A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

. Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) жүктелген мiндеттерге сәйкес Ақмола облысының аумағында өнеркәсiп, индустриялық-инновациялық дамыту, шағын және орта кәсiпкерлiк, сауда, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады.

Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 96

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат

Басқармамен 6 мемлекеттiк қызметтер көрсетiледi:

- «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға мемлекеттiк гранттар беру;

- «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы аясында өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету;

-Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу;

- Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру;

- Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру;

- Құмарлыққа лицензия беру.

Ақысыз негiзде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны — 6 қызмет түрi.

Тек қағаз нысанында көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер түрiнiң саны — көрсетiлмейдi, қалған 3 мемлекеттiк қызмет түрiн электронды түрде, сондай-ақ қағаз түрiнде алуға болады, 3 мемлекеттiк қызмет түрiн электронды және қағаз түрiнде де алуға болады.

Барлық 6 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары бекiтiлдi.

3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

Басқармамен 2019 жылы 80 мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi.

Соның iшiнде есеп беру кезеңiнде барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер:

- Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру — 43;

- «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға мемлекеттiк гранттар беру — 34;

- «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы аясында өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету — 3.

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында — www.uрр.akmo.gov.kz, «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығының: 1414 немесе 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiңғимаратында мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерi туралы ақпаратымен ақпараттық стендтер орнатылды.

2)Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

Қазiргi уақытта мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу үшiнталқылауғашығарылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобалары жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар

Басқармада, көрсетiлетiн қызметтi алушылар жүгiнген кезде, мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мамандармен құзыреттi мемлекеттiк қызметтер көрсету процесi туралы түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандырунәтижелерi.

Басқармамен жүйелi түрде көрсетiлетiн қызметтi алушылардан талап етiлетiн құжаттардың мерзiмiн және саныноңтайландыру, мемлекеттiк қызметтер көрсетудi автоматтандыру және мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмне жаңа қызметтердi енгiзу туралы ұсыныстар енгiзу тұрғыда Басқарма функционалына талдау жасасу бойынша iс-шаралар жүргiзiледi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетуге жауапты мамандар тиiстi Заңдарды, қағидаларды, әдiстемелiк ұсынымдарды, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiн зерделеу арқылы өз бiлiм дәрежесiн арттырады.

Тұрақты негiзiнде Басқарма қызметкерлерi кестеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында бiлiктiлiгiн жетiлдiредi. 2019 жылы 2 қызметкер бiлiктiлiгiн арттырды.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласында қоғамдық қатынастарды реттеу, оның негiзгi қағидалары мен нормаларын белгiлеу үшiн, 2013 жылғы 15 наурызда «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттiң, азаматтардың құқықтарын және мүдделерiн сақтау үшiн, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң жаңа стандарттары.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2019 жылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер алушылардан ешқандай шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi.

Басқармамен тұрақты негiзiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасына iшкi бақылау жүргiзiледi, соның нәтижесiнде ай сайын Ақмола облысы әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметтердiң ұсынылуын талдау бөлiмiне мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасына iшкi бақылау жөнiндегi жұмыс туралы есеп жолданады.

Мақаланың шыққан күні: 28.02.2020 19:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.02.2020 19:19
Қаралым саны: 846

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz