A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2019 жылғы 29 шiлдедегi № 280 «Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiн iске асырудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Қоса берiлетiн Ақмола облысында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiн iске асыру Ережелерi бекiтiлсiн.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау, Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасарлары М.Н. Иғалиев, Ғ.К. Әбдiхалықовқа жүктелсiн.

3.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi

                                  Облыс әкiмi                                                                              Е. Маржықпаев

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы _______
№ ____ қаулысымен
бекiтiлген

Ақмола облысында әлеуметтiк маңызы бар
азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiн iске асыру Ережелерi

1-тарау. Жалпы ережелер

1.Осы Ақмола облысында әлеуметтiк маңызы бар азық — түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiн iске асыру қағидалары (бұдан әрi-қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 7 бабының 2 тармағының 17-10 тармақшасына (бұдан әрi-заң) Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2019 жылғы 29 шiлдедегi № 280 бұйрығымен бекiтiлген әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiн iске асырудың үлгiлiк қағидаларына сәйкес әзiрлендi.

2.Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1)азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қоры — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аграрлық азық-түлiк нарығына реттеушiлiк әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

2)азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларын қалыптастыру — сатып алу интервенциялары, азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларына азық-түлiк тауарларын орналастыру және сақтау;

3)азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорын пайдалану — тауар интервенцияларын және азық-түлiк тауарларын жаңарту мақсатында азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларынан азық-түлiк тауарларды өткiзу;

4)азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорын жаңарту — кейiннен немесе бiр мезгiлде мөлшерi бiрдей және сапасы ұқсас азық-түлiк тауарларын сала отырып, азық-түлiк тауарларын сақтау мерзiмiнiң өтуiне дейiн (бiр айдан кем емес) өткiзу;

5)әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарлары — тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, адамның физиологиялық қажеттiлiктерi қанағаттандырылатын азық-түлiк тауарлары;

6)мамандандырылған ұйымдар — тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетiктерiн iске асыратын ұйымдар;

7)сатып алу интервенциялары — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтарында бағалардың төмендеу кезiнде мамандырылған ұйымдармен азық-түлiк тауарларын сатып алу бойынша шаралар;

8)тауарлық интервенциялары — бағалардың өсу кезiнде iшкi нарықты тұрақтандыру мақсатында азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларынан iшкi нарықта азық-түлiк тауарларын өткiзу бойынша шаралар.

3.Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерi осы әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiн iске асыру қағидаларына сәйкес iске асырылады.

4.Әлеуметтiк маңызы бар азық — түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiн тиiмдi және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiн iске асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия (бұдан әрi-Комиссия) құрады және оның құрамын бекiтедi.

5.Комиссия төрағасы облыс әкiмiнiң орынбасары болып табылады, комиссия мүшелерi мүдделi басқармалар мен ведомстволардың қызметкерлерi, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi болып табылады. Комиссия өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады.

6.Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және тоғыз адамнан кем болмауы тиiс. Бұл ретте Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi болуға тиiс. Комиссия хатшысы оның мүшесi болып табылмайды.

7.Комиссияның құзыретiне жатады:

1)Ақмола облысының әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiн iске асыру туралы шешiм қабылдау;

2)азық-түлiк тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi тетiктi iске асыру мақсатында Азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесi мен көлемiн және олар бойынша шектi сауда үстемесiн айқындау;

3)осы әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетiктерiн iске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беру үшiн кәсiпкерлiк субъектiлерiн айқындау;

4)мамандандырылған ұйымның өңiрлiк тұрақтандыру қорының әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына шектi сауда үстемесiн айқындау жөнiндегi ұсыныстарын қарау.

8.«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

9.Жұмыс органы ай сайын 20-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрлiгiне әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiнiң iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.

10.Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетiктерiн iске асыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте тiркелген әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетiктерiн iске асыратын мамандандырылған ұйымдардан көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетiктерiн iске асыру тәртiбi

11.Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасын тұрақтандырудың мынадай тетiктерi iске асырылуда:

1)тұрақтандыру қорларының қызметi;

2)кәсiпкерлiк субъектiлерiне қарыз беру.

1-Параграф. Азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорлары қызметiнiң тәртiбi.

12.Азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларының қызметi өңiрлiк тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

13.Азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi тетiктi iске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңiрлiк балансы, болжамды өнiм, өткен күнтiзбелiк жылда қалыптасқан бағалар, өзге де мәлiметтер негiзiнде азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорына сатып алынатын әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ шектi сауда үстемесiн айқындайды.

14.Азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорына сатып алу үшiн қажеттi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының тiзбесi «Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекiтiлген әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының тiзбесiнен қалыптастырылады.

15.Мамандандырылған ұйым өткiзетiн әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына шектi сауда үстемесi Ақмола облысының әкiмi бекiткен бағалардың шектi мәндерiн ескере отырып қалыптастырылады.

1 параграф.Азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорлары қызметiнiң тәртiбi

16.Комиссия әкiмге сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесi мен көлемiн және олар бойынша шектi сауда үстемесiн бекiту туралы ұсынымдар енгiзедi.

17.Облыс әкiмi Комиссияның ұсынымы негiзiнде сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесi мен көлемiн және шектi сауда үстемесiн бекiтедi.

18.Өңiрлiк тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезiнде азық-түлiк тауарларын сатып алу тiкелей өндiрушiлерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiнен жүзеге асырылады, ал жергiлiктi өндiрiс тауарлары болмаған кезде сатып алу көтерме операторлардан жүргiзiлуi мүмкiн.

19.Өңiрлiк тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары «Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес оны сақтау, тасымалдау және өткiзу кезiнде тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс.

20.Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер мен басқа да көздер негiзiнде өңiрдiң азық-түлiк тауарларының iшкi нарығына және агроөнеркәсiптiк кешен өнiмдерi нарығына тұрақты талдау жүргiзедi және сатып алу интервенциялары туралы шешiм қабылдайды.

21.Өңiрлiк тұрақтандыру қорын пайдалануды мамандандырылған ұйым тауар интервенцияларын жүргiзу және азық-түлiк тауарларын жаңарту арқылы жүзеге асырады.

22.Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы мемлекеттiк мекемесi және Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандандырылған ұйыммен бiрлесе отырып, әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына баға мониторингiн және өңiрдiң iшкi нарығына талдау жүргiзедi.

23.Мамандандырылған ұйым 15 күн iшiнде әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан немесе олардың бағалары 25% — дан астам артқан жағдайда 2 (екi) жұмыс күнiнен кешiктiрмей тауар интервенцияларын жүргiзу туралы шешiм қабылдайды.

24.Мамандандырылған ұйым өңiрлiк тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында өңiрлiк тұрақтандыру қорының азық-түлiк тауарларын сақтау мерзiмдерiн тұрақты негiзде қамтамасыз етедi.

25.Мамандырылған ұйым тұрақты негiзде бағалардың және өңiрдiң азық-түлiк Өңiрлiк тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлiк тауарларын сақтау мерзiмдерi өткенге дейiн азық-түлiк тауарларын өңiрлiк тұрақтандыру қорынан өткiзу немесе азық-түлiк тауарларын сақтау мерзiмдерi өткенге дейiн жеткiзушiге қайтару жолымен, кейiннен сақтау мерзiмi жаңа азық-түлiк тауарларының осындай көлемiн немесе келесi жылдың жаңа өнiмiнен жеткiзу арқылы жүзеге асырылады.

26.Тұрақтандыру қорының азық-түлiк тауарларын сатуы тауар интервенциялары, азық-түлiк тауарларын жаңарту үшiн мамандандырылған ұйымдармен өзiнiң өткiзу нүктелерi және бөлшек-сауда объектiлерi арқылы, сондай-ақ қайта өңдеу кәсiпорындарымен шектi сауда үстемесiнiң шегiнде әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын өндiру үшiн жүзеге асырады.

27.Бұл ретте қайта өңдеу кәсiпорны өндiрген дайын азық-түлiк тауарының бағасы шектi рұқсат етiлген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсiпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтiлуi тиiс.

28.Мамандырылған ұйым жергiлiктi атқарушы органмен бiрлесiп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда нүктелерiнiң орналасқан жерi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, жергiлiктi атқаруша органдардың және мамандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа жеткiзу бойынша ақпарат жұмысын жүргiзедi.

2 параграф. Кәсiпкерлiк субъектiлерiне қарыз беру тәртiбi

29.Комиссия жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетiн әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетiктерiн iске асыру қағидаларында белгiленетiн кәсiпкерлiк субъектiлерiне қойылатын талаптарға (өлшемдерге) сәйкес қарыз беру үшiн кәсiпкерлiк субъектiлерiн айқындайды.

30.Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру тетiктерiн iске асыру үшiн қарыз беру үшiн кәсiпкерлiк субъектiлерiне критерийлерге:

1)тиiстi салық органының анықтамасымен расталған салық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешектiң болмауы;

2)Ақмола облысы аумағында заңды немесе жеке тұлғаны тiркеу;

3)Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының толық жиынтығын бөлшек сауда кәсiпорнында (бөлшек кәсiпорындар желiсiнде) сатуды ұйымдастыру.

4)Екiншi деңгейдегi банктер берген кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң болмауы.

31.Комиссия кәсiпкерлiк субъектiлерiн анықтағаннан кейiн мамандандырылған ұйым кәсiпкерлiк субъектiлерiне жылына 0,01% мөлшерiнде кредиттi пайдаланғаны үшiн мөлшерлемемен қайтарымдылық және қамтамасыз ету шартымен қарыз бередi.

32.Кәсiпкерлiк субъектiсi мiндеттi түрде мамандандырылған ұйымға қарызды қайтару жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi ұсынады. Мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету: кепiл, және/немесе банк кепiлдiгi, және/немесе сақтандыру шарты, және/немесе үшiншi тұлғалардың кепiлдiгi/кепiлгерлiгi, бағаны тұрақтандыру үшiн сатып алынған және сатып алынатын тауар-материалдық құндылықтардың кепiл шарты түрiнде берiледi. Осы кепiлдiк / кепiлгерлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда ресiмделедi.

33.Қарыз беру шарттары, талаптарды орындамағаны үшiн жауапкершiлiк мамандандырылған ұйым мен кәсiпкерлiк субъектiсi арасында жасалатын қарыз шартында белгiленедi.

Қарыз шартында мамандандырылған ұйымның берiлген қарыздың нысаналы пайдаланылуын және әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағалардың белгiленген деңгейiнiң сақталуын тексерудi жүзеге асыру құқығы көрсетiледi.

34.Жергiлiктi атқарушы органдар бөлетiн ақшалай қаражат қаржыландыру көзi болып табылады.

35.Қарыз мерзiмi өткен берешектi қайта қаржыландыруға берiлмейдi.

36.Қарыз тек ұлттық валютада берiледi.

Жоба (DOCX 27 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 01.08.2019 15:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.08.2019 15:09
Қаралым саны: 551

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz