A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстыұйымдастырушы:

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi,

Орналасқан жерi: Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасыКөкшетау қаласы, Абай көш. 89, Ақмола облысы аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының кәсiпкерлiк саласында жергiлiктi атқарушы органдар (кәсiпкерлiк бөлiмдер);

пошталық мекенжайы: 02000, Көкшетау қаласы, Абай көш. 96;

электрондық пошта мекенжайы: depprom@akmo.kz;

байланыс телефоны: 8 (7162) 24-00-16. 24-00-14. 24-00-15;

Конкурс нысанасы: "Бизнестiң жол қартасы 2020" бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм берiлетiн жер:

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының 404 каб.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша конкурстық өтiнiм мен толық құжаттама топтамасын бередi.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2018 ж. «20» наурыздан бастап 2018 ж. «20» сәуiр аралығында, жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен)

Өтiнiмдердi беру басталатын күнi мен уақыты: 2018 ж. «20» наурыз сағат 10.00 (жергiлiктi уақытпен)

Өтiнiмдердi беру аяқталатын күнi мен уақыты: 2018 ж. «20» сәуiр сағат 13.00 (жергiлiктi уақытпен)

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен upp.akmo.gov.kz сайтында танысуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) жүгiнуi кезiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

2015 жылдың 24 сәуiрiнде № 352 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрi бұйрығымен бекiтiлген стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық iрiктеуге қатысуға өтiнiм;

заңды тұлғаны (дара кәсiпкердi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

өтiнiш берiлген күнге дейiн күнтiзбелiк 30 күн бұрын берiлген бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешектiң жоқ екенi туралы анықтама;

өтiнiм берiлген кездегi жалдамалы жұмыскерлердiң орташа саны туралы басшының қолымен және өтiнiш берушiнiң мөрiмен (болған жағдайда) расталған анықтама;

бизнес-жоба;

Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберiнде кәсiпкердiң оқудан өткенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

кәсiпкердiң ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екенi туралы банк шотынан үзiндi көшiрме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiктiң бағалау құнын растайтын құжаттар;

кәсiпкердiң атынан өтiнiм беру құқығына сенiмхат, сенiм бiлдiрiлген адам төлқұжатының көшiрмесi (заңды тұлғаның атынан — заңды тұлға растаған).

Көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнде құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн көрсете отырып тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 20.03.2018 11:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.03.2018 11:39
Қаралым саны: 174

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz