A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2013 жылғы қызметінің есебі

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының
мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi
2013 жылғы қызметiнiң есебi

1. Жалпы ережелер

1)​ Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер.

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесi, 179 «А», тел/факс (8 7162) 76-29-42, e-mail: depprom@bk.ru.

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны- 15;

халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саны — 1;

тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны: тегiн-13, ақылы негiзде — 2;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны: қағаз нысанда — 14, электрондық нысанда- 1;

бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттер саны — 0, қазiргi кезде 14 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары бекiтуде.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы ақпарат басқарманың www.upp.akmol.kz сайтында орналасқан.

3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

1.​ «Бизнестiң жол картасы 2020», Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламалары шеңберiнде 2013 жылы сыйақы ставкаларын субсидиялау бойынша — 47 қызмет көрсетiлдi.

2.​ «Бизнестiң жол картасы 2020» Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламалары шеңберiнде гранттар беру бойынша- 21 қызмет көрсетiлдi.

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер — Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы сайты — www.upp.akmol.kz

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат — Қазақстан Республикасының электрондық үкiметi www.egov.kz

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)-ақпарат басқарманың www.upp.akmol.kz сайтында, стендтарында орналасқан.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi — 2 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер автоматтандырылды — «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу», «Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау, қайта ресiмдеу, лицензия телнұсқасын беру».

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар — мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша әрдайым кеңестер, семинарлар жүргiзiледi.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру — 14 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары бекiтуде, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регаменттерiнiң жобалары әзiрлендi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — ескертулер жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi — ескертулер жоқ.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру — мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру үшiн мемлекеттiк қызметтер көрсету жөнiнде ақпарат, өтiнiш үлгiлерi, мемлекеттiк қызметтер көрсету жөнiндегi қызметiнiң есебiн көпшiлiк талқылау жүргiзiлуi басқарма сайтында орналасқан, мемлекеттiк қызметтер уақытылы және сапалы көрсетiлуi қамтамасыз етiлген.

Ақмола облысының кәсiпкерлiк
және өнеркәсiп басқармасының
мемлекеттiк қызметтер көрсету
мәселелерi жөнiндегi 2013 жылғы
қызметiнiң есебiне қосымша
Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi
көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Өтініш беруші туралы мәлімет Шағымның мазмұны Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қарастырған күні Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың № Қабылданған шешім Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
1 2 3 4 5 6 7
- - - - - - -
             
             
             
 
 
         

 

2013 жылы, 2014 жылғы қаңтар айында мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.01.2017 11:36

Комментарии


Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15