A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«Геология саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз-релизі

«Геология саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулы жобасы «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен қолданыстағы заңнамаға келтiру мақсатында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына және Қазақстан Республикасының инвестициялар және дамыту Министрiнiң «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 26 маусымдағы №501 бұйрығына сәйкес әзiрлендi.

Жобамен келесi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерiн бекiту болжанып отыр:

1) «Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

3) «Кен iздеушiлiкке арналған лицензияны беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

Жоба «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2370771  мекенжайында орналастырылған.

Мақаланың шыққан күні: 19.06.2019 12:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.08.2019 14:49
Қаралым саны: 973

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz