A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
№1743 Қаулысы

Қазақстан Республикасыңың аумағында жүзеге асыру кезiнде дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметiн жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдауға мiндеттi жекелеген қызмет түрлерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1743 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2013.01.04., № 2-3 (27942); "Казахстанская правда" от 04.01.2013 г., № 2 (27276)

«Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезiнде дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметiн жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдауға мiндеттi жекелеген қызмет түрлерi бекiтiлсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 629-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 820 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi                                               С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1743 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезiнде дара
кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметiн жүзеге асыратын
жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi
қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз
етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып,
төлемдердi қабылдауға мiндеттi жекелеген қызмет түрлерi

Р/с №

Қызмет түрлерiнiң атауы*

1

2

1

Автомобильдер мен мотоциклдердi көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

2

Көтерме және бөлшек сауда**

3

Компьютерлер мен тұрмыстық тауарларды жөндеу * *

4

Қонақүйлердiң қызмет көрсетуi

5

Мейрамхана қызметтерiн көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлерi мен сусындар беру**

6

Әуе және темiржол көлiгiне жол жүру құжаттарын (билеттердi), багаж және жүк-багаж түбiртектерiн сату

7

Жүктердi көлiктiк өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнiндегi қызметтердi, тасымалдау жөнiндегi қосымша қызметтер мен жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсету

8

Туризм саласында қызметтер көрсететiн туристiк операторлардың, туристiк агенттiктердiң және өзге де ұйымдардың қызметi

9

Сақтандыру саласындағы қызмет

10

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

11

Бiлiм беру саласындағы қызмет

12

Кинофильмдердi тарату, бейне және телевизиялық бағдарламаларды, кинофильмдердi көрсету қызметi

13

Фитнес, спорттық клубтар, дискотекалар қызметi

14

Құмар ойындарын және бәс тiгудi ұйымдастыру жөнiндегi қызмет

15

Жеке күзет қызметтерiнiң қызметi

16

Бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультациялар

17

Құқық саласындағы қызмет

18

Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызметтердi ұсыну

Ескертпе:

*Көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлем карточкаларын қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдау:

1) жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi жоқ жерлердегi дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн арнаулы салық режимi қолданылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.

**Өздерi өндiретiн ауылшаруашылығы өнiмдерiн, өздерi өндiретiн акваөсiру (балықшылық) өнiмдерiн, далаға шығарылатын сату сөрелерi, автодүкендер, шатырлар, киоскiлер, контейнерлер және сауда базарларының аумағында арқылы қызметiн жүзеге асыратын көтерме және бөлшек сауданы қоспағанда.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.01.2017 11:45
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15