A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау

Ақмола облысында шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өңiрлiк қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрi — Бағдарлама) iске асырылуда.

Кредит беру қордың қаражаты серiктес-банктерде: Көкшетау қ. «Казкоммерцбанк» АҚ Көкшетау филиалы, «АТФ Банк» АҚ филиалы орналасқан.

Кәсiпкерлерден жобалар салалық шектеусiз қабылданады. Негiзгi құралдарды жаңғыртуға және жаңасын сатып алуға кредит беру мерзiмi 7 жылға дейiн, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейiн.

Банктiң шешiмi бойынша негiзгi борышты өтеу жөнiнде жеңiлдiк кезеңi — 12 айдан аспайды, сыйақыны өтеу бойынша — 6 айдан аспайды. Кредиттiң ең көп сомасы 1 қарыз алушыға 60 000 000 теңгеден аспайды. Кәсiпкерлер үшiн номиналды сыйақы мөлшерлемесi 8,5% -дан аспайды.

Кәсiпкерлерге келесi мақсаттарға қарыздар берiледi:

- негiзгi құралдары жаңғыртуға және жаңасын сатып алуға;

-айналым құралдарың толықтыруға арналған.

Кәсiпкерлерге келесi мақсаттарға қарыздар беруге тыйым салынады:

- салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша бар берешегi;

- заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы;

- шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шаруашылық қызметiнiң залалдарын жабуы (бұдан әрi — ШОКС);

- сыналғандардың (агенттерге) қызметiне төлеу;

- ШОКС-тiң бұрынғы келтiрiлген шығындардың орнын толтыру;

- үлестес тұлғалардан активтердi, негiзгi құралдарды сатып алу;

 — ШОКС-тiң кредиттерiн/қолданыстағы қарыздарын қайта қаржыландыру көзi «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ Ақмола облысы бойынша өңiрлiк филиалы болып табылады (бұдан әрi — Қор);

- бұрын берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша берешектiң бар болуы.

Қарызды берудiң өзге де шарттары:

- кредиттiк қаражаттары мiндеттi түрде ШОКСпен қолма-қол ақшасыз нысаныңда игерiлуi тиiс;

- ШОКС «Бизнестiң жол картасы 2020» қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы аясында Қордан кепiлдiк алуға өтiнiм беруге құқылы.

Қосымша ақпарат алу үшiн «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ Ақмола облысы бойынша өңiрлiк филиалына, мекенжайы бойынша: Көкшетау қ., Ақан серi к-сi, 46-а, тел. 8 (7162) 55-11-23 және банктер-серiктестер: «Казкоммерцбанк» АҚ Көкшетау филиалы Абай к-сi, 96 үй, тел. 8 (7162) 58-51-26, Көкшетау қ. «АТФ Банк» АҚ филиалы Әуелбеков к-сi, 58 үй, тел. 8 (7162) 55-01-28 хабарласуға болады.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.01.2017 10:59
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15