A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Екiншi бағыт: жаппай кәсiпкерлiктi дамыту

Бағдарламаның екiншi бағыты мынадай мiндеттердi iске асыруды көздейдi:

1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту;

2) кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау;

3) қалалар мен ауылдарда кредиттерге/микрокредиттерге кепiлдiк беру;

4) жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға мемлекеттiк гранттар беру.

"Бастау Бизнес" жобасын iске асыру және қалаларда микрокредит беру мәселелерi бойынша — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлiгi және ауылдар мен шағын қалаларда 2018 жылдан бастап "Бастау Бизнес" жобасын iске асыру және микрокредит беру мәселелерi бойынша — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға мемлекеттiк гранттар беру мәселесi бойынша — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бағдарламаның екiншi бағытының операторлары болып табылады.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту

"Бастау Бизнес" жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсiпкерлiк дағдыларына оқытуға, оның iшiнде ауыл шаруашылығы кооперативтерiн қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тiркелуiне қарамастан жұмыссыздар және кәсiпкерлiк әлеуетi бар және ауылдық елдi мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар, 2018 жылдан бастап қала, оның iшiнде кiшi және шағын қала тұрғындары "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытуға қатысушылар болып табылады.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқудан өтетiн Бағдарламаға қатысушылар техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттер үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде стипендиямен қамтамасыз етiледi.

Оқу процесiнде Бағдарламаға қатысушыларға кәсiпкерлiктi жүргiзу үшiн идеялар мен кәсiпкерлiк қызмет негiздерi бойынша құрылымдалған бiлiм ұсынылады.

Қатысушылар кәсiпкерлiктi қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етiледi.

Әлеуеттi қатысушыларды хабардар ету мақсатында қаржылай емес қолдау операторы базасында арнайы Call-орталық қызмет етедi.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:

1) тестiлеу;

2) бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес консультация беру;

3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;

4) 12 айға дейiнгi мерзiмде бизнес-жобаны iске асыруды сүйемелдеу.

Оқу процесiнiң жалпы ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк 25 күндi құрайды.

Оқу процесi мiндеттi түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшiлiк алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтердi қамтиды.

Оқу қорытындысы бойынша "Бастау Бизнес" жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат (сабақтарға жүйелi түрде бармаған кезде) және оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңiне жiберiлгендер үшiн) берiледi.

Қаржылай емес қолдау операторы микроқаржы ұйымына және/немесе кредиттiк серiктестiкке және/немесе "АШҚҚҚ" АҚ және/немесе екiншi деңгейдегi банкке "Бастау Бизнес" жобасына қатысушының кредит/микрокредит алуға арналған өтiнiмiн қарау туралы қолдаухат бередi.

Бизнес-жобаны iске асыруды сүйемелдеу бизнес-жобаны iске асыру кезеңiнде консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған.

Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-күнiне дейiнгi мерзiмде кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша оқу және тестiлеу өткiзiлетiн күнi мен орнын, оның кезеңi мен өтiнiмдер беру мерзiмдерiн көрсете отырып, тоқсан сайын түзету енгiзу мүмкiндiгiмен оқытуды өткiзу графигiн жасайды.

Оқуға қатысушыларды жинау туралы хабарландыру және оқыту кестесi бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурсына орналастырылуға тиiс.

Қаржылай емес қолдау операторы оқыту басталғанға дейiн тыңдаушылардың әрбiр тобы бойынша бизнес-тренерлердiң (тәлiмгерлердiң) болуын қамтамасыз етедi.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытуды iске асыру тетiгi:

1) оқуға үмiткерлер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту мәселелерi жөнiнде консультация алу үшiн өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық/қалалық филиалдарына/халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтiң немесе елдi мекеннiң әкiмiне жүгiнедi;

2) ӨКП-нiң аудандық/қалалық филиалы халықты жұмыспен қамту орталықтары (портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрiнде) ұсынған оқуға үмiткерлердiң тiзiмiнен жұмыссыздарды және өзiн-өзi жұмыспен қамтығандарды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқытуды ұйымдастырады (жұмыссыз және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтардың, оның iшiнде статусты өзектендiру кезiнде анықталғандарының тiзiмiн халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы қалыптастырады);

3) оқуға үмiткерлер өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық/қалалық филиалдарына қатысуға өтiнiшпен жүгiнедi және тiзбесi кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту қағидаларында көзделген құжаттарды тапсырады;

4) қаржылай емес қолдау операторы үмiткерлерге тестiлеу жүргiзiп, оқитын адамдардың топтарын қалыптастырады және нәтижелерi бойынша кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту қағидаларына сәйкес белгiленген нысан бойынша сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етедi;

5) тестiлеуден өткен және оқуға жiберiлген үмiткерлер "Бастау Бизнес" жобасына сәйкес оқуды жалғастырады. Тестiлеуден өтпеген үмiткерлерге Бағдарламаның бiрiншi бағыты немесе басқа бағдарламалар шеңберiнде кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту курстарынан не қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқудан өту ұсынылады.

"Бастау Бизнес" жобасын қаржыландыру Бағдарламаның екiншi бағытының операторы мен қаржылай емес қолдау операторының арасында тиiстi шарт жасасу жолымен республикалық бюджет және/немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

ӨКП ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 2-күнiне қарай кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдарға (2018 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдарға) кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту қағидаларына сәйкес белгiленген нысан бойынша мынадай:

1) оқуға жiберiлгендердiң;

2) оқуын аяқтағандардың;

3) жеке iсiн ашқандардың және/немесе кеңейткендердiң;

4) кредит/микрокредит алғандардың саны туралы және әрбiр қатысушы бойынша (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұрақты тұратын мекенжайы) ақпаратты (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту тәртiбi кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту қағидаларында айқындалады.

Кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау

Республикалық бюджет және/немесе жергiлiктi бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер ауылдық елдi мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды iске асыратын немесе iске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

"Кредиттер/микрокредиттер алуға "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңiне жiберiлгендер үшiн) Бағдарлама қатысушылары басым құқыққа ие.

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тiркелуiне қарамастан жұмыссыздар, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар, кәсiпкерлiк әлеуетi бар жұмысын жаңадан бастаған кәсiпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтерi және олардың мүшелерi, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Қаржыландыру мақсаты iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлердiң және зәкiрлiк кооперацияларға қатысушылардың қызметiн кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тiркелуi және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға берген жолдамасының бар болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшiн мiндеттi шарт болып табылады.

Үмiткерлер тiкелей не ӨКП-нiң аудандық филиалдары/ауылдық округтердiң және елдi мекендердiң әкiмдерi арқылы мынадай құжаттарды:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмелерiн;

2) бар болса кәсiпкерлiк негiздерiне оқығаны (куәлiк, сертификат) туралы құжаттың көшiрмелерiн қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына консультация алу үшiн жүгiнедi.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары 2 жұмыс күнi iшiнде үмiткерлерге кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшiн жолдама бередi.

Микробизнес ашу немесе кеңейту/дамыту үшiн кредиттер/микрокредиттер, оның iшiнде бұдан бұрын "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының шеңберiнде кредиттер/микрокредиттер алған Бағдарламаға қатысушыларға инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның жетiспейтiн объектiлерiн дамытуға және (немесе) құруға және Бағдарламаға қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн, оның iшiнде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшiн жабдықтар сатып алуға мүмкiндiк берiледi. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның жетiспейтiн объектiлерiн дамытуды және (немесе) құруды және жабдықтар сатып алуды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

Кредиттер/микрокредиттер:

1) ауылдық елдi мекендерде (олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, iсiн жаңа бастаған кәсiпкердiң қызметiн кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерiн ашу және зәкiрлiк кооперацияларға қатысушылардың қызметiн дамыту үшiн;

2) қалаларда, моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсiпорындар құру, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлердiң қызметiн кеңейту үшiн ұсынылады.

Микробизнес ашу үшiн кредиттер/микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы шеңберiнде кәсiпкерлiк негiздерiне не Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту курстарынан өту шеңберiнде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейiн немесе кредит/микрокредит алуға жүгiнген күннiң алдында сертификат алған мерзiмнен кейiнгi соңғы 24 ай iшiнде басқа бағдарламалар шеңберiнде кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту курстарынан өткендiгi туралы сертификаты бар болса берiледi.

Кредиттер/микрокредиттер iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлердiң қызметiн кеңейту және (немесе) зәкiрлiк кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерiне қатысушылардың қызметiн дамыту үшiн халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, кемiнде екi жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.

Қаржы агенттiгi жұмыскерлер санының орташа жылдық өсiмiнiң серпiнiн айқындау үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнен алған ақпаратты пайдаланады. Жұмыскерлер санының орташа жылдық өсiмiнiң серпiнiн есептеу кезiнде есептi күн келесi қаржы жылының басы болып табылады.

Кредиттер/микрокредиттер басым тәртiппен аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталарына сәйкес iске асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегi жергiлiктi атқарушы органдар ӨКП-мен бiрлесiп аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасын әзiрлейдi және қажет болған жағдайда агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша өзгерiстер мен түзетулер енгiзедi. Бұл ретте аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi, оларды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерiне жетекшiлiк ететiн әкiмнiң орынбасары бекiтедi.

Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/екiншi деңгейдегi банктерге (ЕДБ)/кредиттiк серiктестiктерге (КС)/"АШҚҚҚ" АҚ-ға/ "ҚазАгроКепiл" АҚ-ға ұсынылады.

Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы бизнестi дамыту үшiн әлеуеттi тауашалар мен табысты бағыттарды айқындау бойынша аудандық деңгейде өткiзiлетiн маркетингтiк зерттеу негiзiнде әзiрленедi. Маркетингтiк зерттеудi (скрининг әдiсi бойынша) "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасы, қаржылай емес қолдау операторы жүргiзедi. Маркетингтiк зерттеу аяқталғанға дейiн бұдан бұрын бекiтiлген аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталары қолданады.

Ауылдық елдi мекендерде (олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда, қалаларда ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кредиттер/микрокредиттер "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру "Аграрлық кредиттiк корпорация" АҚ арқылы жүргiзiлетiн кредиттiк серiктестiктер арқылы берiледi.

Қалаларда және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер қорландыру "Даму" КДҚ АҚ арқылы жүзеге асырылатын екiншi деңгейдегi банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары арқылы берiледi.

Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай шарттармен бюджеттiк кредит берiледi:

1) қайтарымдылық, мерзiмдiлiк және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесiмен 7 жылға;

2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты — Бағдарлама шеңберiнде бизнес-жобаларға микрокредит беру;

3) бюджеттiк кредиттi игеру кезеңi 6 айды құрайды және бюджеттiк кредиттi жергiлiктi атқарушы органға аударған кезден бастап есептеледi.

Кредитор жергiлiктi атқарушы органмен жасалатын қарыз шарты сомасының кемiнде 20 %-ын бастапқы бизнестi қаржыландыруға жолдайды.

Кредиттер/микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, акцизделетiн өнiмдердi өндiруге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерiнiң/жылжымайтын тұрғын үй мүлкiнiң нысаналы бағытын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт жасаған күннен бастап бiр жыл iшiнде бизнес мақсатқа өзгертетiн жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн (нысаналы бағыты кәсiпкерлiк қызметпен байланысы жоқ) сатып алуға берiлмейдi.

Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ қатысуы, сондай-ақ бөлiнетiн сомалар туралы шешiм облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi. Бiр облыста бiр мезгiлде екi микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ қатысуына жол берiледi.

Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдар микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға кредиттiк келiсiмдер бойынша бюджеттiк кредит қаражатын ұсынады.

Микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға бюджеттiк кредит беру шарттары:

1) кредит беру мерзiмi — 7 жылдан аспайды;

2) сыйақы мөлшерлемесi — жылдық 0,01 %;

3) игеру кезеңi — микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚ" АҚ үшiн — 12 ай;

4) нысаналы мақсаты — "АШҚҚҚ" АҚ үшiн — Бағдарлама шеңберiндегi бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшiн — Бағдарлама шеңберiндегi бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру үшiн МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.

МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:

1) қорландыру мерзiмдiлiк, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану шарттарында жүзеге асырылады. Микроқаржы ұйымдары үшiн қарыз қаражаты микрокредит ұйымының iшкi құжаттарына сәйкес қамтамасыз етiлмей берiледi;

2) кредит беру мерзiмi — 7 жылға дейiн;

3) сыйақының номиналды мөлшерлемесi — "Даму" КДҚ" АҚ үшiн жылдық 1 %-ға дейiн және "Аграрлық кредиттiк корпорация" АҚ үшiн жылдық 2 %-ға дейiн;

4) игеру кезеңi — кредиттiк келiсiм жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде 12 ай, қалаларда және моноқалаларда 6 ай;

5) нысаналы мақсаты — Бағдарлама шеңберiнде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.

Микрокредит беру ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға негiзгi қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзiмi ұзақтығының үштен бiр бөлiгiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылады.

Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:

1) кредит/микрокредит мерзiмi — 5 жылға дейiн, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру үшiн кредит/микрокредит беру мерзiмi — 7 жылға дейiн;

2) кредиттiң/микрокредиттiң ең жоғары сомасы:

ауылдық елдi мекендерде (оларың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда — 2,5 мың АЕК-ке дейiн, зәкiрлiк кооперацияны дамыту үшiн — 5,0 мың АЕК-ке дейiн;

қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) — 6,5 мың АЕК-ке дейiн;

Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында — 8,0 мың АЕК-ке дейiн;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесi — жылдық 6 %-дан аспайды;

4) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға Бағдарламаға қатысушы кредит/микрокредит бойынша мiндеттемелерiн бұзу себебiмен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдердi қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кредитiмен/микрокредитiмен байланысты қандай да бiр комиссияларды, алымдарды және/немесе төлемдердi алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердiң мөлшерi "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келiсiлуге тиiс;

5) ауылдық елдi мекендерде (олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан), шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кредит/микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес айқындалатын орта және iрi кәсiпорындар субъектiлерiне берiлмейдi;

6) негiзгi қарызды өтеу бойынша жеңiлдiктi кезеңдi және кредитордың шешiмi бойынша кредит/микрокредит беру мерзiмiнiң ұзақтығы үштен бiр бөлiктен аспайтын мерзiмде сыйақы алу мүмкiндiгi;

7) МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы кредит/микрокредит беру туралы шарттарда iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлердiң жобаларын қоспағанда, мiндеттi түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт көрсетiледi;

8) қарыздың мерзiмдерi мен сомалары агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн Шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрi — Микрокредит беру қағидалары) сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметiнiң бағыттары бойынша айқындалады;

9) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының және Бағдарлама шеңберiнде бұрын берiлген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражаттар есебiнен аудандардың және шағын мамандандыру картасында көрсетiлген қызметтердiң басым түрлерiне қарамастан Бағдарлама шарттарымен соңғы қарыз алушыларға қайта микрокредит/кредит берудi мынадай тәртiппен iске асырады:

2018 жыл аяқталғанға дейiн "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберiнде бұрын берiлген кредиттер/микрокредиттер бойынша 2015 — 2016 жылдар iшiнде соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебiнен;

осы Бағдарлама шеңберiнде келесi қаржы жылы аяқталғанға дейiн қаржы жылы iшiнде және жергiлiктi атқарушы органдармен жасалған қаржыны тарту туралы шарттың қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге бұрын берiлген кредиттер/микрокредиттер бойынша қайтарылған қаражат есебiнен.

Көрсетiлген мерзiм өткенге дейiн аталған қаражат игерiлмеген жағдайда, МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ олардың тиiстi бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етедi.

Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртiбi кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

Ауылдық елдi мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртiбi Микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

Ауылдық елдi мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды iске асыратын немесе iске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшiн кредиттер/микрокредиттер беру тетiгi:

1) үмiткерлер тiкелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елдi мекендердiң әкiмдерi арқылы кәсiпкерлiк қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуi тұрғысынан тексеруден өту үшiн халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгiнедi;

2) микробизнес ашуды жоспарлайтын, кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту курстарынан өткендiгi туралы сертификаттары жоқ үмiткерлер және қызығушылық танытқан үмiткерлер "Бастау Бизнес" жобасына немесе Бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту курстарына қатысу үшiн жiберiледi;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ-да тексеру нәтижелерi бойынша оқыту курстарынан өткендiгi туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшiн мiндеттi) үмiткерлердi агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн Микрокредит беру қағидаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, кредит/микрокредит алуға арналған өтiнiшпен МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға жiберiледi;

4) МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ әлеуеттi бизнес-жобаны бағалауды жүргiзедi, кредит/ микрокредит беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi және шешiм қабылдайды;

5) МҚҰ/КС ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнiне дейiнгi мерзiмде микрокредит беру ұйымына берiлген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады. Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 3-күнiне дейiнгi мерзiмде ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органға Микрокредит беру қағидаларында белгiленген нысанға сәйкес берiлген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;

6) МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ кредит/микрокредит берiлген күннен бастап тоқсан күн iшiнде кредиттiң/микрокредиттiң мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзедi. Кредиттердiң/ микрокредиттердiң мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп МҚҰ/КС/микрокредит беру ұйымына тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiнгi мерзiмде Микрокредит беру қағидаларында белгiленген нысанға сәйкес ұсынылады;

7) микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-күнiне дейiнгi мерзiмде ауыл шаруашылығы және халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдарға Микрокредит беру қағидаларында белгiленген нысанға сәйкес кредиттердiң/микрокредиттердiң мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп (портал арқылы электрондық түрде/ қолма-қол) бередi.

Шағын қалалардан басқа моноқалаларда, қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тетiгi:

1) үмiткерлер тiкелей не ӨКП аудандық филиалдары/қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкiмдiктерiне кәсiпкерлiк қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу және Бағдарламаға қатысушыларға сәйкес келуi тұрғысынан тексеруден өту үшiн халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгiнедi;

2) кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту курстарынан өткендiгi туралы сертификаттары жоқ қызығушылық танытқан үмiткерлер кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту курстарына қатысу үшiн жiберiледi;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары үмiткерлердi "Еңбек нарығы" ААЖ-де тексеру нәтижелерi бойынша және оқыту курстарынан өткендiгi туралы сертификаттарымен (бар болса) МҚҰ/ЕДБ-ға жiбередi;

4) Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзiрлейдi және кредит/ микрокредит алу үшiн өтiнiммен ЕДБ/МҚҰ-ға жүгiнедi;

5) ЕДБ/МҚҰ әлеуеттi бизнес-жобаны бағалауды жүргiзедi, кредит/микрокредит беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi және шешiм қабылдайды;

6) ЕДБ/МҚҰ ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 20-күнiне дейiнгi мерзiмде Бағдарлама шеңберiнде берiлген кредиттер/микрокредиттер бойынша микрокредит беру ұйымына ақпарат ұсынады;

7) микрокредит беру ұйымы кәсiпкерлiк және халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органға кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы арасындағы кредиттiк келiсiмде белгiленген нысанға сәйкес ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде берiлген кредиттер/ микрокредиттер және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады;

Қалалардағы және ауылдағы кредиттерге/микрокредиттерге кепiлдiк беру

Кепiлдiк МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) ауылдық елдi мекендерде (олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс iстеп тұрған бизнестi кеңейтуге, кооперативтер құруға;

2) қалаларда жаңа микрокәсiпорындар құруға, жұмыс iстеп тұрған бизнестi кеңейтуге берiлген кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.

Бағдарламаның екiншi бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда кепiлдендiруге қатысуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, БЗЖҚ, облыс әкiмдiгiнiң және микрокредит беру ұйымының қаражаты есебiнен iске асырылып жатқан бағдарламалар шеңберiнде МҚО/КС арқылы мемлекеттiк қаржылай қолдау алатын кәсiпкерлерге жол берiледi.

Ауылдық елдi мекендерде және шағын қалаларда берiлетiн кредиттердi/микрокредиттердi кепiлдендiрудi — "ҚазАгроКепiл" АҚ, қалаларда — "Даму" КДҚ" АҚ жүзеге асырады.

Кредиттерге/микрокредиттерге кепiлдiк бергенi үшiн жергiлiктi атқарушы органдардан алынатын комиссиялардың мөлшерi ауылдық елдi мекендерде және шағын қалаларда кепiлдiк мөлшерiнен 30%-ды, қалаларда — 20%-ды құрайды.

Бағдарламаға қатысушылар үшiн кепiлдiк ақысыз негiзде ұсынылады.

Iсiн жаңа бастаған кәсiпкер үшiн кепiлдiктердiң мөлшерi кредит/микрокредит сомасынан 85%-дан аспайды.

Кепiлдiк берiлуге тиiс кредит/микрокредит сомасы сегiз мың АЕК-тен аспайды.

Кепiлдiк жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттерi/микрокредиттерi бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесi 6%-дан аспайды.

Кредиттер/микрокредиттер бойынша iшiнара кепiлдiктi қаржыландыру кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы орган мен кепiлгер арасындағы тиiстi шартқа қол қою жолымен жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Облыстың бiр әкiмшiлiк аумақтық бiрлiгiнде кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарлама шеңберiнде екi кепiлгердi тартуына болады.

Бағдарлама шеңберiнде кепiлдiк беру көлемi тиiстi қаржы жылына жасалатын кепiлдiк шарттары бойынша комиссияларды төлеу үшiн бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде жүзеге асырылады.

Шығарылған кепiлдiктер үшiн ақы төлеу мақсатында кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдар келесi жылдың басында микроқаржы ұйымдарының кредиттерiне кепiлдiк беру үшiн комиссияларға бөлiнген нысаналы трансферттер сомасының 50%-ын кепiлгерлерге аударады. Нысаналы трансферттердiң қалған бөлiгi жылдың басында кепiлгерлерге аударылған қаражаттың бiрiншi жартысы толық игерiлгеннен кейiн кепiлдiк шарттарының жасалуына қарай кепiлгерлерге аударылады.

Кепiлдiк шартының жасалу фактiсi бюджет қаражаты игерiлуiнiң растамасы болып табылады.

Кепiлдiк шығарылған мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кредиттiң/микрокредиттiң қолданылу мерзiмiне ұсынылады.

Кепiлгер Кепiлдiк беру қағидаларында және/немесе кепiлдiк шартында белгiленген жағдайларда кепiлдiк ұсынудан бас тартуға құқылы.

Кредиттер/микрокредиттер бойынша iшiнара кепiлдiк беру тәртiбi мен шарттары агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттiк серiктестiктер беретiн кредиттер/микрокредиттер бойынша кепiлдiк беру қағидаларында айқындалады.

Қалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша iшiнара кепiлдiк беру тәртiбi мен шарттары кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер/микрокредиттер бойынша кепiлдiк беру қағидаларында айқындалады.

Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау

МҚҰ операциялық шығындарын субсидиялауды ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

Ауылдық елдi мекендерде және шағын қалаларда берiлген МҚҰ микрокредиттерiн беруге арналған операциялық шығындар субсидиялауға жатады.

МҚҰ субсидия алушылар болып табылады.

Субсидиялар мынадай шарттармен берiледi:

1) субсидия мөлшерi "Аграрлық кредиттiк корпорация" АҚ-дан алынған қорландыру қаражаты есебiнен ауылдық жерлерде және шағын қалаларда МҚҰ берген микрокредиттiң көлемiнен 10 %-ды құрайды;

2) субсидия ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшiн "Аграрлық кредиттiк корпорация" АҚ МҚҰ-ға ұсынған, оператор растаған қаражатты толық игеру көлемiн субсидиялау бойынша бiр уақытта МҚҰ-ға төленедi;

3) МҚҰ-ға ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшiн "Аграрлық кредиттiк корпорация" АҚ ұсынған қаражаттың игерiлуiн агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес МҚҰ ұсынған құжаттар негiзiнде субсидиялау жөнiндегi оператор растауға тиiс;

4) субсидиялау мақсаты үшiн Бағдарламада көзделген мақсаттарға МҚҰ берген микрокредиттер ғана ескерiледi.

Бұрын берiлген, МҚҰ операциялық шығындарына субсидия алған, микрокредиттерден қайтарылған (негiзгi қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша төлемдер) қаражат есебiнен МҚҰ берген микрокредиттердi беруге арналған МҚҰ операциялық шығыстары субсидиялауға жатпайды.

МҚҰ-ның операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған қаражатты бөлу туралы шешiмдi облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын өңiрлiк комиссия (бұдан әрi — субсидиялау жөнiндегi комиссия) қабылдайды, оның құрамына облыс әкiмiнiң орынбасары — комиссия төрағасы, облыс әкiмдiгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң, субсидиялау жөнiндегi операторлардың, ӨКП, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кiредi. Субсидиялау жөнiндегi комиссия консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы орган субсидиялау жөнiндегi комиссияның жұмыс органы болып табылады.

МҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялау тәртiбi мен шарттары агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларында регламенттеледi.

Екiншi бағытты iске асыру шеңберiнде

Микрокредит беру жөнiндегi шараларды қаржыландыру кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдары арқылы республикалық бюджет және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Берiлген микрокредиттер туралы есептi микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚҚ" АҚ кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi органдарға ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 3-күнiне дейiнгi мерзiмде ұсынады.

Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдар микрокредит беру жөнiндегi ұйымдардың есептерi негiзiнде ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде халықты жұмыспен қамту орталықтарына және Бағдарламаның операторына:

1) "Бастау Бизнес" жобасының iске асырылуы;

2) кепiлдiк беру және субсидиялауды есепке ала отырып, ауылда микрокредит беру барысы;

3) кепiлдiк берудi есепке ала отырып қалаларда микрокредит беру барысы;

4) құрылатын жұмыс орындары туралы ақпаратты ұсынады.

Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органдардан алынған ақпараттың негiзiнде ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiнгi мерзiмде халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкiлеттi органға ақпарат ұсынады.

Жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға мемлекеттiк гранттар беру"

Мемлекеттiк гранттар бастапқы бизнестi iске асырып жатқан немесе iске асыруды жоспарлап жатқан Бағдарламаға қатысушыларға өтеусiз және қайтарымсыз негiзде берiледi.

Мемлекеттiк гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк гранттарды алуға үмiткерлер қоныс аударушылар мен оралмандар, Бағдарламаның шеңберiнде кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту курстарынан өткен немесе Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде қаржылай қолдау алмаған азаматтар болып табылады.

Бизнес-идеяларды iске асыруға арналған мемлекеттiк гранттар 100 АЕК дейiнгi мөлшерде ұсынылады.

Мемлекеттiк грант қажеттi инвентарьды, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты сатып алуға пайдаланылады.

Мемлекеттiк грант тұтынушылық мақсатқа, кредиттiк қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй мүлкiн сатып алуға және салуға, жер учаскелерiн сатып алуға, акцизделетiн өнiмдердi өндiруге берiлмейдi.

Бағдарламаға қатысушылардың мемлекеттiк гранттарды бiр рет қана алуға құқығы бар.

Бағдарламаға қатысушылар үшiн мемлекеттiк гранттар алуға қойылатын мiндеттi шарттар:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тiркелуi;

2) ӨКП-нiң оң қорытындысының болуы;

3) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша немесе Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде оқуды аяқтағаны туралы құжаттың болуы болып табылады.

Мемлекеттiк грант қаражаты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады.

ӨКП мүдделi мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың қатысуымен мемлекеттiк гранттарды алуға үмiткерлердiң өтiнiмiн қарау жөнiнде комиссия құрады.

Мемлекеттiк гранттарды беру тетiгi

1) үмiткерлер мемлекеттiк гранттарды алу үшiн халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiшпен жүгiнедi;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтiнiмдер мен құжаттарды қарап, мемлекеттiк гранттарды алуға үмiткерлердiң тiзiмiн қалыптастырады және ӨКП жанындағы комиссияның қарауына жiбередi;

3) ӨКП жанындағы комиссия қажеттi құжаттарды қарап, мемлекеттiк грант беру/бермеу туралы қорытынды дайындайды және оларды алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталығына жолдайды;

4) ӨКП жанындағы комиссия қорытынды беру үшiн қажет болған жағдайда мемлекеттiк грант алуға үмiткер адамдармен жеке сұхбаттасу өткiзедi не қосымша құжаттар сұратады;

5) халықты жұмыспен қамту орталығы қорытындыларды алған күннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде бұл туралы өтiнiш берушiнi жазбаша түрде хабардар етедi;

6) ӨКП мемлекеттiк грант берiлген күннен бастап 12 ай iшiнде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзедi және жобаны сүйемелдеу бойынша сервистiк қызметтер (маркетингтiк, заңдық, бухгалтерлiк және басқа да қызмет түрлерiн) ұсынуға жәрдемдеседi.

Жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға мемлекеттiк гранттар беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген Мемлекеттiк гранттар беру қағидаларында айқындалады.

Мақаланың шыққан күні: 13.01.2017 10:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.10.2018 15:29
Қаралым саны: 2426

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14