A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2016 жылғы қызметі туралы есебі

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) жүктелген мiндеттерге сәйкес Ақмола облысының аумағында өнеркәсiп, индустриялық-инновациялық дамыту, шағын және орта кәсiпкерлiк, сауда, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады.

Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 96

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат

Басқармамен 10 мемлекеттiк қызметтер көрсетiледi:

-«Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы аясында субсидиялау;

-«Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы аясында кепiлдiктер беру;

-«Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттiк гранттар беру;

-«Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы аясында өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету;

- Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу;

-Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру;

-Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру;

-Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және сақтау;

-Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндiрудi жүргiзу, барлауға немесе өндiруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшiн берiлген жер қойнауының учаскелерiне арналған сервитуттарды тiркеу;

-Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға келiсiмшарт келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және сақтау.

Ақысыз негiзде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны — 9 қызмет түрi, ақылы негiзде — 1 қызмет түрi.

Тек қағаз нысанында көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер түрiнiң саны — 7 қызмет түрi, қалған 3 мемлекеттiк қызмет түрiн электронды түрде, сондай-ақ қағаз түрiнде де алуға болады.

Барлық 10 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары мен регламенттерi бекiтiлдi.

3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

Басқармамен 2016 жылы 242 мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi.

Соның iшiнде есеп беру кезеңiнде барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер:

- «Бизнестiң жол картасы — 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау -133;

- Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру — 64;

- Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және сақтау — 30.

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында– www.uрр.akmo.gov.kz, «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығының: 1414 немесе 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ғимаратында мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерi туралы ақпаратымен ақпараттық стендтер орнатылды.

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

Қазiргi уақытта мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу үшiн талқылауға шығарылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобалары жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар

Басқармада, көрсетiлетiн қызметтi алушылар жүгiнген кезде, мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мамандармен құзыреттi мемлекеттiк қызметтер көрсету процесi туралы түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Басқармамен жүйелi түрде көрсетiлетiн қызметтi алушылардан талап етiлетiн құжаттардың мерзiмiн және санын оңтайландыру, мемлекеттiк қызметтер көрсетудi автоматтандыру және мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмне жаңа қызметтердi енгiзу туралы ұсыныстар енгiзу тұрғыда Басқарма функционалына талдау жасасу бойынша iс-шаралар жүргiзiледi.

2016 жылы Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы құжаттарды қабылдау бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайда, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндiрудi жүргiзу, барлауға немесе өндiруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшiн берiлген жер қойнауының учаскелерiне арналған сервитуттарды тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет аясында пилоттық жоба енгiзiлдi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетуге жауапты мамандар тиiстi Заңдарды, қағидаларды, әдiстемелiк ұсынымдарды, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiн зерделеу арқылы өз бiлiм дәрежесiн арттырады.

Тұрақты негiзiнде Басқарма қызметкерлерi кестеге сәйкес, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру аймақтық орталығы» МҚКМ бiлiктiлiгiн жетiлдiредi.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласында қоғамдық қатынастарды реттеу, оның негiзгi қағидалары мен нормаларын белгiлеу үшiн, 2013 жылғы 15 наурызда «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттiң, азаматтардың құқықтарын және мүдделерiн сақтау үшiн, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң жаңа стандарттары және регламенттерi қабылданады.

Басқарманың бас маманы-заңгер мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттер жобаларын әзiрлеуiне және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерiне уақытылы өзгерiстер енгiзуiне бақылау жүргiзедi, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiнiң жобаларын қағидаларға сәйкестiгiн тексередi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Өтініш беруші туралы мәліме Шағымның мазмұны Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қарастырған күні Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың № Қабылданған шешім Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
1 2 3 4 5 6 7
«Тазы» Спорттық-аңшылық клубы»ЖШС «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында грант беруден бас тарту «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі 12.08.2016 ЗТ-К-659 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, ӨҮК шешімімен 2016 жылғы 25 маусымдағы №13 хаттамасымен «Тазы» Спорттық-аңшылық клубы»ЖШС мемлекеттік грант беруден бас тарту туралы бірауыздан шешім қабылданды  

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi.

Басқармамен тұрақты негiзiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасына iшкi бақылау жүргiзiледi, соның нәтижесiнде ай сайын Ақмола облысы әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметтердiң ұсынылуын талдау бөлiмiне мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасына iшкi бақылау жөнiндегi жұмыс туралы есеп жолданады.

2016 жылғы тамыздың 23-нен 26-на дейiн Ақмола облысы әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметтердiң ұсынылуын талдау бөлiмiмен мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша бақылау шаралары жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде елеулi бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi.

2016 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер басқармасымен мемлекеттiк қызметтер көрсету саласында заңнамаларды сақтауына жоспардан тыс тексеру жүргiзiлдi. Жүргiзiлген тексерiс нәтижелерi бойынша бұзушылықтар жоқ.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг есеп беру кезеңiнде «Бiлiм» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен қоғамдық мониторинг жүргiзiлдi.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасымен қанағаттануының тиiмдiлiгi және оны алдағы уақытта арттыру мақсатында, Басқармамен қоғамдық мониторингтiң ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауына бағытталған, мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасын арттыру жөнiндегi 2017 жылға арналған iс-шаралар жоспары бекiтiлдi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.03.2017 14:39

Комментарии


Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15