A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Нақты мемлекеттік қызметшінің үлгісі

img-2001

«Нұр Отан» партия съездерінің бірінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, қазіргі заманғы кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастырудың бірі болып табылатын бес институционалдық реформаларды жария етті. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «әрбір көшбасшы төменгіден бастауы керек және барлық басқарушылық қадамдардан өтуі керек» деп атап өтті.

Біздің жас және болашақты көшбасшымыз болып біздің әріптесіміз, Ербол Амангельдіұлы Оспанов.

1989 жылы Щучинск қаласында Ербол Амангелдіұлы зиялы отбасында дүниеге келді. Оның анасы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.

2005 жылы Көкшетау қаласының орта мектебінің 9 сыныбын үздік бітірді. Сол жылы Көкшетау қаласының мемлекеттік политехникалық колледжіне «Халықтық тұтыну тауарларын сапалық сараптама» мамандығы бойынша окуға түсіп, 2008 жылы оны үздік дипломмен бітірді.

«Төменнен болса төменнен» деп оның жұмысын қадағалай отырып айтуға болады. 2009 жылдан 2011 жылға дейін ол еңбек шарты бойынша Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының индустриялық-инновациялық дамыту бөлімінде жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ол өзін ұйымдасқан және еңбексүйгіш маман ретінде көрсетіп, оны бас маман ретінде мемлекеттік қызметке қабылдайды.

Қатарлас 2011 жылы, ол Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің стандарттау, метрология және сертификаттау бакалавры ретінде мамандығын алды.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оған 2012 жылы экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесі берілді.

Қысқа мерзімде (2011 жылдан 2016 жылға дейін) Ербол Амангельдыұлы Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының индустриялық-инновациялық дамытудың бас маманы; ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Ақмола облысы әкімідігінің индустрия және инвестицияларлыда дамыту бөлімінің басшысы, қазір облыстың индустриялық-инновациялық дамытуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өнеркәсіп дамыту және аймақтық салалық даму сияқты ауыр және жауапты блок бақылап, Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істейді .

Мемлекеттің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін, 2015 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Жарлығымен Қазақстан Республикасының егемендігін нығайтуға үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Әріптестермен жұмыс істегенде жинақылық, талап қоюшылық, ұқыптылық, табандылық пен ұстамдылық оған басқармасының жұмысын ең жоғары деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қызметші осындай болу керек.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 12:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.04.2018 17:40
Қаралым саны: 1124

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz