A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Геология саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы

Геология саласындағы
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер
регламенттерiн бекiту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

3) «Кен iздеушiлiкке арналған лицензияны беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2. Күшi жойылды деп танылсын:

1) «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 23 шiлдедегi № А-8/349 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4963 болып тiркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйекте «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған);

2) «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 23 шiлдедегi № А-8/349 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № А-1/605 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5729 болып тiркелген, 2017 жылғы 13 ақпанда Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары М.Н. Иғалиевке жүктелсiн.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi                                                                                                      Е. Маржықпаев

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы ________________
№ ___________ қаулысымен
бекiтiлген

«Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 501 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде

№ 11452 болып тiркелген) бекiтiлген «Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды немесе алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың болуы туралы еркiн нысандағы хабарлама-хат немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және бұрыштама қою үшiн басшыға жiбередi — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстыруды жүзеге асырады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды — 7 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қояды — 1 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды тiркеу және басшыға бұрыштама қоюға жiберу;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысын анықтау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындау;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және бұрыштама қою үшiн басшыға жiбередi — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстыруды жүзеге асырады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды — 7 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қояды — 1 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн бередi — 15 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылының) кезеңдiлiгiн сипаттау.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ пароль арқылы порталда тiркеудi iске асырады (порталда тiркелмеген қызмет алушылар үшiн iске асырылады);

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн порталда қызмет алушының ЖСН/БСН және паролiн енгiзу үдерiсi (авторизациялау үдерiсi);

1-шарт — ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығын порталда тексеру;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзушылықтардың бар болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдап алуы, қызмет көрсету үшiн сауал түрiн экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрiне электрондық түрдегi стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды бекiтумен қызмет алушының үлгiлердi толтыруы (деректердi енгiзу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдап алуы;

2-шарт — порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және қайта шақыртып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқ екендiгiн, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сауалда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында) сәйкестiгiн тексеру;

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ төлтумалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң сауалды өңдеуi үшiн «электрондық үкiметтiң» өңiрлiк шлюзi автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрi — ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкiметтiң» шлюзi арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (сауалды) жолдау;

3-шарт — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызмет алушы Стандартта көрсетiлген және қызмет көрсетуге негiз болған қоса берген құжаттарының сәйкестiгiн тексеруi;

6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

7-процесс — портал қалыптастырған қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi хабарлама) алуы.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекет етуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлдi.

Жоба (DOCX 541 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 19.06.2019 12:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.08.2019 14:51
Қаралым саны: 1174

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz