A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Мемлекеттiк қызметке кiру тәртібі

Мемлекеттiк қызметке кiру тәртiбi Қазақстан Республикасы «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңымен реттеледi (әрi қарай — Заң).

Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.

Мемлекеттiк қызметке:

1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;

2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;

3) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;

4) өзiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

5) жұмыстан босату түрiндегi тәртiптiк жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;

6) мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

7) мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;

10) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамдарды қабылдауға болмайды.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттiк орган не Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша уәкiлеттi орган конкурс өткiзу туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде хабарландыру жарияланғаннан кейiн өткiзедi.

Конкурс орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнде және ведомстволарда өткiзiлген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.

Жергiлiктi мемлекеттiк органдарда конкурс өткiзу туралы хабарландырулар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар.

Конкурстық комиссияның шешiмi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кiруге бас тартылуға негiз болып табылады.

Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.

Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызмет үшiн ұсынған конкурсқа қатысушылар уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi құратын кадрлар резервiне тiркелуi мүмкiн.

Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан өтпестен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналаса алады.

Мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуы ол тиiстi бос тұрған лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттiк қызметшiнiң және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмiмен конкурстық iрiктеусiз ауысу тәртiбiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.

Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, өз өкiлеттiгiн кемiнде алты ай орындаған және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:

1)​ Қазақстан Республикасының азаматы болуға;

2)​ егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;

3)​ қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.

Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.01.2017 11:07
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15