A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Қазақстанның өңірлеріне экономиканың басым секторларына инвестициялық бағдарлама

1. Бағдарлама төлқұжаты

Бағдарлама атауы Қазақстанның өңірлеріне экономиканың басым секторларынаинвестициялық бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіздеме 2014 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 728 Қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» (бұдан әрі – Өңірлерді дамытудың бағдарламасы);Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - ИИДМБ);Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы №674 қаулысымен бекітілген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (Бұдан әрі - Холдинг стратегиясы);2017 жылғы 8 қыркүйектегі «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (№120 хаттамасы) «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі - ККМ Стратегиясы).
Бағдарламаны әзірлеуші «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (бұдан әрі – ҚКМ)
Бағдарлама операторы «Baiterek Venture Fund» АҚ (бұдан әрі - BVF)
Бағдарлама бойынша серіктес (келісім бойынша) Жергілікті атқарушы органдар (облыстық және қалалық әкімдіктер), қаржы институттары (Екінші деңгейдегі банктер), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) және оның еншілес ұйымдары, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, тікелей инвестициялар қоры және басқалар.
Бағдарлама мақсаты 1. Экономиканың шикізаттық емес салаларының экономиканың басым секторларына (өңдеуші өнеркәсіп, инфрақұрылым) private equity инвестициялар жолымен дамыту.2. Өсу әлеуеті бар, немесе уақытылы қаржылық құлдырауға ұшыраған шағын және орта кәсіпорындарға private equity инвестициялар жолымен жеке кәсіпкерлікті дамыту.3. Аймақтық және халықаралық нарыққа дайын өнімнің экспорттық әлеуетін бар жобаларға инвестициялау жолымен шикізаттық емес өнімді қолдау
Бағдарлама міндеті 1. Аймақтарда орналасқан өндірістік кәсіпорындар әрекеттегі қуатын жаңғырту және ұлғайту.2. Меншікті қаражатының немесе қаржыландыру көздері тарту үшін кепілдік мүліктің жетіспеушілігіне түскен бизнес бастауға қолдау көрсету арқылы жаңа бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды құру.3. Өндеу өнеркәсібінде өндірілген өнімнің көлемін ұлғайту.4. Кәсіпкерлік субъектілерде халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту.5. Кәсіпкерлердің құзыреттігін есебінен көтеру:1) Аймақтарда тікелей инвестициялау құралдары туралы ақпаратты тарату жолымен кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын көтеру;2) іскерлік байланыстарды кеңейту.
Іске асыру мерзімі 2018 – 2024 жылдар, 1 жылға ұзарту мүмкіндігімен
Қаржыландыру көздері BVF, ҚКМ (келісім бойынша), Холдинтің (келісім бойынша) меншікті қаражаты, республикалық бюджеттен қаражатты тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен және щенберінде Бағдарламаны қаржыландыру жүзеге асырылады.

 

Бағдарламаны дамытудың негізі

 

Бағдарлама Қазақстанның өңірлерінде жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолымен Аймақтарды дамыту Бағдарламасының іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Үшінші деңгейдегі қолдау шаралары бойынша ИИДМБ Бағдарламасының щеңберінде мемлекеттік қолдаудың құралының бірі болып аталмыш бағытты дамытудағы негізгі институт болып табылатын ҚКМ кәсіпкерлік субъектілерінің жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру.

Холдинг Стратегиясының шеңберінде ҚКМ қатысуы private equity құралдар арқылы екі стратегиялық бағыт бойынша ескерілген:

  1. Ірі кәсіпкерлік сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау;
  2. Шағын және орта кәсіпкерлік сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау.

Қосымша, ҚКМ Холдингтің жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың шеңберінде экспорттық әлеуетті ұлғайту бойынша стратегиялық бағыттарын қолдайды. ҚКМ ИИДМБ Бағдарламасы private equity инвестицияларды іске асырады

ИИДМБ Бағдарламасында анықталған салалық басымдылықтарға сәйкес ҚКМ private equity инвестицияларды іске асырады.

Бірінші стратегиялық бағытты жүзеге асыру аясында 2014-2013 жылдарға арналған «Ірі және орта бизнес сегментінде private equity құралы арқылы кәсіпкерлікті қолдау, экспорт әлеуетін арттыру» ҚКМ Стратегиясы әзірленді.

Тікелей инвестициялар түріндегі ҚКМ-нің қаржылық құралдары кредиттік құралдарға күрделілінген қолжетімділікке байланысты келесі себептер бойынша бизнес-қоғамдастықтың проблемаларын шешуге қабілетті:

  • жоғары қарыз жүктемесі;
  • кепілдіктің болмауы;
  • жеке қатысудың жеткіліксіздігі;
  • ақша ағымдарының болмауы (бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде).

Тақырыптық инвестициялық форумдар мен басқа да кездесулерде қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының аймақтарына ҚКМ өкілдері сапарлардың қорытындысы бойынша кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдардың ҚКМ ұсынылатын, атап айтқанда тікелей инвестициялар бойынша, қаржылық құралдар туралы жеткіліксіз хабардар болуы анықталды.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, бұл Бағдарлама өңірлерде ҚКМ ұсынған қаржы құралдары бойынша ақпараттардың таратылуына, сондай-ақ ҚКМ мен Бағдарлама серіктестері арасында орнатылған екі жақты байланыстың арқасында ҚКМ -ның инвестициялық мандатына сәйкес келетін ағымдағы және жоспарланған жобалар туралы ақпараттарға бағытталған. Бағдарламаның түпкілікті мақсаты - Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға ықпал ететін өңірлік жобаларға инвестиция салу.

 

Бағдарлама бойынша инвестициялау негізгі өлшемдері

Инвестициялар географиясы Қазақстан аумағындағы жобалар
Инвестициялау кезеңі 2018 – 2019 жылдар, 1 жылға ұзарту мүмкіндігімен
Инвестициялардың минималды сомасы 500 млн. теңге
Инвестицияның негізгі бағыттары Қолданыстағы өндірістерді ұлғайтуды және/немесе жаңғыртуды талап ететін әрекеттегі компанияларға инвестициялар.Жаңа құрылған компания негізінде инвестициялық жобаны іске асыру үшін құрылымында тұрақты қаржылық көрсеткіштері бар бір немесе бірнеше операциялық компаниялар бар холдингтік компанияларға инвестициялар.Жаңадан құрылған компанияларға, олардың одан әрі іске асырылуы үшін жақсы дамыған құрылымға, соның ішінде дамыған бизнес-жоспарды және техникалық-экономикалық негіздемені, өздерінің қатысуын қаржыландыру көздерін және қарыз қаражатын (қажет болған жағдайда) қаржыландыру.
Қордың инвестицияларын мақсатты пайдалану Инвестициялық бағдарламалар және күрделі шығындарды қаржыландыру.Айналым капиталын толтыру.Жобаны іске асыру алдында дайындық жұмыстарын аяқтау.Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Бағдарламада тыйым салынбаған өзге де инвестициялық мақсаттар.
Инвестициялаудың құралы Компаниялардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) сатып алу.Несиелерді, оның ішінде айырбасталатынды қамтамасыз ету.Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де инвестициялық құралдар.
Мақсатты секторлар ИИДМБ бағдарламасының басымдықты салалары.Инвестициялық шектеулерге сәйкес келмейтін басқа секторлар.
Инвестициялық шектеулер Инвестициялар жіберілуі мүмкін емес:Бұдан әрі өңдеусіз шикізатты (пайдалы қазбаларды) өндіру және сату мақсаты бар жобаларды қаржыландыру;Алкоголь және темекі өнімдерін өндіруге арналған жобаларды қаржыландыру;Ақшалай ұтыс ойындарымен (казино, лотерея және т.б.) ойын бизнесін дамыту жобаларын қаржыландыру;Есірткі құралдарын, қару-жарақты, сондай-ақ қоршаған ортаға байыпты зиян келтіретін өнімдерді өндіруге байланысты жобаларды қаржыландыру.
Мақаланың шыққан күні: 12.04.2018 17:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.04.2018 18:00
Қаралым саны: 1178

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14