A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Басқарма туралы ереже

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 22 тамыздағы
№ А-10/408 қаулысымен
бекiтiлдi

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Ақмола облысының аумағында жүктелген функцияларына сәйкес өнеркәсiп, индустриялды-инновациялық дамыту, шағын және орта кәсiперлiк, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүргiзедi.

3. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы көрсетiлген мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

4. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға, егер де оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай уәкiлеттiк берiлген болса, онда тарапы болуға құқығы бар.

6. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң штат санының лимитi және құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 96.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы ереже «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

13. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу, мемлекеттiк қолдау және дамыту, бәсекелестiктi дамытуға көмектесу саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы болып табылады.

14. Мiндеттерi:

1) облыс аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;

2) индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру.

3) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;

2) «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасында көрсетiлетiн қызметтер саласын дамыту жөнiндегi 2020 жылға дейiнгi бағдарламаны облыста мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және соған жауапты болу;

3) облыста шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдаудың инфрақұрылым объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

4) облыс аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;

5) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

6) облыстық деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;

7) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;

8) өңiрлiк кәсiпкерлер палаталарының қатысуымен өңiрлерде кәсiпкерлiктi қолдау картасын әзiрлеу және бекiту;

9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкiлдерiн тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi аккредиттеу ұйымдастырып өткiзу;

11) жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптама кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленге нысандармен мерзiмдер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiлген тiзбеге сәйкес, ұйымдардың сатып алуында жергiлiктi қамту жөнiнде индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласында уәкiлеттi органға ақпаратты жинау, талдау және ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерiне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерiне әдiстемелiк, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;

14) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

15) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылуы туралы ақпарат беру;

16) облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

17) өз құзыретi шегiнде әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

18) аумақтарды дамыту бағдарламалары аясында стационарлық сауда объектiлерiн дамыту үшiн iс-шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыру;

19) көрмелiк-жәрмеңкелiк қызмет бойынша жұмысты ұйымдастыру;

20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi бойынша ұсыныстарын әзiрлеу;

21) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативiне қол жеткiзу жөнiнде шараларын әзiрлеу және iске асыру;

22) азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорын басқару жөнiндегi комиссияның жұмыс органының мiндеттерiн жүргiзу;

23) азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану үшiн мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алу қызметтерiн жүргiзу;

24) облыс аумағында алдағы күнтiзбелiк жылға бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн тұтыну болжамын жасау;

25) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

26) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндiрудi жүргiзуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурстарды дайындау және ұйымдастырау;

27) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссиялардың құрамын бекiту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

28) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобының отырысын өткiзуiн ұйымдастыру;

29) жер қойнауын пайдаланушымен келiсiмшарттардың талаптары туралы келiссөздер жүргiзу және жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындау;

30) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды жасау, тiркеу және сақтау;

31) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссия отырысын өткiзуiн ұйымдастыру;

32) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге салу жөнiндегi мәмiлелердi тiркеу;

33) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру;

34) болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы оң қорытынды беру;

35) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру;

36) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;

37) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешiмдер қабылдау;

38) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердiң орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;

39) техногендiк минералдық түзiлiмдерiн пайдалануға шарт жасасу бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобының отырыстарын өткiзуiн ұйымдастыру;

40) мемлекеттiк қызметтердi көрсету.

16. Құқықтары мен мiндеттемелерi:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген көлемде жүктелген қызметтердi орындау үшiн мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан қажеттi құжаттарды, ақпараттарды және материалдарды сұрау және алу;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеу бойынша шаралар қолдану;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн басқаруды «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

18. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысын облыс әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және босатады;

2) өз орынбасарларының, «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi бөлiмдерi басшыларының мiндеттерi мен уәкiлеттiлiктерiн анықтайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн марапаттайды және тәртiптiк жазаға тартады;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшiн дербес жауапты болады;

5) «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бұйрықтарын шығарады және олардың күшiн жояды.

6) облыстың жергiлiктi атқарушы органдарымен бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде, «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымын, штат кестесiн бекiтедi;

7) «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және көлемдерде мүлiкке иелiк етедi;

9) келiсiмшарттар жасайды;

10) банкте есепшоттар ашады;

11) «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;

12) «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс регламентiн бекiтедi.

21. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезде, оның уәкiлеттiлiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

22. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк оған жедел басқару құқығында тиесiлi және облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.01.2017 09:43
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15