A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының аумағында өз қажеттіліктері үшін жеке тұлғалардың орман ресурстарын жинау нормаларын және мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы

Ақмола облысының
мемлекеттiк орман қорының
аумағында өз қажеттiлiктерi
үшiн жеке тұлғалардың орман
ресурстарын жинау нормаларын
және мемлекеттiк орман қорында
және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарында орманды
пайдаланғаны үшiн төлем
ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 08 шiлдедегi Орман кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

1. Қоса берiлгендер бекiтiлсiн:

1) Ақмола облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеттiлiктерi үшiн орман ресурстарын жинау нормалары осы шешiмнiң 1 қосымшасына сәйкес;

2) Ақмола облысының мемлекеттiк орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шайыр және ағаш шырынын дайындауға төлем ставкалары осы шешiмнiң 2 қосымшасына сәйкес;

3) Ақмола облысының мемлекеттiк орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында екiншi дәрежелi сүрек ресурстарын дайындауға төлем ставкалары осы шешiмнiң 3 қосымшасына сәйкес;

4) Ақмола облысының мемлекеттiк орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлем ставкалары осы шешiмнiң 4 қосымшасына сәйкес;

5) Ақмола облысының мемлекеттiк орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының телiмдерiн аңшылық шаруашылығы қажеттiлiгi үшiн, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристтiк, рекреациялық және спорттық мақсаттарына пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары осы шешiмнiң 5 қосымшасына сәйкес.

2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облыстық                                                                                          Ақмола облыстық
мәслихаты                                                                                                      мәслихатының
сессиясының                                                                                                  төрағасыхатшысы
_______________                                                                                          _______________ Баймағамбетов Ә.Б.

 

КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлiгi
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесi комитетi Ақмола облыстық
орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесi аумақтық инспекциясының басшысы
_______________ А. Дарбаев

Жүктеу (DOC 114 Kb)

Заключение АРВ (PDF 757 Kb)

АРВ (PDF 9699 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 19.02.2020 15:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.02.2020 15:38
Қаралым саны: 891

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz