A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Қазақстанның үздік тауары өңірлік көрме-конкурсын өткізу туралы Ақмола облысы әкімдігінің өкімі

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiн және "Қазақстанның үздiк тауары" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 шiлдедегi N 1167 қаулысына сәйкес:

«Қазақстанның үздiк тауары» аймақтық көрме-конкурсын жыл сайын өткiзу белгiленсiн.

Қосымшаға сәйкес құрамда аймақтық сараптамалық тобы құрылсын.

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы»

мемлекеттiк мекемесi «Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» мемлекеттiк мекемесiмен (келiсiм бойынша) бiрге республикалық конкурстың ұйымдастырушыларына «Қазақстанның үздiк тауары» аймақтық көрме-конкурсының жеңiмпаздары туралы материалдардың уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсiн.

Осы өкiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары

Қ. М. Отаровқа жүктелсiн.

Осы өкiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және қолданысқа

енгiзiледi.

С. Дьяченко

 

Қазақстан Республикасы индустрия
және жаңа технологиялар министрлiгi
техникалық реттеу және метрология
комитетiнiң Ақмола облысы бойынша
департаментiнiң директоры Ғ. Қасенов
2011 жылғы «__» _______

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетiнiң Ақмола облысы
бойынша департаментiнiң директоры Қ. Шайсұлтанов
2011 жылғы «__» _______

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 15:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.01.2017 15:03
Қаралым саны: 1944

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14