. Субсидиялар сомасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi субсидиялар сомасын аудару күнiне белгiлеген бағам бойынша теңгемен қаржы агенттiгi төлейдi.

117. Бағдарламаның үшiншi бағыты шеңберiнде банктердiң/даму банкiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылык лизингтiк шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде Сыйақы мөлшерлемесiнiң бөлiгiн субсидиялау қағидаларымен регламенттеледi.

Ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауардың үстеме бағасының бiр бөлiгiн және жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау

118. Ислам банктерiнiң/исламдық лизингтiк компанияның табысын құрайтын тауардың үстеме бағасының және жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды iске асыру үшiн берiлетiн жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте қайта жаңғыртылатын негiзде берiлген айналым қаражатын толықтыру үшiн қаржыландыру бойынша субсидиялауға рұқсат етiледi. Негiзгi құралдар сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндiрiстi кеңейту үшiн қаржыландыру шеңберiнде айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыруды жаңарту мүмкiндiгiнiң шарты қаржы агенттiгiнiң шешiмiнде белгiленуi керек.

119. Осындай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетiлген экономиканың басым секторларына немесе өңдеушi өнеркәсiптiң басым салаларына және ИИДМБ айқындалған қызметтердiң жекелеген түрлерiне сәйкес болған жағдайда, банктердiң/даму банкiнiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау да кредиттер/қаржылық лизингi шарттары бойынша жүзеге асырылады.

120. Бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзiмi қаржы агенттiгi субсидиялаудың алғашқы шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

121. Бұрын екiншi деңгейдегi банктер/лизингтiк компаниялар/ислам банктерi/исламдық лизингтiк компаниялар берген кредиттердi/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

Кәсiпкердiң ағымдағы мiндеттемелерiн қайта қаржыландыру кезiндегi субсидиялау мерзiмi қаржы агенттiгi қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтiк компанияда бiрiншi субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгiленедi.

122. Ислам банктерiнiң қолданыстағы қаржыландыруы бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесiн субсидиялау ұлттық және шетелдiк валютада және исламдық лизингтiк компанияларда ұлттық валютада жүзеге асырылады.

123. Субсидиялар сомаларын субсидиялау сомаларын аударған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен қаржы агенттiгi төлейдi.

124. Қаржы агенттiгi субсидиялар аударған кезде оң бағамдағы айырма пайда болған жағдайда, қаражат қалдығы болашақ субсидиялар шотына есепке алынады, ал терiс бағамдағы айырма кезiнде — кәсiпкерге жүктеледi.

125. Ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауар бағасының бiр бөлiгiн және жалға беру төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан жүзеге асырылады.

126. Бағдарламаның үшiншi бағыты шеңберiнде ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауардың үстеме бағасының бiр бөлiгiн және жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Бағдарлама шеңберiнде ислам банктерi кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландырған кезде ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауардың үстеме бағасының бiр бөлiгiн және жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау қағидаларымен регламенттеледi.

Төртiншi бағыт: кәсiпкерлiктi қаржылай емес қолдау шаралары

127. Кәсiпкерлiктi қаржылай емес қолдау шаралары кәсiпкерлiк субъектiлерiне және кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа мынадай:

1) кәсiпкерлiктi ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

2) кәсiпкерлердiң/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң құзыреттерiн дамыту;

3) кәсiпкерлердiң/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру;

4) iскерлiк байланыстарды кеңейту функционалдық бағыттары бойынша мемлекеттiк қаржылай емес қолдауды көздейдi.

128. Осы бағыттардың шеңберiнде мынадай қаржылай емес қолдау құралдарын ұсыну көзделедi:

1) "кәсiпкерлiктi ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" функционалдық бағыты бойынша:

"Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттiк қолдау шараларын түсiндiру;

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттары туралы түсiндiру;

2) кәсiпкерлердiң/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң құзыреттерiн дамыту функционалдық бағыты бойынша:

кәсiпкерлiк қызмет негiздерiне оқыту;

кәсiпорындар мамандарының, топ-менеджерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру;

жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету;

рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелерi бойынша консультациялар беру;

3) кәсiпкерлердiң/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру функционалдық бағыты бойынша:

басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын енгiзу, кәсiпорындардың өнiмдiлiгiн және энергия үнемдеуiн арттыру мәселелерi бойынша сырттан консультанттар тарту;

кәсiпорындарды технологиялық дамыту;

4) iскерлiк байланыстарды кеңейтудiң функционалдық бағыты бойынша: шетелдiк әрiптестермен iскерлiк байланыстар орнату.

129. Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейтудiң функционалдық бағыттарын iске асыру мынадай: жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне "бiр терезе" арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңiлдету мен оңтайландыру, белгiленген рәсiмдер мен регламенттердi автоматтандыру қағидаттары сақталған жағдайда кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымы шеңберiнде жүзеге асырылады.

130. Кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымына:

1) облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларындағы кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;

2) моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары;

3) ауылдар мен кенттер деңгейiнде кәсiпкерлiктi қолдаудың ұтқыр орталықтары;

4) бизнес-инкубаторлар кiредi.

131. Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi — КҚКО) — бұл жергiлiктi бюджет қаражаты болған кезде кәсiпкерлiк субъектiлерiн және кәсiпкерлiк бастамасы бар халықты мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету үшiн қаржы агенттiгiнiң өңiрлiк филиалдарының жанынан құрылған және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсiпкерлер палаталарының жанынан, жергiлiктi атқарушы органдарда құрылатын инфрақұрылымдық кешен.

132. КҚКО көрсетiлетiн қызметтерi кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа, оның iшiнде онлайн режимде ұсынылады.

133. КҚКО құрудың мақсаты:

1) кәсiпкерлiк пен кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау құралдарын танымал ету;

2) кәсiпкерлiк қызметтi ашу және жүргiзу бойынша, оның iшiнде өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтары арқылы онлайн режимде ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;

3) жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiктiң орнықты дамуына жәрдемдесу.

134. КҚКО функциялары:

1) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықты кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау құралдары туралы хабардар ету;

2) кәсiпкерлiк қызметтi ашу және жүргiзу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

3) кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықты "бiр терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қаржылай емес қолдау бағыттарын iске асыру;

4) кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтiнiмдер жинау;

5) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсiндiру.

135. Қаржы агенттiгiнiң өңiрлiк филиалдары жанындағы КҚКО-ны ұстауға және оның жұмыс iстеуiне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттiгiнiң меншiктi қаражаты есебiнен, қаржылай емес қолдау операторының жанындағы КҚКО-ны — қаржылай емес қолдау операторының жеке қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

136. Кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары (бұдан әрi — КҚО) — базасында шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, консультациялық және маркетингтiк қызметтер көрсету, олардың жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргiзу жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен.

137. КҚО құру мақсаттары:

1) кәсiпкерлiк пен кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау құралдарын танымал ету;

2) кәсiпкерлiк қызметтi ашу және оны жүргiзу бойынша оның iшiнде өзiне-өзi қызмет көрсету орталықтары арқылы онлайн режимде ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;

3) жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiктiң орнықты дамуына жәрдемдесу.

138. КҚО көрсетiлетiн қызметтерi шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа, оның iшiнде онлайн режимде өтеусiз негiзде ұсынылады.

139. КҚО облыстардың кәсiпкерлер палаталары филиалдарының жанынан, моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында құрылады.

140. ҚҚО функциялары:

1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықты кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау құралдары туралы хабардар ету;

2) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне "бiр терезе" арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңiлдету және оңтайландыру, белгiленген рәсiмдер мен регламенттердi автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттiк қаржылай емес қолдау шараларын көрсету;

3) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа мемлекеттiк қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын iске асыру;

4) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтiнiмдер жинау;

5) кәсiпкерлiк қызметтi ашу және оны жүргiзу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;

6) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсiндiру.

141. КҚО-ның жұмыс iстеуiне және дамуына арналған шығыстарды қаржыландыру уәкiлеттi орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында өтеулi қызметтердi көрсету туралы шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

142. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 айы iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа үзiлiссiз КҚО қызметтерiн көрсетудi қамтамасыз етедi.

143. Уәкiлеттi орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтелетiн қызметтер көрсету туралы шарт күшiне енгенге дейiн қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен КҚО қызметтерiн уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтелетiн қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберiнде өтейдi.

144. Кәсiпкерлiктi қолдаудың ұтқыр орталықтары (бұдан әрi — КҚҰО) — бұл ауылдық елдi мекендердiң шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халқына кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау құралдары бойынша көшпелi ақпараттық және консультациялық қызметтер ұсынуға бағытталған қаржы агенттiгiнiң арнайы жабдықталған автобустары.

145. КҚҰО құру мақсаттары:

1) ауылдық елдi мекендерде кәсiпкерлiк пен кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау құралдарын танымал ету;

2) ауылдық елдi мекендердегi кәсiпкерлiк бастамасы бар халықты кәсiпкерлiк қызметтi ашуға ынталандыру;

3) ауылдық елдi мекендердiң шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халқына КҚҰО қызметтерiн өтеусiз негiзде ұсыну.

146. КҚҰО функциялары:

1) ауылдық елдi мекендердiң шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халқын кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау құралдары туралы хабардар ету;

2) кәсiпкерлiк қызметтi ашу және оны жүргiзу бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтердi ұсыну;

3) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсiндiру;

4) кәсiпкерлiк әлеуеттi дамыту, кәсiпорындардың жетекшi мамандары мен топ-менеджерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бағыттары бойынша қатысуға өтiнiмдер жинау;

5) жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қызметтер көрсету.

147. КҚҰО ұстауға және оның қызмет етуiне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттiгiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

148. Бизнес-инкубатор өндiрiстiк үй-жайларды, жабдықтарды, ұйымдастыру, құқықтық, қаржылық, консалтингтiк және ақпараттық қызметтердi көрсету арқылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қалыптастыру кезеңiнде қолдау көрсету үшiн құрылған заңды тұлға болып табылады.

149. Бизнес-инкубаторларды құру мақсаттары:

1) шағын кәсiпорындардың қалыптасуы мен дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң инновациялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу.

150. Бизнес-инкубациялау — бұл шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ресурстар мен көрсетiлетiн қызметтер кешенiн ұсыну арқылы олардың қалыптасуы мен табысты дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қолдау құралы.

151. Бизнес-инкубаторлардың функциялары:

1) бизнес-инкубациялау бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысы;

2) бизнес-инкубатор қызметi шеңберiнде одан әрi сүйемелдеу үшiн жобаларды iздестiрудi және iрiктеудi жүзеге асыру;

3) әлеуеттi бизнес-инкубатор резиденттерiмен ынтымақтастық туралы келiсiмдер және/немесе бизнес-инкубациялау бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу;

4) iсiн жаңа бастаған шағын кәсiпорындарды әкiмшiлiк, консалтингтiк және әдiснамалық сүйемелдеудi жүзеге асыру;

5) бизнес-инкубатор резиденттерiнiң қаржыландыруды, оның iшiнде мемлекеттiк қолдау құралдары арқылы алуына өтiнiмдерiн қалыптастыруға жәрдем көрсету;

6) бизнес-инкубатор резиденттерiнiң ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;

7) тәжiрибе алмасу мақсатында табысты компаниялардағы тағылымдамаларды және форумдарды қоса алғанда, әртүрлi тақырыптар бойынша оқыту семинарлары мен тренингтердi ұйымдастыру;

8) шағын кәсiпорындар үшiн мамандарды iздеуге және команда қалыптастыруға жәрдемдесу;

9) әкiмшiлiк және (немесе) өндiрiстiк үй-жайларды жалдау қызметтерiн ұсыну;

10) бизнес-инкубаторда шағын кәсiпорындарды дамыту туралы ақпараттық-талдамалық деректер қорын қалыптастыру;

11) кейiннен тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң әлеуеттi нарығына шығу үшiн бизнес-инкубаторлар резиденттерiнiң бизнес-жобаларын акселерациялау;

12) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бизнес жобаларын коммерциялық тартымдылығын айқындау тұрғысынан диагностикалау және қаржылық модельдеу.

152. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiн бизнес-инкубаторға орналастыру мерзiмi оның бизнес-инкубатор резидентi болып айқындалған күнiнен бастап үш жылдан аспауға тиiс.

153. Бағдарламаны iске асыруға қатысуға үмiткер бизнес-инкубаторларға қойылатын талаптар:

1) бизнес-инкубатор резиденттерiн орналастыруға сәйкес келетiн, ауданы кемiнде 250 ш.м. әкiмшiлiк үй-жайлардың болуы;

2) бiлiктi кадрлардың болуы;

3) мемлекеттiң қолдауынсыз кемiнде 6 ай толыққанды жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн қаржылық ауқаттылық;

4) жоғары оқу орындарымен стартаптарды қолдау және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келiсiмдермен расталған әрiптестiк қатынастардың болуы.

154. Конкурстық iрiктеу және бизнес-инкубаторлар қызметiн қолдау тәртiбiн кәсiпкерлiк саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

"Кәсiпкерлiктi ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" функционалдық бағыты

"Бизнес-Насихат" жобасы бойынша мемлекеттiк қолдау шараларын түсiндiру" құралы

155. "Бизнес-Насихат" жобасы бойынша мемлекеттiк қолдау шараларын түсiндiру" құралы шеңберiнде мемлекеттiк қолдау шараларын бұқара халыққа түсiндiру:

1) Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзудi;

2) Бағдарлама шеңберiнде кәсiпкерлердiң сәттi үлгiлерi мен сәттi жобаларын танымал етудi;

3) кәсiпкерлiк саласындағы заңнаманы және реттеудi түсiндiрудi;

4) кәсiпкерлiк идеяларын насихаттауды бiлдiредi.

156. "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттiк қолдау шараларын түсiндiру" құралын қаржыландыру тиiстi шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

157. Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу:

1) БАҚ-та мемлекеттiк қолдау шараларын жария етудi;

2) мемлекеттiк қолдау шараларының шарттары мен тетiктерi бойынша баспа өнiмiн әзiрлеудi және оның таралымын көбейтудi;

3) ақпараттық iс-шаралар (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткiзудi;

4) ағымдағы жағдайға кешендi жалпы республикалық талдау мен өңiрлiк және салалық бөлiнiстерде ШОК-тың әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiнiң серпiнiн, жеке-жеке Қазақстанның әрбiр өңiрiнiң ШОК секторының шолуын, ШОК субъектiлерiн қаржылық және қаржылай емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзектi ақпаратты көрсететiн Қазақстандағы және оның өңiрлерiндегi ШОК дамуының жай-күйi туралы есептi жыл сайын шығаруды қоса алғанда, ШОК секторы бойынша тұрақты есептер әзiрлеудi;

5) ШОК-тың, микроқаржы секторының дамуы, республикалық және өңiрлiк деңгейдегi макро- және микроэкономикалық процестер туралы, сондай-ақ кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру нәтижелерi туралы өзектi статистикалық ақпарат беру жөнiндегi интерактивтi ақпараттық-талдау жүйесiнiң жұмысын қамтамасыз етудi көздейдi.

158. Бағдарлама шеңберiнде кәсiпкерлердiң сәттi үлгiлерi мен сәттi жобаларын көпшiлiкке танымал ету:

1) iске асырылған жобалардың сәттi үлгiлерi бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;

2) Бағдарламаға қатысушылар туралы әңгiмелер ("Жетiстiктер тарихтары") әзiрлеу және БАҚ-та орналастыру;

3) өңiрлiк және республикалық телеарналарда "Арнайы репортаж" жанрында хабарлар циклiн әзiрлеу және шығару;

4) БАҚ өкiлдерi арасында Бағдарлама туралы немесе жалпы кәсiпкерлiк туралы үздiк материалға арналған конкурс өткiзу арқылы iске асырылатын болады.

159. Кәсiпкерлiк саласындағы заңнаманы және реттеудi түсiндiру:

1) кәсiпкерлiк саласындағы заңнама және реттеу мәселелерiне мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып дайындалған кәсiпкерлерге арналған кәсiпкерлiк қызметтiң негiздерi бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдардың таралымын көбейтудi және таратуды;

2) жаднамалар, түсiндiру сипатындағы материалдар әзiрлеудi;

3) телевизияда арнайы хабарлар шығаруды немесе оларға қатысуды көздейдi.

160. Кәсiпкерлiк идеяларын насихаттау:

1) сарапшылардың, кәсiпкерлердiң, қоғам қайраткерлерiнiң, шетелдiк мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;

2) "Жылдың үздiк кәсiпкерi" конкурсын ұйымдастыруды және өткiзудi;

3) жастар жобаларының көрмелерiн ұйымдастыруды және өткiзудi;

4) iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлер үшiн ашық дәрiстер, мастер-кластар өткiзудi;

5) қолданыстағы "Бизнес аумағы" бизнес-порталы базасында "Жас iскер" жастар кәсiпкерлiгiне арналған бөлiмдi орналастыруды, оның iшiнде оны үнемi жаңартып отыруды;

6) жас/iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге жетекшiлiк етуге әзiр бизнес-тәлiмгерлердi тарту үшiн "Бизнес аумағы" бизнес-порталы базасында веб-алаңдар құруды;

7) әлеуметтiк желiлерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде кәсiпкерлiкке арналған арналар құруды және жүргiзудi көздейдi.

161. "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттiк қолдау шараларын түсiндiру" құралы бойынша кәсiпкерлерге мемлекеттiк қолдауды ұсыну шарттарын түсiндiру сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторы жасаған Бағдарламаның бiрыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттары туралы түсiндiру" құралы

162. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттары туралы түсiндiру" құралы халықаралық ынтымақтастыққа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң нарығына өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердi экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде филиалдық желi ашу мен кеңейтуге, шикiзат пен материалдарды, жинақтаушыларды, технологияларды сатып алуға бағытталған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне берiледi.

163. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттары туралы түсiндiру" құралы шеңберiнде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң кәсiпкерлiк, мемлекеттiк сатып алу және кәсiпкерлiк қызметтi қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсiндiру:

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттары туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзудi;

2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметiн жүзеге асыратын қазақстандық кәсiпкерлердiң сәттi үлгiлерiн танымал етудi;

3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсiпкерлiк идеяларын насихаттауды бiлдiредi.

164. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттары туралы түсiндiру" құралын қаржыландыру тиiстi шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

165. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттары туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу:

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң кәсiпкерлiк саласындағы заңнамасы мен реттеу мәселелерiне маманданған ұйымдарды тарта отырып, кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кәсiпкерлiк, мемлекеттiк сатып алу және кәсiпкерлiк қызметтi қолдау шаралары саласында дайындалған ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеудi, олардың таралымын көбейтудi және таратуды;

2) ақпараттық iс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) жүргiзудi;

3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң мықты және осал тұстарын көрсететiн салыстырмалы сипаттағы тоқсан сайынғы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды;

4) мүше мемлекеттерде кәсiпкерлерге мемлекеттiк қолдау ұсынудың шарттарын, мемлекеттiк сатып алуға қатысу заңнамасы мен қағидаларын түсiндiру үшiн оператордың Call-орталығы қызметiн ұйымдастыруды көздейдi.

166. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметтi жүзеге асыратын қазақстандық кәсiпкерлердiң сәттi үлгiлерiн танымал ету:

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң нарығында iске асырылған жобалардың сәттi үлгiлерi бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыруды;

2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң нарығында жұмыс iстейтiн табысты қазақстандық кәсiпкерлер туралы әңгiмелер ("Жетiстiктер тарихтары") әзiрлеудi және БАҚ-та орналастыруды;

3) БАҚ өкiлдерi арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң нарығындағы қазақстандық кәсiпкерлiк туралы үздiк материалға арналған конкурс өткiзудi көздейдi.

167. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсiпкерлiк идеяларын насихаттау:

1) сарапшылардың, кәсiпкерлердiң, қоғам қайраткерлерiнiң, шетелдiк мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;

2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бизнес ашуға бағдарланған кәсiпкерлер үшiн ашық дәрiстер, мастер-кластар өткiзудi;

3) әлеуметтiк желiлерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсiпкерлiкке арналған арналар құруды және жүргiзудi көздейдi.

168. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттары туралы түсiндiру" құралы бойынша кәсiпкерлерге мемлекеттiк қолдау ұсыну шарттарын түсiндiру қаржылай емес қолдау операторы құрған Мемлекеттiк бағдарламаның бiрыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.

"Кәсiпкерлердiң/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң құзыретiн дамыту" функционалдық бағыты

169. "Кәсiпкерлiк қызмет негiздерiне оқыту" құралы мынадай құрамдауыштарды iске асыруды көздейдi:

1) "Жас кәсiпкер мектебi";

2) "Бизнес-мектеп".

170. "Жас кәсiпкер мектебi" құрамдауышы (бұдан әрi — "ЖКМ" жобасы) жастардың инновациялық және кәсiпкерлiк әлеуетiн ашуға жәрдемдесуге, жас адамдарды кәсiпкерлiк қызметке белсендi тартуға, жас кәсiпкерлердiң құзыреттiлiк деңгейiн арттыруға бағытталған.

171. Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары "ЖКМ" жобасының тыңдаушылары бола алады.

172. "ЖКМ" жобасы:

1) жастарды кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу негiздерiне оқытуды;

2) бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi;

3) "ЖКМ" жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауды ұйымдастыруды;

4) "ЖКМ" жобасы тыңдаушыларының неғұрлым сәттi бизнес-жобаларын таныстырумен өңiрлерде "Идеялар жәрмеңкесi" конкурсын ұйымдастыруды;

5) үздiк бизнес-жобаларға — "Идеялар жәрмеңкесi" конкурсының жеңiмпаздарына қаржыландыру алуға жәрдемдесудi көздейдi.

173. Оқыту процесiнде "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларына кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу мен бизнес-жоспарды дайындау негiздерi бойынша оқу-әдiстемелiк материалдар, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiктi құру идеяларының анықтамалықтары ұсынылады. Бұл материалдар қағаз және/немесе электрондық жеткiзгiштерде ұсынылады.

174. "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларын оқыту және оқу-әдiстемелiк материалдарды, шағын кәсiпкерлiктi құру идеяларының анықтамалықтарын ұсыну қайтарымсыз негiзде жүзеге асырылады.

175. "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларын оқыту КҚКО-да жүзеге асырылады. Оқыту қорытындылары бойынша бизнес-жоспарларын сәттi қорғаған жағдайда, "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларына "ЖКМ" жобасы бойынша оқытудан өткенi туралы сертификат берiледi.

176. "ЖКМ" жобасы бойынша оқытудан өткенi туралы сертификаттың болуы Бағдарлама шеңберiнде гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға құқық бередi.

177. "ЖКМ" жобасын қаржыландыру қаржылай емес қолдау операторының меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

178. "Бизнес-мектеп" құрамдауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа бiлiм беру жобаларын ұсынуға, оның iшiнде цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған.

179. Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында "Бизнес-мектеп" құрамдауышының қызметтерi КҚО-да, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да ұсынылады.

180. "Бизнес-мектеп" құрамдауышының шеңберiндегi оқыту жобалары:

1) "Бизнес-Кеңесшi" жобасы бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу негiздерiн қысқа мерзiмдi оқытуды;

2) "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзiмдi оқытуды;

3) тәлiмгерлiк қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейдi.

181. Оқыту барысында шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу негiздерi бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты топтамалары, оның iшiнде бизнес-жоспарлар, қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың үлгiлерi, маркетингтiк зерттеулердiң нәтижелерi, инновацияларды енгiзу саласындағы халықаралық тәжiрибе, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiктi құру идеяларының анықтамалықтары берiледi.

182. "Бизнес-мектеп" құрамдауышының жобалары бойынша бiлiм алуға өтiнiмдердi шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халық КҚКО, КҚО мен оператордың КҚҰО бередi.

183. Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiлерi қажет болған кезде "Бизнес-мектеп" құрамдауышы шеңберiнде бiлiм беру жобаларын өткiзуге жарамды қажеттi үй-жайларды ұсынады.

184. "Бизнес-Кеңесшi" жобасын iске асыру тетiгi:

1) оқыту шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа өтеусiз негiзде ұсынылады;

2) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есептi тоқсанға дейiнгi айдың 10-күнiне дейiн оқыту өткiзiлетiн күн мен орынды, оның кезеңi мен өтiнiмдердi беру мерзiмiн көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесiн жасайды, жасалғаннан кейiн ол 10 жұмыс күнi iшiнде БАҚ-та орналастырылуға тиiс;

3) қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықтың өтiнiмдерi негiзiнде ай сайын, есептi айдың 5-күнiне дейiн тыңдаушылардың тiзiмдерiн қалыптастырады;

4) оқытудан өткеннен кейiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа "Бизнес-Кеңесшi" жобасы бойынша курстардан өткенi туралы сертификат берiледi;

5) "Бизнес-Кеңесшi" жобасы бойынша оқыту күнтiзбелiк екi күн iшiнде жүзеге асырылады.

185. "Бизнес-Өсу" жобасын iске асыру тетiгi:

1) оқыту шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеусiз негiзде ұсынылады;

2) қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнен кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың функционалдық бағыттары бойынша тақырыптар тiзбесiн айқындау тұрғысынан сауалнама жүргiзудi жүзеге асырады;

3) қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне сауалнама жүргiзу нәтижелерiн ескере отырып, тоқсан сайын есептi тоқсанға дейiнгi айдың 10-күнiне дейiн тақырыптарды, өткiзу күнiн және орнын, оның кезеңiн және өтiнiмдердi беру мерзiмiн көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесiн жасайды, жасалғаннан кейiн ол 10 жұмыс күнi iшiнде БАҚ-та орналастырылуға тиiс;

4) қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өтiнiмдерi негiзiнде ай сайын, есептi айдың 5-күнiне дейiн тыңдаушылардың тiзiмдерiн қалыптастырады;

5) оқытудан өткеннен кейiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша курстардан өткенi туралы сертификат тапсырылады;

6) "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша оқыту күнтiзбелiк 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады.

186. Тәлiмгерлiк қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды iске асыру тетiгi:

1) оқыту моноқалалардың, шағын қалалар мен аудан орталықтарының шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар тұрғындарына өтеусiз негiзде ұсынылады;

2) қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын, қаңтардың 20-күнiне дейiнгi мерзiмде өңiрлiк мамандану мен жергiлiктi кәсiпкерлiктi дамыту перспективаларына байланысты жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында тәлiмгерлiк қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиiс жобалардың тiзбесiн айқындайды;

3) қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-күнiне дейiнгi мерзiмде жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша жобалардың тiзбесiн, оқытуды өткiзу күнi мен орнын, оның кезеңiн және өтiнiмдер беру мерзiмiн көрсете отырып, оқытуды өткiзу кестесiн жасайды, жасалғаннан кейiн ол 10 жұмыс күнi iшiнде БАҚ-та орналастырылуға тиiс;

4) қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халық өтiнiмдерiнiң негiзiнде тәлiмгерлiк қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиiс әр жоба бойынша тыңдаушылар тобын қабылдауды қамтамасыз етедi;

5) қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа тәлiмгерлiк қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиiс жобалар бойынша тәлiмгерлiк қызметтер көрсету үшiн жұмыс iстеп жүрген кәсiпкерлердi, сондай-ақ тәлiм беру тәжiрибесi бар мамандарды, консультанттарды тартады;

6) қаржылай емес қолдау операторы оқытуды өткiзудi бастағанға дейiн тәлiмгерлiк қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиiс жобаға қарай қалыптастырылған тыңдаушылардың әр тобы бойынша тәлiмгерлердiң болуын қамтамасыз етедi;

7) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа тәлiмгерлiк қызметтер көрсететiн тәлiмгерлер оқыту кезеңi iшiнде дәрiстер мен семинарлар өткiзедi, ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетедi, жобаның өзгешелiгi мен ерекшелiктерiне оқытады, тыңдаушылардың оны iске асыруын қамтамасыз етедi;

8) тәлiмгерлiк қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту тәлiмгерлiк қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиiс жобаға қарай үш аптадан 2 айға дейiн жүзеге асырылады.

187. "Бизнес-мектеп" құрамдауышын қаржыландыру уәкiлеттi орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында тиiстi шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

188. Қаржылай емес қолдау операторы "Бизнес-мектеп" жобасы шеңберiнде қаржы жылының 12 айы iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн және кәсiпкерлiк бастамасы бар халықты үздiксiз оқытуды қамтамасыз етедi.

"Кәсiпорындар мамандарының, топ-менеджерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру" құралы

"Шағын және орта кәсiпкерлiктiң топ-менеджментiн оқыту" құрамдауышы

"Кәсiпорынның құзыретiн арттыру" құрамдауышы

189. "Шағын және орта кәсiпкерлiктiң топ-менеджментiн оқыту" құрамдауышы "Назарбаев Университетi" ДБҰ базасында оқыту есебiнен Бағдарлама шеңберiнде өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолдау көрсетуге бағытталған.

190. Бағдарлама шеңберiнде қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары "Шағын және орта кәсiпкерлiктiң топ-менеджментiн оқыту" құрамдауышының қатысушылары бола алады.

191. Құрамдауыштың қатысушыларын оқыту жөнiндегi шығыстарды төлеу уәкiлеттi орган мен "Назарбаев Университетi" ДБҰ арасында тиiстi шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Құрамдауыш қатысушылары оқыту орнына дейiн және керi қайту жолақысын, сондай-ақ тұруын өздерi төлейдi.

192. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң топ-менеджментiн оқыту тетiгi:

1) Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiлерi тiкелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларын конкурстық iрiктеудiң басталуы туралы хабардар етедi;

2) өтiнiм берушi белгiленген нысанда қаржы агенттiгiне оқытуға өтiнiм бередi, бұл ретте өтiнiм берушi жобаны iске асыруға байланысты мониторингтi немесе өзге де iс-қимылдарды жүргiзу үшiн қажеттi барлық мәлiметтер мен деректердi ұсыну туралы жазбаша мiндеттемеге қол қояды. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi орган айқындайтын квоталарға сәйкес жиынтық өтiнiмдi қалыптастырады және оларды уәкiлеттi органға келiсуге жiбередi;

3) уәкiлеттi орган Бағдарламаға қатысушылардың келiсiлген тiзбесiн "Назарбаев Университетi" ДБҰ-ға жiбередi.

Қаржы агенттiгi "Назарбаев Университетi" ДБҰ-мен бiрлесiп Бағдарламаға қатысушылардың кәсiпорынды дамыту бойынша қызметiне кейiн мониторингiлеу жүргiзедi.

193. "Кәсiпорынның құзыретiн арттыру" құрамдауышы:

еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологиясы элементтерiн енгiзу мәселелерi бойынша инженерлi-техникалық персоналды, өндiрiстiк персоналды, оның iшiнде топ-менеджерлердi дайындауға және/немесе қайта дайындауға және/немесе олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;

шетелдiк сарапшыларды тарту арқылы үздiк өндiрiстiк тәжiрибенi енгiзуге бағытталған.

194. "Кәсiпорынның құзыретiн арттыру" құрамдауышы шеңберiнде үшiншi тұлғалар көрсеткен қызметтерге жұмсалған шығындарды iшiнара өтеу жүзеге асырылады.

195. "Кәсiпорынның құзыретiн арттыру" құрамдауышы бойынша шығындардың шарттары, тәртiбi мен түрлерi индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн Еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және аумақтық кластерлердi дамытуға бағытталған Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдау көрсету қағидаларында айқындалады.

"Жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету" құралы

196. "Жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету" құралы кәсiпорынның тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында оны басқару жүйесiн жетiлдiруге бағытталған және КҚКО, КҚО және КҚҰО-да бизнес-процестердi қолдау жөнiндегi мынадай мамандандырылған қызметтердi ұсынуды қамтиды:

1. Бухгалтерлiк және салықтық есеп жүргiзумен, сондай-ақ статистикалық есептiлiктi жасаумен байланысты көрсетiлетiн қызметтер, олар мынадай мәселелер бойынша консультацияларды қамтиды:

1) салық салу және салықтық әкiмшiлендiру;

2) салық заңнамасы және кәсiпорынның бухгалтерлiк қызметiн реттейтiн заңнама;

3) бастапқы құжаттарды өңдеу, салықты және бюджетке өзге де аударымдарды есептеу;

4) бухгалтерлiк есептi қалпына келтiру;

5) бухгалтерлiк есептi жүргiзу;

6) "1С-Бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс;

7) салықтық және статистикалық есептердi дайындау және тапсыру;

8) бөгде ұйымдар үшiн қаржылық қызмет бойынша қосымша есептердi жасау;

9) электрондық статистикалық есептiлiктi ұсыну.

2. Мыналарды қоса алғанда, кедендiк рәсiмдер бойынша көрсетiлетiн қызметтер:

1) кедендiк заңнама мен кедендiк рәсiмдер саласындағы консультациялар;

2) тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртiбi, кедендiк құнды анықтау және түзету, кедендiк декларацияны толтыру жөнiндегi консультациялар;

3) нақты тауарлар бойынша тарифтiк және тарифтiк емес реттеу жөнiндегi консультациялар;

4) сыртқы экономикалық қызметтi құжатпен сүйемелдеу;

5) сыртқы экономикалық қызметке арналған лицензиялар, рұқсаттар алу жөнiндегi консультациялар;

6) Кеден одағы шеңберiнде жүктердi декларациялау жөнiндегi консультациялар;

7) сыртқы сауда келiсiмшартының талаптары жөнiндегi консультациялық қызметтер.

3. Кәсiпкерлердiң және кәсiпкерлiк бастамасы бар тұрғындардың өтiнiмдерiн:

1) лицензия және рұқсат алу мәселелерi бойынша — мемлекеттiк органдарда;

2) кредиттер алу мәселелерi бойынша — екiншi деңгейдегi банктерде;

3) мемлекеттiк қолдау шараларын алу мәселелерi бойынша — даму институттарында сүйемелдеу.

4. Мыналарды қоса алғанда, заңгерлiк қызметтер көрсету:

1) кәсiпорынды (жеке кәсiпкердi) тiркеуге, қайта тiркеуге, таратуға құжаттарды дайындау бойынша консультациялық көрсетiлетiн қызметтер;

2) кәсiпорынды (жеке кәсiпкердi) тiркеуге, қайта тiркеуге, таратуға құжаттарды дайындау;

3) шарттардың жобаларын әзiрлеу бойынша консультациялар;

4) шарттардың жобаларын әзiрлеу;

5) азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультациялар;

6) құжат айналымын жүргiзу бойынша консультациялар;

7) ұсынымдар бере отырып, құжат айналымының аудитi;

8) бизнес-жоспардан басқа, кредиттеуге арналған құжаттар топтамасын дайындау бойынша консультациялар;

9) бизнес-жоспардан басқа, кредиттеуге арналған құжаттар топтамасын дайындау;

10) кадрлық құжаттаманы жүргiзу бойынша консультациялар;

11) ұсынымдар бере отырып, кадрлық құжаттама аудитi;

12) құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн тексеруге байланысты консультациялық көрсетiлетiн қызметтер.

5. Мыналарды қоса алғанда, маркетинг мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтер:

1) құн саясатын әзiрлеу бойынша консультациялар;

2) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, нақты тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер бойынша құн саясатын әзiрлеу;

3) бизнес-жоспар әзiрлеу және екiншi деңгейдегi банктерде қарауға дайындау бойынша консультациялар;

4) бизнес-жоспар әзiрлеу және екiншi деңгейдегi банктерде қарауға дайындау;

5) кәсiпорынның (жеке кәсiпкердiң) маркетингтiк стратегиясын әзiрлеу бойынша консультациялар;

6) кәсiпорынның (жеке кәсiпкердiң) маркетингтiк стратегиясын әзiрлеу;

7) кәсiпорынның (жеке кәсiпкердiң) маркетингтiк қызметiн бағалау және талдау бойынша консультациялар;

8) кәсiпорынның (жеке кәсiпкерлердiң) маркетингтiк қызметiн бағалау және талдау;

9) тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетiлетiн қызметтердi iлгерiлету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетiлетiн қызметтерге сұраныс типтерiн зерделеу бойынша консультациялар;

10) ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып, тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетiлетiн қызметтердi iлгерiлету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетiлетiн қызметтерге сұраныс типтерiн зерделеу;

11) бәсекелес ортаны талдау бойынша консультациялар;

12) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, бәсекелес ортаны талдау;

13) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзiрлеу бойынша консультациялар;

14) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзiрлеу.

6. Мыналарды қамтитын ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар:

1) интернет-ресурстарды әзiрлеу және қолдау;

2) кәсiпорынның (жеке кәсiпкердiң) визитка-сайтын құру;

3) интернетте бизнес құру және жүргiзу;

4) есептердi электрондық тапсыру бағдарламасын орнату және қолдау;

5) "1 С-Бухгалтерия" бағдарламасын орнату және қолдау.

7. Мыналарды қамтитын мемлекеттiк сатып алуға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына байланысты көрсетiлетiн қызметтер:

1) конкурсқа/тендерге қатысу үшiн өтiнiмдердi дайындау;

2) конкурсқа/тендерге қатысу үшiн өтiнiмдер сараптамасын (аудитiн) жүргiзу;

3) Қазақстанның сатып алу бойынша бiрыңғай құрылымдалған ақпараттық базасын қамтитын интернет көзiне қосылу;

4) мемлекеттiк және өзге де сатып алуға қатысу үшiн жетiлдiру мүмкiндiгi тұрғысынан кәсiпорын/жеке кәсiпкер құжаттамасының сараптамасы (аудитi);

5) сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетiне/әрекетсiздiгiне шағым жасау;

6) қазақстандық қамтуды есептеу;

7) жылдық сатып алу жоспарлары негiзiнде Қазақстанның мемлекеттiк және өзге де сатып алу нарығының сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру.

8. Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк (бұдан әрi — МЖӘ) саласындағы:

1) жеке әрiптестi айқындау жөнiндегi конкурс шеңберiнде әлеуеттi жеке әрiптестiң конкурстық өтiнiмiн дайындау бойынша;

2) жеке әрiптестi айқындау шеңберiнде МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзiрлеу бойынша;

3) МЖӘ шартын дайындау және жасау бойынша;

4) МЖӘ жобаларын iске асыру мәселелерi бойынша консультациялар.

197. "Жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету" құралы экономиканың барлық секторларында әрекет ететiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеусiз негiзде ұсынылады.

198. Жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету КҚКО мен КҚО-да, оның iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi өтiнiмдерiнiң жинақталу шамасына қарай КҚҰО арқылы ауылдық елдi мекендерге бару жолымен жүзеге асырылады.

199. Жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету тетiгi:

1) уәкiлеттi орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу шарты жасалады;

2) жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсетудi қаржыландыру уәкiлеттi орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасындағы жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу шартына қол қою жолымен республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады;

3) қаржылай емес қолдау операторы өңiрдiң кәсiпкерлерiн жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсетудiң басталуы мен орны туралы хабардар етудi ай сайын, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргiзедi.

200. Жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу шартының шеңберiнде:

1) қаржылай емес қолдау операторы есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей, уәкiлеттi органға жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу шартында көрсетiлген нысан бойынша құралдың iске асырылуы туралы есептi жiбередi;

2) қаржылай емес қолдау операторы есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей, құралдың iске асырылу мониторингiн жүргiзу мақсатында құралдың iске асырылуы туралы мәлiметтердi жiбередi;

3) қаржы агенттiгi кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудi сервистiк қолдауды жүзеге асыру мониторингiн жүргiзу әдiстемесiне (бұдан әрi — әдiстеме) сәйкес құралдың iске асырылу барысы туралы мониторингтi жүзеге асырады.

201. Әдiстеменi қаржылай емес қолдау операторымен келiсу бойынша қаржы агенттiгi әзiрлейдi және ол уәкiлеттi органның шешiмiмен бекiтiледi.

Қаржы агенттiгi есептi айдан кейiнгi айдың 30-күнiнен кешiктiрмей, тоқсан сайын уәкiлеттi органға әдiстемеде көрсетiлген нысан бойынша құралдың iске асырылуының мониторингi туралы есептi жолдайды.

202. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылындағы 12 ай бойы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге үздiксiз сервистiк қолдау көрсетудi қамтамасыз етедi.

"Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелерi бойынша консультациялар беру" құралы

203. "Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелерi бойынша консультациялар беру" құралы рұқсат құжатын немесе техникалық шартты алғысы келетiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне ұсынылады.

204. Осы құралды iске асыру мақсатында қаржылай емес қолдау операторы әрбiр рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық әзiрлейдi, онда рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алуға қойылатын талаптар, оның iшiнде ұсынылатын қажеттi құжаттардың тiзбесi, оларды берудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган мен ұйым туралы ақпарат, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттардың берiлу орны мен уақыты, сондай-ақ рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу бойынша қадамдық ұсынымдар көзделедi.

205. Әрбiр рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық рұқсат құжаттары мен техникалық шарттардың берiлуiн регламенттейтiн заңнамадағы өзгерiстерге сәйкес үнемi жаңартылып тұруға тиiс.

206. Консультациялар әрбiр рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалықтардың мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, олар консультация берiлгеннен кейiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеусiз негiзде табысталады.

207. Құралды iске асыруды қаржыландыру уәкiлеттi орган мен қаржылай емес қолдау операторының арасында тиiстi шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.

"Кәсiпкерлердiң/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру" функционалдық бағыты

208. "Басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын енгiзу, кәсiпорындардың өнiмдiлiгiн және энергия үнемдеуiн арттыру мәселелерi бойынша сырттан консультанттар тарту" құралы мынадай құрамдауыштарды iске асыруды көздейдi:

1) "Алдыңғы қатарлы кәсiпорындардың консультациялық жобаларын сырттан консультанттар тарту жолымен бiрлесiп қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасы)";

2) "Басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын, жабдықтарды енгiзу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелерi бойынша бiлiктiлiгi жоғары шетелдiк мамандарды тарту".

209. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасы шағын және орта кәсiпкерлiктiң алдыңғы қатарлы кәсiпорындарына сыртқы консультанттар жүзеге асыратын консультациялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыру және нарықты дамыту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жолымен қолдау көрсетуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасы шеңберiндегi қолдау қызметiн экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-да айқындалған өңдеушi өнеркәсiптiң басым салаларында және көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiнде, моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендерде салалық шектеулерсiз жүзеге асыратын, сондай-ақ қаржылық тұрғыдан орнықты және өсу әлеуетi жоғары, Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын консультациялық жоба шығындарының жалпы құнының бiр бөлiгiн жабуға әзiр шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне ұсынылады.

210. Еуропа қайта құру және даму банкi (бұдан әрi — ЕҚДБ) Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасының операторы болып табылады.

211. Базалық және қосымша өлшемшарттарға сай келетiн кәсiпорындар Бағдарламаға қатысушы бола алады.

212. Iрiктеудiң базалық өлшемшарттары:

1) қатысушылар — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi;

2) меншiк нысаны — бақылау пакетi Қазақстан Республикасының азаматтарында болатын жеке кәсiпорын (капиталдағы шетелдiк қатысу 49 %-дан аспайды);

3) қызмет саласы — экономиканың барлық басым секторларындағы, ИИДМБ-да айқындалған өңдеушi өнеркәсiптiң басым салаларындағы және көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiндегi, моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендердегi салалық шектелмейтiн қызмет;

4) шағын және орта кәсiпкерлiк саласындағы тәжiрибе — өтiнiм берген кезде 2 (екi) жыл;

5) Бағдарламаға қатысуға арналған өтiнiм құжаттамасының толық топтамасы — ЕҚДБ стандартты нысанына сай толтырылған өтiнiмнiң түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшiрмелерi, алдыңғы өткен толық екi жыл және өтiнiм берген кездегi ағымдағы қаржы кезеңi үшiн қаржылық есептердiң көшiрмелерi.

213. Iрiктеудiң қосымша өлшемшарттары (осы өлшемшарттарға сәйкестiктi кәсiпорынды тексеру және диагностикалау бойынша ЕҚДБ стандартты рәсiмдерiн орындағаннан кейiн, ЕҚДБ жергiлiктi мамандарының тобы бағалайды):

1) өмiршеңдiк — көрнекi бәсекелiк артықшылықтардың болуы тұрғысынан одан әрi өсу әлеуетi, кiрiстiлiк (оң жалпы кiрiс), консультациялық жобаларды енгiзу және олардың нәтижелерiн қолдану үшiн жеткiлiктi қаржылық және операциялық ресурстардың болуы; ЕҚДБ банкроттыққа жақын күйдегi жағдайдағы немесе толық қайта құрылымдауды қажет ететiн кәсiпорындарға қолдау көрсетпейдi;

2) басшылық тарапынан қатынас — ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтiк компаниялармен ынтымақтастыққа әзiрлiк;

3) жоғары бедел/парасаттылық — кәсiпорын мен оның басшысы сенiмге әрi жоғары бедеге ие болуға тиiс;

4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжiрибесi — iскерлiк консультациялық көрсетiлетiн қызметтердi алуға шынайы қажеттiлiк, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжiрибесi жұмыс тәжiрибесi аз болса немесе мұндай тәжiрибесi болмаса, көрсетiлетiн қолдауды қолдана бiлу қабiлетi және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшiн қаражаттың болмауы;

5) қаржылық мiндеттемелер — кәсiпорын жобаны iске асырудың жалпы құнының 25 — 75 %-ын төлеуге әзiр болуға және мұндай мүмкiндiгi болуға тиiс.

214. ЕҚДБ бiлiктiлiк алдында iрiктеу жүргiзедi және Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасы шеңберiнде жобаларды iске асыруға қойылатын талаптарға жауап беретiн консультациялық көрсетiлетiн қызметтердi берушiлердiң дерекқорын жүргiзедi.

215. Консультанттар нақты бейiндегi консультациялық қызметтер көрсету және нақты бiлiм салаларында жұмыс iстеу үшiн олардың бiлiктiлiгiнiң болуына бағалаудан өтедi:

1) жұмыс тәжiрибесi — компания қызметiнiң сипаттамасы, оны мемлекеттiк тiзiлiмде тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi, меншiк құқығы туралы куәлiк (жарғыдан және (немесе) құрылтай шартынан үзiндi көшiрме), егер жарамды болса, кемiнде алдыңғы өткен екi жылда жылдық қаржылық есептiлiк (пайдалар мен залалдар туралы есеп, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп, теңгерiм), консультациялық көрсетiлетiн қызметтердiң түрлерi бойынша бөлiп көрсетiлген төлем мөлшерлемелерiн компанияның/дара консультанттың мамандануын сипаттау;

2) клиентпен жұмыс және ұсынымдар — пiкiрлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, соңғы 2-3 жылда iске асырылған жобалардың сипаты (консалтингтiк компанияның мамандануы шеңберiнде);

3) кадрлармен жасақталу — барлық консультанттармен сұхбаттасу және олардың түйiндемелерiн алу.

216. Кәсiпорын қажеттiлiктерi айқындалғаннан және белгiленген нысан бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге техникалық тапсырма дайындалғаннан кейiн жобаны орындау үшiн Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасы шеңберiнде белгiленген талаптарға сай келетiн консалтингтiк компаниялардың коммерциялық ұсыныстарына сұраныс жасауға болады. Консультантты түпкiлiктi таңдау құқығы кәсiпорынның өзiнде болады. Бiрiншi жоба сәттi iске асырылмайынша, консультанттардың басқа жобаларды қатар орындауына тыйым салынады.

217. Қолдау көрсетiлетiн жобалар КҚО және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басқа бастамалары шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi толықтырып отырады. Олар басқаларымен қатар консультациялық көрсетiлетiн қызметтердiң мынадай түрлерiн қамтуы мүмкiн:

1) стратегиялық менеджмент:

стратегиялық жоспарлау

бизнес-жоспарлау

техникалық және қаржылық-экономикалық негiздеме әзiрлеу

қаржылық талдау және жоспарлау

әрiптестердi iздеу

2) маркетинг-менеджмент:

сатылымдарды басқару

маркетингтiк зерттеулер

маркетингтiк стратегия әзiрлеу

брендинг және iлгерiлету

электронды маркетинг

3) ұйымдық менеджмент:

ұйымдық даму

адами ресурстарды басқару

4) операциялық менеджмент:

бизнес-процестердiң реинжинирингi

жеткiзу тiзбектерiн басқару

5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:

салалық автоматтандыру жүйелерi

құжат айналымын автоматтандыру жүйелерi

IТ-инфрақұрылым

өндiрiстiк процестердi автоматтандыру жүйелерi

менеджменттiң корпоративтiк ақпараттық жүйелерi

6) инженерлiк-конструкторлық әзiрлемелер:

өндiрiстiк желiлердi оңтайландыру

сәулеттiк жоспарлау/дизайн

инфрақұрылым мен коммуналдық желiлердi жоспарлау

7) сапа менеджментi:

сапа менеджментi жүйелерiн енгiзу

тағам өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi жүйесiн енгiзу

өндiрiстегi қауiпсiздiк жүйелерiн енгiзу

өнiм қауiпсiздiгi жүйелерiн енгiзу

8) энергия және ресурс тиiмдiлiгi:

энергия аудитi, сертификаттау және рейтингтер беру

энергия менеджментi жүйелерiн енгiзу

энергия тиiмдiлiгi саласында инженерлiк-конструкторлық шешiмдердi енгiзу

жаңартылатын энергия көздерiн енгiзу

9) экологиялық менеджмент:

экологиялық аудит және қоршаған ортаға әсердi бағалау

экологиялық менеджмент жүйелерiн енгiзу

экология саласында инженерлiк-конструкторлық шешiмдердi енгiзу

10) есеп және қаржылық есептiлiк:

қаржылық басқару және есепке алу жүйелерiн енгiзу

аудиттелетiн қаржылық есептiлiктi дайындау үшiн қаржылық ақпаратты қайта өңдеу

кәсiпорынды басқару және есептiлiктi жүргiзу үшiн талап етiлетiн қаржылық ақпаратты жетiлдiру үшiн есепке алу саясатын iске асыру саласындағы консультациялар

ұлттық/халықаралық стандарттарға (ҚЕҰС/ҚЕХС) сәйкес қаржылық есептiлiктi жетiлдiру.

218. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасы шеңберiнде жобаларды iске асыру мерзiмi жобаның мазмұнына қарай, алайда, әдетте, төрт айдан алты айға дейiн болады.

219. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасы шеңберiнде жобаларды iске асыру тетiгi:

1) ЕҚДБ және/немесе қаржы агенттiгi Қазақстан Республикасының әр өңiрiнде кәсiпкерлердi Бағдарламаға қатысу өлшемшарттары туралы ақпарат пен өтiнiм топтамасына қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етедi, сондай-ақ әлеуеттi клиенттерге жобалық өтiнiмдi дайындауға жәрдем көрсетедi;

2) өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасының жәрдемiмен қолдау алуға өтiнiмдi және қажеттi құжаттар топтамасын (оның iшiнде Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасының стандартты нысанына сәйкес толтырылған өтiнiмнiң түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшiрмелерi, алдыңғы өткен толық екi жыл және өтiнiм берген кездегi ағымдағы қаржы кезеңi үшiн қаржылық есептердiң көшiрмелерi) ЕҚДБ-ға ұсынады;

3) кәсiпорынды тексеру және диагностикалау бойынша Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсiмдерi орындалғаннан кейiн оның өмiршеңдiгiн, қажеттiлiктерi мен басымдықтарын айқындау және өтiнiм бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн оның iрiктеу өлшемшарттарына сәйкестiгiн бағалау мақсатында ЕҚДБ маманы кәсiпорынға барады;

4) ЕҚДБ маманы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға өтiнiм берушiлердiң жиынтық тiзбесiн жасайды және мүдделi кәсiпорындар туралы ақпаратты тiркеумен және сақтаумен айналысады, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға мақұлдау алған кәсiпкерлердiң жиынтық тiзбесiн қаржы агенттiгiне хабардар ету мақсатында ұсынады;

5) әлеуеттi консультациялық жоба кәсiпорын басшылығымен талқыланады;

6) ЕҚДБ кәсiпорын үшiн жергiлiктi және халықаралық сарапшылардың дерекқорынан жобаны iске асыруға жарамды консалтингтiк компаниялардың және/немесе сарапшылардың тiзiмiн дайындайды және жоба бойынша әлеуеттi консультанттармен, атап айтқанда, халықаралық сарапшылармен келiссөздер жүргiзуге жәрдемдеседi;

7) өтiнiм берушi консалтингтiк компанияны және/немесе сарапшыны таңдау туралы түпкiлiктi шешiм қабылдайды;

8) кәсiпорын мен консалтингтiк компания бiрлесiп, белгiленген нысан бойынша техникалық тапсырма әзiрлейдi, ол ЕҚДБ тарапынан келiсiлуге және бекiтiлуге тиiс;

9) ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқаулыққа сүйене отырып, консультациялық жобаны бiрлесiп қаржыландыру мөлшерi бойынша шешiм қабылдайды;

10) кәсiпорын мен консалтингтiк компания ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;

11) ЕҚДБ мен кәсiпорын Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасы шеңберiнде консультациялық жобаға грант беру туралы келiсiм жасасады.

220. ЕҚДБ жобаның iске асырылу мониторингiн жүзеге асырады;

221. Жоба аяқталғаннан кейiн консультант қорытынды презентация өткiзедi және бенефициар-кәсiпорын мен ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелерi туралы есеп бередi.

222. Кәсiпорын консультантқа консультациялық қызметтер көрсету шартына сәйкес соманы төлейдi.

223. Орындалған жұмыстардың мәлiмделген техникалық тапсырмаға сәйкестiгiн, жоба сәттi аяқталғаннан және консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес кәсiпорынның консультантқа жобаның құнын төлеу фактiсiн тексергеннен кейiн ЕҚДБ бенефициар-кәсiпорынға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлiгiн қолдау жөнiндегi ЕҚДБ бағдарламасы шеңберiнде грант беру туралы қол қойылған келiсiмге сәйкес грант төлейдi.

224. Жоба аяқталғаннан кейiн бiр жыл өткен соң ЕҚДБ бенефициар-кәсiпорын жұмысының тиiмдiлiгiне әсерiн бағалау үшiн барып, жобаға қорытынды баға бередi.

225. ЕҚДБ жыл сайын уәкiлеттi органға құрамдауыштың iске асырылу барысы туралы есеп бередi.

"Басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын, жабдықтарды енгiзу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелерi бойынша бiлiктiлiгi жоғары шетелдiк мамандарды тарту" құрамдауышы

226. Қазақстан аумағында "Басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын, жабдықтарды енгiзу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелерi бойынша бiлiктiлiгi жоғары шетелдiк мамандарды тарту құрамдауышын ұйымдастырушылық сүйемелдеудi қаржылай емес қолдау операторы сарапшыларды тарту және/немесе ХШҰ-ның жәрдемдесуi арқылы жүзеге асырады.

227. "Басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын, жабдықтарды енгiзу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелерi бойынша бiлiктiлiгi жоғары шетелдiк мамандарды тарту" құрамдауышын iске асырудың шарттары:

1) Бағдарлама шеңберiнде экономиканың басым секторларында қызметiн жүзеге асыратын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi құрамдауыштың қатысушылары бола алады;

2) құрамдауыш бойынша шетелдiк сарапшыларды тарту бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады;

3) шетелдiк сарапшылардың ұшуы және көрсетiлетiн қызметтерi бойынша шығыстарды төлеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады;

4) шетелдiк сарапшылардың көлiктiк және тәулiктiк шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағында тұруы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

228. "Басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын, жабдықтарды енгiзу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелерi бойынша бiлiктiлiгi жоғары шетелдiк мамандарды тарту" құрамдауышын iске асырудың тетiгi:

1) қаржы агенттiгi, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiмен бiрлесiп, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн құрамдауышты iске асыру шарттары туралы тiкелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етедi;

2) өтiнiм берушi шетелдiк мамандарды тартуға өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторына бередi;

3) қаржы агенттiгi, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторы өтiнiмдердi қарап, өтiнiм бiлдiрушiнiң Бағдарлама шарттарына сәйкестiгi тұрғысынан iрiктеу жүргiзедi (iрiктеп алынған өтiнiмдердiң iшiнен қаржы агенттiгi, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторы жиынтық өтiнiмдi қалыптастырады және уәкiлеттi органға келiсуге жолдайды);

4) шетелдiк мамандарды тарту бойынша ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган қаржы агенттiгiне, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторына қатысушылардың келiсiлген тiзiмiн жолдайды;

5) қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-ның жәрдемдесуiмен, шетелдiк мамандарды тартуды қамтамасыз етедi;

6) шетелдiк мамандардың әрбiр миссиясы аяқталған соң ХШҰ және/ немесе сарапшылар қаржылай емес қолдау операторына жұмыс нәтижелерi туралы есеп жолдайды.

229. Құрамдауышты iске асыруды қаржыландыру уәкiлеттi орган мен қаржы агенттiгi, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторы арасында тиiстi келiсiм жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.

230. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 айы iшiнде басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiстiк технологияларды, жабдықтарды енгiзу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелерi бойынша бiлiктiлiгi жоғары шетелдiк мамандарды тарту есебiнен шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне үздiксiз қолдау көрсетудi қамтамасыз етедi.

231. Уәкiлеттi орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында көрсетiлетiн қызметтердi өтеулi көрсету туралы шарт күшiне енгенге дейiн қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен "Аға сеньорлар" құрамдауышының көрсетiлетiн қызметтерiн уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылында өтеулi қызмет көрсету туралы жасалған шарттың шеңберiнде өтейдi.

"Кәсiпорындарды технологиялық дамыту" құралы мынадай құрамдауыштарды iске асыруды көздейдi:

1) "Индустриялық-инновациялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеу және/немесе сараптау";

2) "Технологиялық процестердi жетiлдiру";

3) "Өндiрiстi ұйымдастыру тиiмдiлiгiн арттыру";

4) "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнiм мен сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттау".

232. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеу және/немесе сараптау" құрамдауышы:

"Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру" бөлiмi шеңберiнде ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды алу үшiн индустриялық-инновациялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеуге;

Индустрияландыру картасы немесе Өңiрдiң кәсiпкерлiгiн қолдау картасы жобалары үшiн техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеуге және/немесе сараптауға бағытталған.

233. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеу және/немесе сараптау" құрамдауышы шеңберiнде үшiншi тұлғалар көрсеткен қызметтердiң шығындарын өтеу жүзеге асырылады.

234. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеу және/немесе сараптау" құрамдауышы бойынша шығындардың шарттары, тәртiбi мен түрлерi индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және аумақтық кластерлердi дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдау көрсету қағидаларында белгiленедi.

235. "Технологиялық процестердi жетiлдiру" құрамдауышы:

1) кәсiпорынның жалпы жұмыс iстеуiн оңтайландыруға;

2) өнеркәсiптiк дизайнды әзiрлеуге;

3) инженерлiк ой мен шешiмдi дайындауға, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды iздестiруге және оларды өндiрiске енгiзу мүмкiндiктерiн айқындауға;

4) өнiмдердi өндiру процестерiн қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға бағытталған.

236. "Технологиялық процестердi жетiлдiру" құрамдауышы бойынша шығындардың шарттары, тәртiбi мен түрлерi индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және аумақтық кластерлердi дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдау көрсету қағидаларында белгiленедi.

237. "Өндiрiстi ұйымдастыру тиiмдiлiгiн арттыру" құрамдауышы өндiрiстi ұйымдастыру тиiмдiлiгiн арттыру үшiн отандық кәсiпорындардың басқарушылық және өндiрiстiк деңгейiнiң өсуiн ынталандыруға бағытталған.

238. "Өндiрiстi ұйымдастыру тиiмдiлiгiн арттыру" құрамдауышы шеңберiнде үшiншi тұлғалар көрсеткен қызметтер үшiн шығындарды iшiнара өтеу жүзеге асырылады.

239. "Өндiрiстi ұйымдастыру тиiмдiлiгiн арттыру" құрамдауышы бойынша шығындардың шарттары, тәртiбi мен түрлерi индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және аумақтық кластерлердi дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдау көрсету қағидаларында белгiленедi.

240. "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнiм мен сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттау" құрамдауышы халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнiм мен сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттауға бағытталған.

241. Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнiм мен сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттау жөнiндегi шығындардың бiр бөлiгiн өтеу тәртiбi индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Iшкi нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi iлгерiлету жөнiндегi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларында белгiленедi.

"Кәсiпорындарды технологиялық дамыту" құралы "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнiм мен сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттау" құрамдауышын iске асыруды көздейдi.

"Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнiм мен сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттау" құрамдауышы

242. "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнiм мен сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттау" құрамдауышы.

Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнiмдi сертификаттау және сапа менеджментi жүйелерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу тәртiбi индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Iшкi нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi iлгерiлету жөнiндегi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларында белгiленедi.

"Iскерлiк байланыстарды кеңейту: шетелдiк әрiптестермен iскерлiк байланыс орнату" функционалдық бағыты

243. "Iскерлiк байланыстар" құралы Бағдарлама шеңберiнде өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне ХШҰ-ның қолдауымен шетелдiк әрiптестермен iскерлiк байланыстар орнату есебiнен қолдау көрсетуге бағытталған.

"Iскерлiк байланыстар" құралы

244. "Iскерлiк байланыстар" құралы Бағдарлама шеңберiнде қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жоғары және орта буын басшыларына ұсынылады.

245. "Iскерлiк байланыстар" құралы екi кезеңнен тұрады.

246. Бiрiншi кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады. Бұл кезеңде кәсiпкерлiктi жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн, маркетингтi, бизнес-әрiптестермен iскерлiк байланыс орнатуды және басқаларды оқытуға бағытталған бизнес-тренингтер ұйымдастыру жолымен Бағдарлама шеңберiнде өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жоғары және орта буын басшыларының бiлiктiлiгiн арттыру жүргiзiледi. Оқыту процесiнде құралға қатысушылар шетелдiк және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшiлiгiмен өз кәсiпорнының бизнес-жоспарларын әзiрлейдi.

247. Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейiн берiлген консультацияларға сәйкес құралға қатысушылар бизнес-жоспарларды өз бетiнше пысықтайды және кейiннен "Шетелдiк әрiптестермен iскерлiк байланыстар орнату" құралының екiншi кезеңiне конкурстық iрiктеуге қатыса алады.

248. Екiншi кезең құралға қатысушылар үшiн шет елдерде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы көздейдi, ұқсас бейiндегi шетелдiк кәсiпорындарда тағылымдамадан өту және шетелдiк әрiптестерiмен мынадай мәселелер бойынша iскерлiк қатынастар орнатуды қамтиды:

1) технологиялар трансфертi және жабдықтар сатып алу;

2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi өзара жеткiзу;

3) франшизаларды сатып алу;

4) халықаралық және шетелдiк ұйымдардың гранттарын алу;

5) бiрлескен кәсiпорындар құру.

249. Шетелде өткен бизнес-тағылымдаманың нәтижелерi бойынша қатысушы Қазақстанға келген кезден бастап 2 айдың iшiнде кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға бизнес-тағылымдаманың нәтижелерi мен жеке бизнесiн дамыту жөнiндегi алдағы жоспарлары туралы есептiк ақпарат ұсынады.

250. Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн шетелдiк тағылымдамаларды ұйымдастыруға жәрдемдесудi ХШҰ құрал қатысушыларының қажеттiлiктерiн және қабылдаушы елдер салаларының даму деңгейiн ескере отырып көрсетедi.

251. ХШҰ-мен өзара iс-қимыл Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ХШҰ арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы халықаралық келiсiмдер шеңберiнде жүзеге асырылады.

252. Құралдың iс-шараларын қаржыландыру уәкiлеттi орган мен қаржы агенттiгi, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы арасында тиiстi шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ ХШҰ байланысты және байланысты емес гранттары қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Құралдың қатысушылары көлiктiк шығыстарды және Қазақстан Республикасының аумағында тұруды өзi төлейдi.

253. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 айы iшiнде халықаралық және шетелдiк ұйымдардың қолдауымен шетелдiк әрiптестермен iскерлiк байланыстар орнату есебiнен шағын және орта бизнес субъектiлерiне үздiксiз қолдау көрсетедi.

254. Уәкiлеттi орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалған қызметтердi өтеулi көрсету туралы шарт күшiне енгенге дейiн қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен "Iскерлiк байланыстар" құралының қызметтерiн ағымдағы қаржы жылына өтеулi қызмет көрсету туралы жасалған шарттың шеңберiнде уәкiлеттi орган өтейдi.

255. "Iскерлiк байланыстар" құралының бiрiншi кезеңiн iске асыру тетiгi:

1) қаржылай емес қолдау операторы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бiлiм беру мекемесiн анықтайды және онымен бизнес-тренингтер өткiзуге және шет елдерде тағылымдама ұйымдастыруға жәрдемдесуге шарт жасасады;

2) қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiмен бiрлесiп тiкелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаға әлеуеттi қатысушыларды құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабардар етедi;

3) өтiнiм берушi жобаға қатысуға өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторына бередi және құралды iске асыруға байланысты мониторинг немесе өзге де iс-қимыл жүргiзуге қажеттi, коммерциялық құпия болып табылмайтын барлық мәлiметтер мен деректердi беретiнi туралы жазбаша мiндеттемеге қол қояды;

4) қаржылай емес қолдау операторы күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде өтiнiмдердi қарап, өтiнiмдерге iрiктеу жасайды және құрал шарттарына сәйкес келетiн өтiнiм берушiлерге оқуға жолдама бередi (iрiктеп алынған өтiнiмдердiң iшiнен қаржы агенттiгi, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторы жиынтық өтiнiм қалыптастырады, оны салалар бойынша топтастырып, бизнес-тренингтер және кейiннен тақырыптық бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныспен бiрге уәкiлеттi органға келiсуге жолдайды);

5) уәкiлеттi орган күнтiзбелiк 5 (күн) iшiнде құралға қатысушылардың мақұлданған тiзiмдерiн бизнес-тренингтердi дайындау бойынша тиiстi жұмыстар жүргiзу үшiн қаржы агенттiгiне, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторына жолдайды;

6) бiлiм беру мекемесi оқу бағдарламасын әзiрлеп, оны қаржы агенттiгiмен, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторымен келiседi;

7) қаржылай емес қолдау операторы оқу бағдарламасын уәкiлеттi органға келiсу үшiн жолдайды;

8) уәкiлеттi орган оқу бағдарламасын бекiткеннен кейiн бiлiм беру мекемесi құралға қатысушылар үшiн бизнес-тренингтер ұйымдастырады;

9) бiлiм беру мекемесi бизнес-тренингтер өткiзуге осы салаларда тиiстi бiлiктiлiгi бар шетелдiк және отандық оқыту орталықтарын, консалтингтiк компанияларды, бизнес-жаттықтырушылар мен сарапшыларды тартады;

10) бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейiн құралдың екiншi кезеңiне қатысуға ниет бiлдiрген құралға қатысушылар өз бизнес-жоспарларын тiкелей кәсiпорында пысықтайды және пысықталған бизнес-жоспарларын бiлiм беру мекемесiне ұсынады;

11) бiлiм беру мекемесi қаржы агенттiгiмен, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторымен бiрлесiп, құралға қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауды ұйымдастырады;

12) құралдың екiншi кезеңiне қатысу үшiн "Шағын және орта кәсiпкерлiктiң топ-менеджментiн оқыту" құрамдауышы шеңберiнде оқытудан өткен шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi де өтiнiм бере алады.

256. "Iскерлiк байланыстар" құралының екiншi кезеңiн iске асыру тетiгi:

1) ХШҰ қаржылай емес қолдау операторымен және бiлiм беру мекемесiмен бiрлесiп, құралдың бiрiншi кезеңi шеңберiнде әзiрленген, ұсынылған үздiк бизнес-жоспарларға iрiктеу жүргiзедi және құралдың екiншi кезеңiне қатысу үшiн қатысушылар тiзбесiн уәкiлеттi органға енгiзедi;

2) ХШҰ топтық бағдарламалар күнтiзбесiн жасайды және тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткiзу үшiн әрiптес-кәсiпорындар iздеудi жүзеге асырады және құралға қатысушыларды шетелдiк тағылымдамаға жiбередi;

3) тағылымдама қорытындылары бойынша қатысушылар өздерi алған бiлiмдi, тәжiрибе мен технологияларды есепке ала отырып, Кәсiпорынды дамытудың егжей-тегжейлi жоспарын дайындайды;

4) қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бiрлесiп Бағдарламаға қатысушы-кәсiпорындардың даму жоспарларының iске асырылуына мониторинг жүргiзедi.

Макроөңiрлер аумағында инвестициялық жобаларды iске асыратын iрi бизнес айналасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту

Мемлекеттiң қала түзушi кәсiпорындармен әрiптестiк бағдарламаларын iске асыруы iрi компаниялардың, мемлекеттiң және қаржы институттарының күш-жiгерiн бiрiктiру арқылы өңiрлерде шағын және орта бизнестi (ШОБ) дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.

257. Бағдарлама шеңберiнде республикалық бюджеттен мыналарды:

1) кредиттер бойынша субсидиялау мен кепiлдiк берудi;

2) инфрақұрылым жеткiзудi;

3) "Бизнес-Кеңесшi" жобасын;

4) "Бизнес-Өсу" жобасын;

5) "ШОБ топ-менеджментiн оқыту" құрамдауышын;

6) бизнестi жүргiзудi сервистiк қолдауды;

7) "Iскерлiк байланыс" жобасы шеңберiнде квоталар берудi қамтитын құралдар топтамасы ұсынылатын болады.

258. Әрiптестiк бағдарламаларды iске асырудағы iрi компаниялардың рөлi:

1) жергiлiктi өндiрушiлердi ұзақ мерзiмдi тапсырыстармен қамтамасыз етуден, кәсiпорындар шығаратын өнiмдердi iрi кәсiпорындарда сұранысқа ие өнiмдер тiзбесiне қосудан;

2) "келесi өңдеудi" дамыту үшiн шикiзатқа арналған квоталарды ұсынудан;

3) қызметтiң баламалы түрлерiн дамыту жөнiндегi жобаларды қолдаудан тұрады.

Халықаралық ұйымдар мыналарға:

1) технологияларды тартуға және жабдықтарды сатып алуға;

2) оқыту бағдарламалары мен мамандандырылған тренингтердi ұйымдастыруға;

3) консультациялар үшiн тiкелей кәсiпорындарға шетелдiк бiлiктiлiгi жоғары мамандарды тартуға жәрдем көрсететiн болады.

259. Әрiптестiк бағдарламаларын iске асыру тетiгi:

1) iрi компаниялармен әрiптестiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi бiрлескен iс-қимыл жоспарын әзiрлеу;

2) әрiптестiк бағдарламаларды iске асыру бойынша iрi компания, жергiлiктi атқарушы органдар, "Даму" КДҚ" АҚ арасындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою;

3) кәсiпкерлердi қоғамдық ұйымдарға бiрiктiру;

4) iрi компаниямен бiрге жергiлiктi ШОБ субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер тiзбесi негiзiнде сатып алу үшiн пилоттық бағыттарды, жауапты адамдарды және өзара iс-қимыл форматын айқындау;

5) жергiлiктi ШОБ субъектiлерiнiң өзектi тiзiлiмiн жасау және жүргiзу және оларды өнiмдердiң түрлерi бойынша бөлу;

6) жүйе құраушы компаниялардың, әкiмдiктiң, "Даму" КДҚ" АҚ-ның қатысуымен ШОБ субъектiлерiмен мерзiмдi кеңестерiн өткiзу;

7) ШОБ мүдделi компанияларының қатарынан әлеуеттi қатысушыларды iрiктеу және олар үшiн таңдап алынған пилоттық бағыттар бойынша мамандандырылған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру; кәсiпкерлерге қызметтiң жаңа түрiн дұрыс жолға қою, бизнес-жоспар әзiрлеу, технологиялар мен жабдықтар сатып алу, маркетингтi ұйымдастыру мен өткiзу мәселелерi және басқа да мәселелер бойынша жеке консультациялық көмек ұсыну;

8) жергiлiктi ШОБ субъектiлерiмен ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар жасасу;

9) қаржыландыруды ұсыну, жетiспейтiн инженерлiк инфрақұрылымды жеткiзуге жәрдемдесу мәселелерiн шешу.

260. "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация" (бұдан әрi — ӘКК) әрiптестiк бағдарламаларды iске асыру операторы болып табылады.

Оператордың функцияларына:

1) әрiптестiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi бiрлескен iс-қимыл жоспарын әзiрлеу;

2) әрiптестiк бағдарламаларды iске асыру бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн жұмыс топтарының қызметiн ұйымдастыру;

3) жергiлiктi ШОБ субъектiлерiнен сатып алу үшiн iрi компаниялармен бiрге тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн айқындау;

4) жергiлiктi ШОБ субъектiлерiнiң — бағдарламаға әлеуеттi қатысушылардың тiзiлiмiн жасау және оны жүргiзу;

5) ШОБ мүдделi компанияларының қатарынан әлеуеттi қатысушыларды iрiктеу;

6) кәсiпкерлерге мамандандырылған семинарлар мен тренингтер, басқа да мәселелер бойынша консультациялық көмектi ұйымдастыру;

7) бағдарламаға қатысушыларға жергiлiктi ШОБ субъектiлерiмен ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар жасасуға жәрдемдесу жатады.

261. Әрiптестiк бағдарламаларды iске асыру бойынша ӘКК операторлық көрсетiлетiн қызметтердiң ақысы жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен төленетiн болады.

Онлайн режимде қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну

262. Шағын және орта бизнес субъектiлерi және кәсiпкерлiк бастамасы бар халық қаржылай емес қолдау шараларын — моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында КҚО-да, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы ала алады.

263. Қаржылай емес қолдау шараларын онлайн режимде ұсыну мақсатында қаржылай емес қолдау операторының орталық аппаратының жанында өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтарын басқару орталықтары құрылады.

Өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтарын басқару орталығы (ӨҚКАБО) — бұл онлайн режимде оқытуды жүзеге асыруға, ақпараттық қамтамасыз етуге, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа консультациялық қызмет көрсетуге арналған техникалық жүйеге бiрiктiрiлген техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнiммен жарақталған мамандардың жеке жұмысына арналған арнайы ұйымдастырылған жұмыс орындарының кешенi. ӨҚКАБО қаржылай емес қолдау операторының орталық аппараты жанында құрылады.

Өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтары — бұл онлайн режимде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықтың консультациялық қызмет алуына, оқуына, ақпараттық қамтамасыз етiлуiне, салықтық және статистикалық есептi тапсыруына арналған техникалық жүйе бiрiктiрiлген, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнiмдермен жарақталған арнайы жабдықталған орын. Өзiне-өзi қызмет көрсету орталықтары кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтары/кәсiпкерлердi қолдау орталықтары базасында құрылады.

"Бизнес-Кеңесшi"

264. "Бизнес-мектеп" құрамдауышы моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында КҚО-да, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы ұсынылады.

265. Шағын және орта бизнес субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халық "Бизнес-Кеңесшi" жобасы бойынша оқу үшiн өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы Бағдарламаға 3-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiм толтырады.

266. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санаты жөнiнде мәлiмет қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң көмегiмен автоматты түрде анықталады.

267. Құрамдауышқа қатысушының электрондық өтiнiмi тiркелгеннен кейiн ақпараттық жүйенiң көмегiмен мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:

1) жеке оқу тәсiлiн таңдаған кезде, өтiнiм берушi қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында орналастырылған оқу материалдарына қол жеткiзе алады;

2) онлайн режимде оқуды таңдаған кезде өтiнiм берушi қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында онлайн режимде оқудың өзiне қолайлы уақытын таңдай алады.

268. Оқудан өткеннен кейiн қаржылай емес қолдау операторы тестiлеудiң күнiн, уақытын және өткiзiлетiн орнын көрсете отырып хабарлама жiбередi. Оқуды онлайн режимде тыңдаушылар және жеке оқығандар үшiн тестiлеу КҚКО/КҚО-да өзiн-өзi басқару аймағында өтедi. Тестiлеуден сәттi өту үшiн төменгi шектiк мәнi дұрыс жауаптар сұрақтардың жалпы санынан 70 %-ды және одан да көп бөлiгiн құрайды.

269. Тестiлеуден сәттi өткеннен кейiн өтiнiм берушiге "Бизнес-Кеңесшi" жобасы бойынша оқуды өткендiгi туралы сертификат электрондық форматта берiледi, қажет болған жағдайда оны қаржылай емес қолдау операторы куәландырады.

270. "Бизнес-Кеңесшi" жобасы бойынша жеке оқу жолымен сертификат алу үшiн шағын және орта бизнес субъектiсi және кәсiпкерлiк бастамасы бар халық Бағдарламаға 4-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiм толтырады.

271. Электрондық өтiнiмдi тiркегеннен кейiн, қаржылай емес қолдау операторы 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ақпараттық жүйе арқылы өтiнiм берушiге тестiлеудiң өткiзiлетiн күнiн, уақытын және өткiзiлетiн орнын көрсете отырып хабарлама жiбередi.

"Бизнес-Өсу"

272. Шағын және орта бизнес субъектiлерi "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша оқу үшiн өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы Бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiм толтырады.

273. Кәсiпкерлiк субъектiсi бойынша, оның iшiнде заңды тұлғаның/жеке кәсiпкердiң санаты бойынша және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi бойынша мәлiметтер қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң көмегiмен автоматты түрде анықталады.

274. Құралға қатысушының электрондық өтiнiмiн ақпараттық жүйе арқылы тiркелгеннен кейiн мынадай iс-әрекеттер орындалады:

1) жеке оқу тәсiлiн таңдаған кезде өтiнiм берушi қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында орналастырылған оқу материалдарына қол жеткiзе алады;

2) онлайн режимде оқуды таңдаған кезде өтiнiм берушi қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында онлайн режимде оқудың өзiне қолайлы уақытын таңдай алады.

275. Оқудан өткеннен кейiн қаржылай емес қолдау операторы тестiлеудiң күнiн, уақытын және өткiзiлетiн орнын көрсете отырып хабарлама жiбередi. Оқуды онлайн режимде тыңдаушылар және жеке оқығандар үшiн тестiлеу КҚКО/КҚО-да өзiн-өзi басқару аймағында өтедi. Тестiлеуден сәттi өту үшiн төменгi шектiк мәнi дұрыс жауаптар сұрақтардың жалпы санынан 70 %-ды және одан да көп бөлiгiн құрайды.

276. Тестiлеуден сәттi өткеннен кейiн өтiнiм берушiге "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша оқуды өткендiгi туралы сертификат электрондық форматта берiледi, қажет болған жағдайда оны қаржылай емес қолдау операторы куәландырады.

277. "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша жеке оқу жолымен сертификат алу үшiн шағын және орта бизнес субъектiсi Бағдарламаға 4-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiм толтырады.

278. Электрондық өтiнiмдi тiркегеннен кейiн, қаржылай емес қолдау операторы 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ақпараттық жүйе арқылы өтiнiм берушiге тестiлеудiң өткiзiлетiн күнi, уақыты және өткiзiлетiн орны көрсетiлген хабарлама жiбередi.

"Жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметке сервистiк қолдау көрсету"

279. Бағдарламаның 196-тармағында көзделген "Жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлiк қызметке сервистiк қолдау көрсету" құралының қызметтерi КҚКО, КҚО-ның өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде ұсынылады.

280. Шағын және орта бизнес субъектiлерi сервистiк қолдау алу үшiн қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жүгiнген кезде Бағдарламаға 6-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiм толтырады. Бұл өтiнiмге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады немесе тұлғаны сәйкестендiру екi-(үш-) факторлық аутентификациялау әдiсi арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының ақпараттық жүйесiнде аудиторлық iзбен растау арқылы жүргiзiледi.

281. Шағын және орта бизнес субъектiсiнiң электрондық өтiнiмi тiркелген кезден бастап ақпараттық жүйе арқылы жүктелуi бойынша түскен өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторының консультант-менеджерiне бөлу жүзеге асырылады.

282. Өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторының ақпараттық жүйесi бөлгеннен кейiн шағын және орта бизнес субъектiсiне оның жұмысқа алынғандығы туралы электрондық поштаға немесе ұялы телефонға хабарлама жiберiледi.

283. Қаржылай емес қолдау операторының консультант-менеджерi алынған өтiнiммен ақпараттық жүйе арқылы 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде танысуды жүзеге асырады және берiлген деректердiң анықтығын және дұрыстығын тексередi. Егер өтiнiм анық, дұрыс емес немесе толық толтырылмаған болса, менеджер-консультант осы өтiнiмдi пысықтауға (қосымша деректердi сипаттап нақтылау сипатындағы деректердi алдын ала сұрата отырып ) қайтаруға құқылы.

284. Қаржылай емес қолдау операторының консультант-менеджер қызметтi орындайды және қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында өтiнiм берушiнiң жеке кабинетiне немесе шағын және орта бизнес субъектiсi өтiнiмiнiң өңдеу мәртебесiн көрсете отырып, смс-хабарлама жолдайды.

285. Өтiнiм берушi қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетiнде ұсынылған ақпаратпен танысады, орындалған жұмыстардың электрондық актiсiне электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып немесе екi-(үш-) факторлық аутентификациялау әдiсi арқылы тұлғаны сәйкестендiру арқылы жұмыстың орындалғандығын растайды, осыдан кейiн ақпараттық жүйе Бағдарламаға 7-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қызметтi бағалау анкетасын қалыптастырады, онда қаржылай емес қолдау операторы консультант-менеджердiң көрсеткен қызметiнiң сапасын бағалайды.

"КҚО-да кәсiпкерлер мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықты ақпараттық қамтамасыз ету"

286. Бағдарламаның 140-тармағында көзделген "Кәсiпкерлер мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа ақпараттық қолдау көрсету" құрамдауышының қызметтерi КҚКО, КҚО-ның өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде көрсетiледi.

"Басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын, жабдықтарды енгiзу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелерi бойынша бiлiктiлiгi жоғары шетелдiк мамандарды тарту"

287. "Басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын, жабдықтарды енгiзу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелерi бойынша бiлiктiлiгi жоғары шетелдiк мамандарды тарту" құрамдауышының қызметтерi КҚКО, КҚО-ның өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимiнде көрсетiледi.

288. "Аға сеньорлар" құралын таңдаған кезде құралдың қатысушысы Бағдарламаға 8-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiмдi толтырады және күнтiзбелiк 10 (он) күннен аспайтын мерзiммен жұмыс орнынан берiлетiн анықтаманың көшiрмесiн қоса тiркейдi.

289. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санаты және ЭҚЖК түрi бойынша мәлiметтер автоматты түрде қаржылай емес қолдау операторы веб-порталының шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң көмегiмен анықталады.

290. Құрал қатысушысының электрондық өтiнiмiн ақпараттық жүйе арқылы тiркегеннен кейiн мынадай iс-әрекеттер жүзеге асырылады:

1) құжаттардың толықтығын тексеру;

2) тiркелген өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторының қарауына жолдау;

3) алынған өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторының 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қарауы.

Егер шағын және орта бизнес субъектiсiнiң және кәсiпкерлiк бастамасы бар халықтың өтiнiмi мақұлданса, мақұлданған өтiнiмдердiң, қалыптастырылған тiзбесiн қаржылай емес қолдау операторы өтiнiм берушiнiң жеке кабинетiне жiбередi;

4) қаржылай емес қолдау үшiн ұсынылған материалдар, объектiлер, деректер және мәлiметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, өтiнiм тiркелген күннен бастап 2 (екi) жұмыс күнi үшiнде қаржылай емес қолдау операторы дәлелдi бас тартуды жiбередi.

291. Бағдарлама қатысушыларының "Аға сеньорлар" құралы бойынша одан әрi өзара iс-қимылы қаржылай емес қолдау операторының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

292. Қаржылай емес қолдау операторы қатысушының өтiнiмiн қарау туралы хабарламаны өтiнiм берушiнiң "жеке кабинетiне" жолдайды.

"Iскерлiк байланыстар"

293. "Iскерлiк байланыстар" құралының қызметтерi КҚКО, КҚО жанындағы өзiне-өзiне қызмет көрсету аймақтары арқылы және/немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде ұсынылады.

294. "Iскерлiк байланыстар" құралын таңдаған кезде құралдың қатысушысы Бағдарламаға 9-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiмдi толтырады және қолданылуы күнтiзбелiк 10 (он) күннен аспайтын мерзiммен жұмыс орнынан берiлетiн анықтаманың көшiрмесiн қоса тiркейдi.

295. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санаты және ЭҚЖК түрi бойынша мәлiметтер автоматты түрде қаржылай емес қолдау операторы веб-порталының тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнiң көмегiмен анықталады.

296. Ақпараттық жүйе арқылы құралға қатысушының электрондық өтiнiмi тiркелгеннен кейiн мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:

1) құжаттардың толықтығын тексеру;

2) тiркелген өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторының қарауына жолдау;

3) алынған өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторының 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қарауы.

Егер құралға қатысушының өтiнiмi қаржылай емес қолдау көрсетуге оқудан өту кестесi келiсiлгенге дейiн мақұлданса, қаржылай емес қолдау операторы күту парағына өтiнiмдi орналастырады;

4) қаржылай емес қолдау үшiн ұсынылған материалдар, объектiлер, деректер және мәлiметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, өтiнiм тiркелген күннен бастап 2 (екi) жұмыс күн үшiнде қаржылай емес қолдау операторы, дәлелдi бас тартуды жiбередi.

297. Қаржылай емес қолдау операторының құралға қатысушылардың қаржылай емес қолдау алуға өтiнiмдерiн қарағаннан кейiн ақпараттық жүйенiң көмегiмен, оқу бағдарламасын көрсетумен қаржылай емес қолдау операторы веб-порталында тiркелу ретi бойынша кәсiпкерлердiң мақұлданған өтiнiмдерiнiң тiзбесi қалыптастырылады.

298. Қаржылай емес қолдау операторы мақұлданған өтiнiмдер үшiн оқытудан өту кестесiн қалыптастырады.

299. Оқытудан өту кестесiн келiсу бойынша бұдан арғы тәртiп қаржылай емес қолдау операторының iшкi құжаттарында регламенттеледi.

300. Оқыту кестесi келiсiлгеннен кейiн қаржылай емес қолдау операторы оқыту кестесiнiң көшiрмесiн 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде жеке кабинетке жолдайды.

301. Оқытудан өткеннен кейiн құралға қатысушыға қатысу құралының бiрiншi кезеңi аясында оқытудан өткенiн растайтын сертификат берiледi.

302. Ақпараттық жүйе арқылы қаржылай емес қолдау операторы бiлiм беру мекемесiмен бiрлесiп, "Iскерлiк байланыстар" құралының екiншi кезеңi шеңберiнде одан әрi тағылымдамадан өту мүмкiндiгi бар қатысушылардың тiзбесiн қалыптастырады. Тиiстi хабарлама ақпараттық жүйе арқылы қатысушылардың жеке кабинетiне жолданады.

303. Оқытудан өткенi туралы сертификат алған қатысушылар қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы Бағдарламаға 10-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiмдi толтырып, конкурстық iрiктеуден өту үшiн қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн қоса тiркейдi.

304. Құрал қатысушысының электрондық өтiнiмiн ақпараттық жүйе арқылы тiркегеннен кейiн мынадай iс-әрекеттер жүзеге асырылады:

1) құжаттардың толықтығын тексеру;

2) тiркелген өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторының қарауына жолдау;

3) қоса тiркелген құжаттарымен келiп түскен өтiнiмдi қаржылай емес қолдау операторы 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде бiлiм беру мекемесiне жолдайды.

305. Бiлiм беру мекемесi қаржылай емес қолдау операторынан өтiнiм келiп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қатысушылардың өтiнiмдерiн ұсынылған құжаттардың деректерi мен мәлiметтерiне сәйкестiгi тұрғысынан қарап, қорытындыны қаржылай емес қолдау операторына жiбередi.

306. Келiп түскен өтiнiмдердi қарау барысында бiлiм беру мекемесi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен жеке байланыс арқылы жоба бойынша қажеттi ақпаратты және/немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

307. Бiлiм беру мекемесiнiң терiс қорытындысы болған жағдайда қаржылай емес қолдау операторы құралға қатысушыға бiлiм беру мекемесiнен қорытынды келiп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде дәлелдi бас тартуды жолдайды.

308. Бiлiм беру мекемесiнiң оң қорытындысын алған қатысушыларға қаржылай емес қолдау операторы әңгiмелесуден өту кестесiнiң қалыптастырылғаны туралы хабарлама жiбередi.

309. Екiншi кезеңге арналған әңгiмелесуден өту кестесiн қалыптастыру және бекiту қаржылай емес қолдау операторының iшкi құжаттарында регламенттеледi.

310. Құралдың екiншi кезеңiне арналған әңгiмелесуден өту кестесi бекiтiлгеннен кейiн қаржылай емес қолдау операторы 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде құрал қатысушысының жеке кабинетiне ақпараттық жүйе арқылы әңгiмелесуден өту кестесiнiң көшiрмесiн жолдайды.

Бағдарламаны iске асыру мониторингi

311. Бағдарламаны iске асыру мониторингi оның нысаналы индикаторларына, мiндеттерi мен нәтижелер көрсеткiштерiне толық және уақтылы қол жеткiзудi, Бағдарламаны iске асырудың ағымдағы жай-күйi туралы ақпаратты тұрақты алуды, сондай-ақ Бағдарламаны, оның iшiнде Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi дамытудың сыртқы және iшкi құбылмалы факторларын ескере отырып, оның құралдары мен тетiктерiн уақтылы өзектiлендiрудi қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

312. Бағдарлама мониторингi үш деңгейде жүргiзiледi:

1) статистикалық көрсеткiштердi талдау кәсiпкерлiк санаттары, мемлекеттiк қолдау түрлерi, салалық және өңiрлiк тиесiлiлiк бөлiнiсiнде ұсынылатын қызметтер саны мен қолдау құралдарының тiзбесi бойынша көрсеткiштердi жинау мен өңдеуге бағытталған;

2) Бағдарлама құралдарын iске асыру сапасының аудитi Бағдарлама құралдарын алушылардың қанағаттануын, ұсынылатын мемлекеттiк қолдау құралдарының жеткiлiктiлiгi мен толықтығын бағалауды көздейтiн Бағдарлама құралдарын iске асыру сапасын бағалауға бағытталған;

3) Бағдарлама нәтижелiлiгiнiң аудитi мемлекеттiк қолдау құралдарының кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң түпкiлiктi сапасы мен нәтижелiлiгiне ықпалын субъективтi бағалауға, сондай-ақ Бағдарлама құралдарының әлеуметтiк, бюджеттiк және экономикалық тиiмдiлiгiн объективтi бағалауға бағытталған.

313. Бағдарламаны пайдаланушының портретiн сипаттауға, кәсiпкерлiк қызметi нәтижелiлiгiнiң жақсаруын/нашарлауын экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ қолдау құралдарын алу жылдамдығы мен сапасын анықтайтын Бағдарламаның iшкi факторларына баға беруге қабiлеттi кешендi талдамалық есеп мониторинг қорытындысы болып табылады.

314. Мониторинг жүргiзу үшiн ақпарат көздерi:

1) ұлттық және ведомстволық статистика;

2) Бағдарлама құралдарын алу кезiнде толтырылатын бастапқы нысандар;

3) кәсiпкерлердiң көрсетiлген қызметтер сапасына қанағаттануын бағалауға арналған нысандар;

4) мемлекеттiк қолдау алған кәсiпкерлерге телефон арқылы және тiкелей сауалнама жүргiзу;

5) кәсiпкерлермен өткiзiлген семинарлар, кеңестер, кездесулер ақпарат көзi болып табылады.

315. Бағдарламаның бiрiншi, екiншi және үшiншi бағыттары шеңберiнде статистикалық көрсеткiштердi талдауды, сапа мен нәтижелiлiк аудитiн қаржы агенттiгi жүргiзедi.

316. Бағдарламаның төртiншi бағыты шеңберiнде статистикалық көрсеткiштердi талдауды, сапа мен нәтижелiлiк аудитiн қаржылай емес қолдау операторы жүргiзедi.

317. Бағдарлама құралдарын iске асыру сапасының аудитiн қаржы агенттiгi мен қаржылай емес қолдау операторы телефонмен және тiкелей сауалнама өткiзу арқылы жүргiзедi. Сауалнама жүргiзу үшiн қаржы агенттiгi мен қаржылай емес қолдау операторы бiлiктi мамандарды бөледi, олар қызметтердi ұсыну сапасының тiкелей мониторингiн жүзеге асырады. Тiкелей сауалнама кәсiпкер толтыратын сауалнама парағының негiзiнде жүргiзiледi.

318. Бағдарлама нәтижелiлiгiнiң аудитi статистикалық көрсеткiштердi талдау, Бағдарлама құралдарының iске асырылу сапасы аудитiнiң нәтижелерi, оның iшiнде Бағдарлама құралдарын пайдаланғаннан кейiн өздерi алған әлеуметтiк, бюджеттiк және экономикалық нәтижелердi көрсетiп, кәсiпкерлер есеп беретiн семинарлар мен кездесулердiң қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

319. Бiр жылдық статистикалық көрсеткiштердi, сапа және нәтижелiлiк аудитiн талдау нәтижелерiн қолдана отырып, Бағдарламаның тиiмдiлiгi туралы кешендi талдамалық есеп дайындауды қаржылай емес қолдау операторы жүзеге асырады.

320. Бағдарлама мониторингiн жүргiзудiң тұрақтылығы:

1) статистикалық көрсеткiштердi талдау — уәкiлеттi органға мемлекеттiк қолдау құралдарының iске асырылуы бойынша ақпарат беру жолымен ай сайын;

2) Бағдарлама құралдарының iске асырылу сапасының аудитi — кейiннен уәкiлеттi органға жиынтық есеп жiбере отырып, Бағдарлама жұмысының сапасын бағалау сауалнамасының деректерiн өңдеу жолымен және қолдау шараларын алу үшiн жыл бойы өтiнiш бергендерiнiң жалпы санының кемiнде 5 %-ы мөлшерiнде көрсетiлетiн қызметтердi алған кәсiпкерлерге телефонмен немесе тiкелей сауалнама жүргiзу жолымен — жыл сайын;

3) Бағдарлама нәтижелiлiгiнiң аудитi — КҚКО базасындағы форматқа сәйкес семинар өткiзу жолымен жыл сайын.

Бағдарлама нәтижелiлiгi аудитiнiң нәтижелерi есептi жылдан кейiнгi қаржы жылының шiлдесiнен кешiктiрмей қаржылай емес қолдау операторы уәкiлеттi органға беретiн Бағдарлама тиiмдiлiгiнiң кешендi талдамалық есебiне қосылады.

321. Мониторингтi қаржыландыру мынадай түрде:

1) Бағдарламаның бiрiншi, екiншi және үшiншi бағыттарының шеңберiнде статистикалық көрсеткiштердiң аудитi қаржы агенттiгiнiң меншiктi қаражатының есебiнен; Бағдарламаның төртiншi бағытының шеңберiнде қаржылай емес қолдау операторының меншiктi қаражатының есебiнен жүзеге асырылады;

2) Бағдарлама құралдарының iске асырылу сапасының аудитi — қаржы агенттiгiнiң меншiк қаражаты есебiнен; Бағдарламаның төртiншi бағыты шеңберiнде — қаржылай емес қолдау операторының меншiк қаражаты есебiнен;

3) Бағдарлама нәтижелiлiгiнiң аудитi — қаржылай емес қолдау операторы қаражатының есебiнен;

4) "Бағдарламаны iске асыру мониторингi" тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес өткiзу — қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

Бағдарламаға қатысушылардың өзара iс-қимылы

322. "Бизнестiң жол картасы-2020" бағдарламасын iске асыру шеңберiнде жасалған банктердiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау және банктердiң/лизингтiк компаниялардың кредиттерi/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепiлдiк беру жөнiндегi келiсiмдер Бағдарламаны iске асыру кезiнде қолданылады және қайтадан жасалмайды.

323. Қаржы агенттiгi кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау, кредиттер бойынша кепiлдiк беру және мемлекеттiк гранттар беру бөлiгiнде Бағдарламаның iске асырылу мониторингiн жүзеге асырады.

324. Бағдарлама тиiмдiлiгiнiң жылдық кешендi талдамалық жалпы есебiн қалыптастыру мақсатында қаржы агенттiгi есептi жылдан кейiнгi жылдың сәуiрiнен кешiктiрмей Бағдарламаның бiрiншi, екiншi және үшiншi бағыттары мониторингiнiң нәтижелерiн қаржылай емес қолдау операторы мен уәкiлеттi органға жiбередi.

325. Жұмыскерлердiң кiрiсiнiң, орташа жылдық санының өсу, кәсiпкердiң салықтық төлемдерiнiң ұлғаю серпiнiн айқындау үшiн қаржы агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнен алынған ақпаратты пайдаланады. Жұмыскерлер кiрiсiнiң, орташа жылдық санының өсу, кәсiпкердiң салықтық төлемдерiнiң ұлғаю серпiнiн есептеу кезiндегi есептi күн қаржы агенттiгi шешiмi қабылданған күнге қарамастан, келесi қаржы жылының басы болып табылады.

326. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 30-бабының 2-тармағына сәйкес салық төлеушi туралы мәлiметтердi беру жөнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң келiсуi туралы берiлген өтiнiштердiң негiзiнде салықтар мен бюджетке төленген төлемдердiң көлемi және қаржы агенттiгi бағдарламасына қатысушылар жұмыскерлерiнiң саны туралы мәлiметтердi қаржы агенттiгiне жолдайды. Кiрiстер, салықтар мен бюджетке төленген төлемдердiң көлемi және Бағдарламаға қатысушылар жұмыскерлерiнiң саны туралы соңғы 5 жылдағы жылдық деректер кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң келiсуi туралы берiлген өтiнiштер негiзiнде қаржы агенттiгiнiң сұрауы бойынша ұсынылады.

327. Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсi өңiрлерде өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту бөлiгiнде Бағдарламаның iске асырылуына мониторингiлеудi жүзеге асырады.

Бағдарламаның өлшемшарттары

328. Мемлекеттiк қолдау алуға үмiткер кәсiпкерлердiң кредиттерi/лизингтiк мәмiлелерi/микрокредиттерi мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиiс:

1) Бағдарлама шарттарына сәйкес кәсiпкердiң кредитi/лизингтiк мәмiлесi/микрокредитi жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндiрiстердi жаңғыртуға және кеңейтуге, оның iшiнде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды iске асыруға бағытталуға тиiс;

2) банктердiң/лизингтiк компаниялардың/микроқаржы ұйымдарының кредиттерi/ лизингтiк мәмiлелерi/ микрокредиттерi бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау және оларға iшiнара кепiлдiк беру:

ұйымдардың үлестерiн, акцияларын, сондай-ақ мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорындарды сатып алуға бағытталған;

даму банкiн қоспағанда, мемлекеттiк даму институттары берген;

банктердiң/даму банкiнiң/ лизингтiк компаниялардың сыйақы мөлшерлемесi Бағдарлама шеңберiнде арзандатылған кредиттердi/лизингтiк мәмiлелердi қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесi бюджет қаражаты есебiнен арзандатылған және арзандатылатын;

овердрафт түрiнде берiлген кредиттер/лизингтiк мәмiлелер/ микрокредиттер бойынша жүзеге асырылмайды;

3) ұлттық және шетелдiк валюталарда кредит беруге жол берiлетiн Бағдарламаның үшiншi бағытын қоспағанда, кәсiпкердiң кредитi/лизингтiк мәмiлесi/микрокредитi ұлттық валютамен берiлуге тиiс.

329. Мыналар:

1) кәсiпкерлер моторлы көлiк құралдарын және өзi өсiрген жүзiмнен шарап өндiрудi және дәрiлiк зат ретiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген медициналық (бальзамнан басқа) мақсаттағы құрамында спиртi бар өнiм шығаруды көздейтiн жобаларды қоспағанда, акцизделетiн тауарлар/өнiмдер шығаруды жүзеге асыратын;

2) iрi салық төлеушiлердiң тiзбесiне енгiзiлген металлургия өнеркәсiбiнiң жобаларын iске асыратын;

3) қиыршықтас және құм карьерлерiн өндiруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде және карьерлердi игеруде iске асыруды жоспарлайтын кәсiпкерлер;

4) кәсiпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi, құрылтайшылары (оның iшiнде қатысушылары, акционерлерi) мемлекеттiк кәсiпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы шарт шеңберiнде құрылған кәсiпкерлердi қоспағанда) тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi ұйымдар болып табылатын кәсiпкерлер, сондай-ақ меншiк нысаны жекеменшiк мекеме ретiнде ресiмделген кәсiпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды.

330. Субсидиялау қайтарымды лизинг, қайталама лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.

331. Уәкiлеттi орган Бағдарламаның бiрiншi, екiншi және үшiншi бағыттарын iске асыру мақсатында әрбiр облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшiн қаржыландырудың жалпы лимитiн айқындайды.

332. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң кәсiпкерлiк әлеуетiн тарту Қазақстан Республикасының ресурстық әлеуетi және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы резиденттерiнiң бiрлесiп қатысуымен кәсiпорындар құру қажеттiгi бар шекара маңындағы аумақтарында қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну жолымен жүзеге асырылады.

333. Қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары кәсiпкерлерге/Қазақстан Республикасының резиденттерi — Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер кәсiпкерлерiнiң қатысуымен жаңадан құрылған және Қазақстан Республикасының аумағындағы жобаларды iске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне де ұсынылады.

334. Бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жаңа нарықтарға шығуы Бағдарлама шарттарының бiрi болып табылады.

335. Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кредиттiк ресурстардың құнын төмендету және банктердiң/микроқаржы ұйымдарының/лизингтiк компаниялардың ұйымдық-техникалық мүмкiндiктерiн тарту арқылы олардың қаржыландыруға қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында даму банкi берген кредиттердi/қаржылық лизинг шарттарын қоспағанда, қаржы агенттiгi арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттiк ресурстарын тарту жөнiнде шаралар қабылданады.

336. Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiлерi аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде осы Бағдарламаның ережелерiн ескеретiн болады.

337. Кәсiпкерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсiне Бағдарламаның барлық құралдарының шеңберiнде кешендi қолдау көрсетiлуi мүмкiн.

338. Субсидиялау, кепiлдiк беру жөнiндегi, гранттар беруге және өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды салуға немесе реконструкциялауға арналған, 2015 жылғы 31 наурызға дейiн ӨҮК-те мақұлданған жобаларды қаржыландыру бұған дейiн ӨҮК-те мақұлдаған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 13.01.2017 10:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.10.2018 16:31
Қаралым саны: 5091

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14