A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесін өткізу және дипломанттар атақтарын беру ережесі

Мазмұны

Жалпы ереже 3-бет

Конкурс-көрмгеге қатысу шарттары 3-бет

Конкурс-көрме номинациялары және дипломанттар атағын

беру тәртiбi 4-бет

1. Жалпы ереже

1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 жарлығын орындау үшiн «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк көрме-конкурсын өткiзу және дипломанттар атағын беру ережесi әзiрлендi.

2. Конкурс ұйымдастырушысы Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы (бұдан әрi — Конкурс ұйымдастырушысы) болып табылады.

3. Конкурстың ұйымдастырылуы «Индустриалдық-инновациялық Стратегияны жүзеге асыру» 265.007.000 бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде тиiсiнше қаржы жылына осы мақсаттарға көзделген есеп және қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Конкурс өткiзу операторы мемлекеттiк сатып алу негiзiнде белгiленедi.

5. Конкурс конкурс ұйымдастырушысымен белгiленген мерзiмдерде өткiзiледi.

6. Конкурстың негiзгi мақсаттары:

1) жеке және заңды тұлғалардың отандық өнiмнiң сапасын арттыруға бағытталған қызметiн жандандыру;

2) Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi өнiммен толықтыруға жәрдемдесу;

3) сапа проблемаларын шешу қажеттiлiгiне өнеркәсiптiк, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;

4) халық арасында сапа идеясын кеңiнен таныту болып табылады.

Конкурсқа қатысу шарттары

7. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарларын және өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердi өндiрудi жүзеге асыратын;

2) өнiм сапасының орнықты жоғары деңгейiн және оны жүйелi түрде жақсартуды қамтамасыз ету жөнiнде конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелерi бар дара кәсiпкер немесе заңды тұлға конкурсқа қатысушы бола алады.

8. Конкурсқа қатысу үшiн заңды тұлға немесе дара кәсiпкер Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 шiлдедегi №1167 қаулысымен бекiтетiн "Қазақстанның үздiк тауары" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережелерiне сәйкес материалдарды ресiмдеудi және конкурсты ұйымдастырушыға бередi.

Конкурс номинациялары және дипломанттар атағын беру ережесi

9. Конкурс келесi номинациялар бойынша өткiзiледi:

1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар";

2) "Халық тұтынатын үздiк тауарлар";

3) "Үздiк азық-түлiк тауарлары".

10. "Қазақстанның үздiк тауары" өңiрлiк көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөнiндегi комиссия (1-қосымша) Сараптамалық топтардың алдын алғы қорытындылары негiзiнде конкурсқа қатысушыларға "Қазақстанның үздiк тауары" өңiрлiк көрме-конкурсының дипломанттары (бұдан әрi — конкурс дипломанттары) атағын беру туралы шешiм қабылдайды.

Конкурстың әр номинациясында қосымша, бiрақ екiден аспайтын, конкурс дипломанты атағы тағайындалуы мүмкiн.

11. Конкурсқа ұсынылатын материалдардың және өнiмдердiң сараптамалық бағасын жүргiзу үшiн құрамы "Қазақстанның үздiк тауары" өңiрлiк көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөнiндегi комиссияның төрағасымен бекiтiлетiн, екi сараптамалық топ қалыптасады.

12. Конкурс дипломанттары бағалы сыйлықтармен және әр номинацияда "Қазақстанның үздiк тауары" өңiрлiк көрме-конкурсының I, II және III дәрежелi дипломдармен марапатталады. Бұл ретте дәрежелер конкурс дипломанттары алған орнына қарай берiледi.

13. Конкурс дипломанттарының тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

14. Өңiрлiк конкурстың дипломанттары "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық көрме-конкурсына қатысады

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.01.2017 14:58
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15