A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Конкурстар туралы хабарламалар

31.05.2017ж.

«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 96, кабинет 401, 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2) 24-00-04,8(716-2) 24-00-07, факс: 8(716-2) 24-00-00, электрондық мекен-жайы: depprom@bk.ru) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткiзедi:

1.Өнеркәсiп бөлiмiнiң бас маманы, «D-O-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282 теңгеден 112 430теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Өнеркәсiп салаларын, өнеркәсiп орындарының өндiрiстiк-экономикалық қызметiн дамыту мониторингiн жүргiзу, тауарлық өнiм көлемдерiнiң болжамды орындалуын есептеу. Жергiлiктi қамтуды дамыту, отандық тауар өндiрушiлерiн, өңiраралық кооперацияны қолдау бойынша мониторинг жүргiзу және iс-шаралар кешенiн өткiзу. Облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар және қызметтер менөндiрушiлерiнiң тiзбесiн құру. Экономиканың басым секторларын белгiлеу бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзу. Талдамалы ақпаратты дайындау, облыстың сыртқы экономикалық айналымының болжамды көрсеткiштерiн есептеу. Шикiзат емес экспортты дамыту бойынша iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру. Облыс аумағында құзыретi шегiнде «Өнiмдiлiк-2020» бағдарламасын жүзеге асыруына қатысу. Өңдеу өнеркәсiп салаларында еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бойынша шаралар қолдану. Құзыретi шегiндеазаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша ақпараттар дайындау, облыстық сауда қызметiн және тамақтану, жанар-жағар май қызметiн ұйымдастыру бойынша iс-шаралар кешенiн өткiзу, республикалық және облыстықкомандно-штаб оқытуларына қатысу. Негiзгi қызмет мәселелерi бойынша ақпараттар, кесте және тұсаукесер материалдарын, сөз сөйлеу және баяндамалар жобасын дайындау. Бөлiм жұмысының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестерге, семинарларға, көрмелерге, форумдарға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiм, әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2.Өнеркәсiп бөлiмiнiң бас маманы- баспасөз хатшысы, «D-O-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282теңгеден 112 430теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Қоғамда оң имиджiн жасау үшiн бұқаралық ақпарат құралдарымен басқарманың өзара әрекеттесуiн қамтамасыз ету, басқарма сайтын қоғамдық-маңызды ақпаратпен тұрақты толтыру. Бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурсты арқылы басқарма қызметi туралы объективтi қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру. Басшының тапсырмалары негiзiнде ресми өтiнiштердi, хабарламаларды, мақалаларды, баспасөз релиздердi және басқа да ақпараттық материалдарды дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарында тарату, сондай-ақ осы материалдарды мұрағаттау. Брифингтер ұйымдастыру және материалдарды дайындау, басқарма басшысының құттықтау мәтiндерiн және өзге де жеделхаттарды, атаулы және өзге күндерге және оқиғаларға хаттарды дайындау, сөйлейтiн сөздерiнiң тезистерiн редакциялау. Басқарма имиджiн әлеуметтiк желiлерде қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiм, әлеуметтiк ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе бiлiм беру саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3.Жоспарлау және дамыту бөлiмiнiң бас маманы, «D-O-4» санаты, (негiзгi қызметкердiң жүктiлiк және босану бойынша демалысы кезеңiне), 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282 теңгеден 112 430теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бекiтiлген өкiлеттiк шегiнде бөлiм жұмысын ұйымдастыру. Облыстың аумақтарын дамыту бағдарламасы аясында стационарлы сауда объектiлерiн дамыту үшiн iс-шаралар кешенiн әзiрлеу және жүзеге асыру. Сауда қызметi саласында мониторинг және талдау жүргiзу. Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаның өсуiне жол бермеуге бағытталған шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру. Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларынабөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн сақтауына мемлекеттiк бақылау жүргiзу. Алдағы күнтiзбелiк жылға мұнай өнiмдерiнiң тұтыну болжамын құру. Мұнай өнiмдерiнiң өндiрiсi саласында уәкiлеттi органдармен бөлiнген көлемдер шегiнде бөлшек өткiзушiлерiне мұнай өнiмдерiн бөлу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ақмола облысының әкiмдiгi жанындағы сауда нарықтарына санат беру жөнiндегi комиссияның жұмыс органының қызметiн ұйымдастыру. Азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақты қорын басқару жөнiндегi комиссияның жұмыс органының қызметiн ұйымдастыру. «Есiл» ӘКК» ҰК» АҚ азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақты қорын құру және пайдалану мәселелерi бойынша өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. Бөлiм құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талдамалы материалдар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiм, әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар қатысады. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасыныңперсоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi.

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi. Олар ұсынылмаған жағдайда, конкурс комиссиясы азаматты әңгiмелесуден өтуге жiбермейдi.

Құжаттар Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасыныңжәне уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасындаөтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымына орналасуға конкурс
өткiзу қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi________________________________________________________________ ____________________________________________________________________бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:

__________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________ 

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 3-қосымшасы

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО

(түрлітүсті/ цветное,
3х4) 

 

______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))

_______________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты/Национальность (по желанию)  
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения  
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шеттiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптықшенi (болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет (болған жағдайда)/ вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жылсайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня-ется государственными служащими)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

ЕҢБЕК ЖОЛЫ
ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/приема босатылған/увольнения
     
     
     
     
     
     
     
Кандидаттың қолы/Подпись кандидата_______________күні/дата_________    

19.01.2017ж

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi арасында бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 1, кабинет 401, 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2) 24-00-04, 24-00-07, факс 8(716-2) 24-00-38, электрондық мекен-жайы: depprom@bk.ru) мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

Өнеркәсiп бөлiмiнiң басшысы, D-O-3 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 109932,35 теңгеден 148 242,10 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бекiтiлген өкiлеттiк шегiнде бөлiм жұмысын ұйымдастыру. Облыс аумағында индустриялық-инновациялық қызметiнiң мемлекеттiк қолдау саласында мемлекеттiк саясатын құру және жүзеге асыру, өнеркәсiп саласын дамыту, өңiрлiк бағдарламаларын, өңiрдi әлеуметтiк-экономикалықдамыту жоспарларын әзiрлеу, шикiзат емес экспортты, жергiлiктi қамтуды және өңiраралық кооперацияны дамыту, өнеркәсiп орындарында еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бойыншажұмыстарды ұйымдастыру. Азаматтық қорғаныс және ТЖ саласында бөлiм жұмысын үйлестiру. Негiзгi қызмет мәселелерi бойынша ақпараттар, кесте және тұсаукесер материалдарын, сөз сөйлеу және баяндамалар жобасын дайындау. Бөлiм жұмысының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестерге, семинарларға, көрмелерге, форумдарға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кiшi офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегi, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркеу үшiн «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiне жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады: 1) бекiтiлген нысанға сәйкес өтiнiш; 2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар iшкi конкурс жариялау туралы «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ және уәкiлеттi органның ресми сайттарында соңғы жарияланған күннен кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуы керек.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер, әңгiмелесудi 3 жұмыс күн iшiнде әңгiмелесу өткiзу күнi туралы хабарландырылғаннан кейiн «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.06.2017 11:54
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15