A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 шiлдедегi №1167 қаулысы

"Егемен Қазақстан" газетi 2009 жыл 25 тамыз N 275-276 (25673); "Казахстанская правда" 12.08.2009 ж., № 194 (25938) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 34, 329-құжат

"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесi бекiтiлсiн.

2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiн және "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1059 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 41, 449-бап) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 шiлдедегi N 1167 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын
ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесi

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесi (бұдан әрi — Ереже) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсы және «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына (бұдан әрi — Жарлық) сәйкес әзiрлендi.

2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрi — конкурс) қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртiбiн белгiлейдi.

2. Материалдарды ресiмдеу және ұсыну тәртiбi

3. Конкурсқа қатысу үшiн конкурсқа қатысушы 1 шiлдеге дейiн конкурсты ұйымдастырушыға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi және мыналарды:

1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама-декларацияны;

2) оның қызметiнiң және сапа саласындағы нақты нәтижелердiң деңгейiн өзiндiк бағалауды бiлдiретiн конкурсқа қатысушының есебiн — 36 беттен көп емес;

3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшiрмелерi) — 30 беттен көп емес;

4) конкурсты ұйымдастырушы белгiлеген нысан бойынша өлшемдер көрсеткiштерi негiзiнде толтырылған конкурсқа қатысушының сапа саласындағы қызметiн өзiндiк бағалау бойынша сауалнаманы;

5) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес негiзгi көрсеткiштер туралы ақпаратты;

6) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;

7) менеджмент жүйесiне арналған сертификаттардың көшiрмесiн қамтитын құжаттар жиынтығын 3 данада тапсырады.

4. Конкурсқа қатысушының есебi мыналардан тұруға тиiс:

1) конкурсқа қатысушы қызметiне қысқаша шолу;

2) Қазақстан Республикасының Президентi сыйлығының моделiне сәйкес белгiленген өзiндiк бағалау өлшемдерiнiң сипаты.

5. Көлемi А4 пiшiмiндегi 6 парақтан аспайтын шолуда мыналар қамтылуға тиiс:

1) конкурсқа қатысушының тарихы;

2) өнiмнiң (қызметтердiң) негiзгi түрлерiнiң сипаты;

3) ұйымдық құрылымы;

4) өнiмнiң (қызметтердiң) сапасына қойылатын негiзгi талаптар;

5) өнiмдi өткiзетiн негiзгi нарықтар немесе көрсетiлген қызметтер туралы ақпарат (өңiрлiк, республикалық, халықаралық);

6) өнiмдi (қызметтердi) негiзгi тұтынушылардың сипаттамасы;

7) конкурсқа қатысушының маңыздылығын бiлдiретiн өзге ақпарат.

6. конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтiнiм берген сәттен бастап конкурсты ұйымдастырушы, Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы және сараптамалық топтар конкурс материалдарында қамтылған ақпаратқа қатысты толық құпиялылықты қамтамасыз етедi.

7. Конкурсқа қатысушы қызметiнiң мүмкiндiктерiн және нәтижелерiн сипаттайтын өлшемдердi (бұдан әрi — өлшемдер) конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.

Материалдарды алдын ала бағалау тәртiбi

8. Ұсынылған материалдарға алдын ала бағалау жүргiзу мыналарды қамтиды:

конкурсқа қатысушылардың материалдарына және қызметiне жергiлiктi жерлерде

алдын ала бағалау жүргiзу;

конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалау және олар

бойынша алдын ала қорытынды дайындау.

9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiне жергiлiктi жерлерде алдын ала бағалау жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен сапа саласында оқытудан өткен сарапшылар, конкурсты ұйымдастырушының өкiлдерi, қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың, оның iшiнде өзге өңiрлердiң өкiлдерi қатарынан сараптамалық топтар құрылады.

Сараптамалық топтың жергiлiктi жерлердегi сандық құрамы 3 адамнан кем болмауға тиiс.

10. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiн жергiлiктi жерлерде алдын ала бағалауды сараптамалық топтар конкурсты ұйымдастырушы бекiткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiн жергiлiктi жерлерде алдын ала бағалау нәтижелерi бойынша сараптамалық топтар өлшемдерге сәйкес баллмен бағасын қойып, сараптамалық қорытындыны жасайды.

Сараптамалық қорытынды осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.

11. Сараптамалық топтар жергiлiктi жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiн алдын ала бағалауды жүргiзгеннен кейiн 3 дана құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 10 қазанға дейiнгi мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға жiберiледi.

12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргiзу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшiн конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен сапа саласында оқытудан өткен сарапшылар, конкурсты ұйымдастырушының және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатарынан Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы құрылады.

Конкурсты ұйымдастырушы комиссиясының сандық құрамы 9 адамнан кем болмауға тиiс.

13. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы конкурсқа қатысушылардың материалдарын, сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарайды.

14. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы ұсынылған материалдарды алдын ала бағалауды жүргiзгеннен кейiн осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала қорытынды шығарады және конкурсты ұйымдастырушыға жiбередi.

15. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атақтарын беру жөнiндегi комиссияның қарауына конкурсқа қатысушылардың қорытынды материалдарын және осы материалдар бойынша алдын ала қорытындыны ұсынады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiне 1-қосымша

Тiркеу нөмiрi___________
Конкурсты ұйымдастырушы —
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Техникалық реттеу және метрология комитетi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысуға арналған
өтiнiм

1. Өтiнiм берушi
Заңды тұлғаның атауы______________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен-жайы________________________________________________________
__________________________________________________________________

Жұмыс iстеу кезеңi________________________________________________
2. Заңды тұлғаның басшысы
Тегi, аты, әкесiнiң аты___________________________________________
Лауазымы__________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________
Қызметтiк телефоны, факс__________________________________________
3. Заңды тұлғаның сипаттамасы
Қызметкерлердiң жалпы саны
Филиалдар саны____________________________________________________

Қосымша:
Сауалнама-декларация — 1 дана.
Құжаттар жиынтығы — 3 дана.
Басшының қолы

___жылғы "__"______

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiне 2-қосымша

Тiркеу нөмiрi____________________
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Алтын сана" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушының
сауалнама-декларациясы

1. Конкурсқа қатысушы

Заңды тұлғаның атауы______________________________________________

Заңды мекен-жайы _________________________________________________

2. Басшы

Тегi, аты, әкесiнiң аты____________________________________________

___________________________________________________________________

Лауазымы __________________________________________________________

___________________________________________________________________

Почталық мекен-жайы________________________________________________

___________________________________________________________________

Қызметтiк телефоны_________________________________________________

3. Заңды тұлғаның атауы туралы мәлiметтер

Қызметкерлердiң жалпы саны_________________________________________

Филиалдар саны_____________________________________________________

Шығарылатын өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) аса маңызды түрлерiнiң үш атауы), СЭҚ ТН коды

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

4. Уәкiлеттi және конкурсқа жауапты адам

Тегi, аты, әкесiнiң аты____________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Лауазымы___________________________________________________________

___________________________________________________________________

Телефоны___________________________________________________________

факс_______________________________________________________________

5. Декларация

Кәсiпорын атынан бiздiң конкурсқа қатысушылар үшiн белгiленген ережелердi орындауға келiсетiнiмiздi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығы лауреаттарының атақтарын беру жөнiндегi комиссияның шешiмi түпкiлiктi деп қабылдайтынымызды мәлiмдеймiн. Жергiлiктi жерлерде алдын ала бағалау жүргiзу қажет болған жағдайда, бiз оны ашық және күнiлгерi кесiп-пiшпей өткiзуге жәрдемдесемiз. Бiз кәсiпорынның осындай сараптамаға байланысты шығыстарды көтеретiнiн түсiнемiз.

Басшының қолы

_____жылғы "___"________

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың

материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiне 3-қосымша

Негiзгi көрсеткiштер туралы ақпаратты беру нысаны

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сана" сыйлығын
алатын ұйымның атауы______________________________________

Р/с 
N
Көрсеткіштердің атауы Өлшем бірл. 9 ай Өсу қарқыны, % Бизнес-жоспар
Ағымдағы жыл өткен жыл
1 Алынған мемлекеттік преференциялардың көлемі, барлығы        
  Оның ішінде (толық жазу):
  - салықтар бойынша (салық кредиті, кейінге қалдыру, төлемдерді бөліп төлеу)          
  - кедендік төлемдер бойынша          
  - бюджеттік ссудалар, қарыздар          
  - банктік кредиттерді пайдаланғаны үшін пайыздарды бюджеттен жеңілдету          
  - пайдаланылған отын-энергетикалық ресурстар үшін төлемдерді кейінге қалдыру          
  - жеңілдікті тарифтер          
  - жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жеңілдіктер (толық жазу)          
  - және басқалар (толық жазу)          
2 Негізгі капиталға инвестициялар көлемі млн. тг.        
3 Заттай мәндегі өнімдер өндірісі:
  -          
4 Өнімдер өндірісі:          
  - қолданыстағы бағамен          
  - салыстырмалы бағамен          
5 Өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен пайда          
6 Кәсіпорынның ақша қаражатын есепке алу шотына түскен пайда          
7 Есептердің жалпы көлеміндегі ақшалай емес есептердің үлес салмағы          
8 Өнімдерді жеткізу көлемі, барлығы          
  Оның ішінде өнімдерді экспортқа жеткізу көлемі          
9 Өнімдерді жеткізудің жалпы көлемінде экспортқа жеткізудің үлес салмағы %        
10 Экспорттың өсу қарқыны %        
11 Импорттың өсу қарқыны %        
12 Өткізілген өнімнің өзіндік құны %        
13 Өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығыны          
14 Өткізілген өнім бойынша рентабельділік %        
15 Теңгерім нәтижесі (пайда, шығын)          
16 Дайын өнімнің қалдығы (нақты мәні):
  - өткізілетін бағамен          
  - күнмен          
  - жоғарғы тұрған ұйым белгілеген күнмен берілген норматив          
17 Дебиторлық берешек, барлығы          
  Оның ішінде мерзімі өткен (1 айдан артық)          
18 Кредиторлық берешек, барлығы          
  Оның ішінде бюджет алдында мерзімі өткен (1 айдан артық)          
19 Кәсіпорынның иелігінде қалған пайда, барлығы: млн. тг.        
  оның ішінде мыналарға бағытталды:          
  - айналым қаражатын толықтыру          
  - тұтыну қоры          
  - жинақтау қоры          
  - басқа мақсаттар (толық жазу)          
20 Қызметкерлердің орташа айлық саны адам        
21 Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы мың тг.        
22 Орташа айлық еңбекақы мың тг.        
23 1-ші разряд тарифі мың тг.        
24 Ағымдағы өтімділік коэффициенті          
25 Айналым құралдарымен қамтамасыз етілу коэффициенті          
26 Жалпы ішкі өнімдегі үлесі          
27 Мыналарға түскен салықтық түсімдердің үлесі:          
  - бюджетке          
  - бюджеттен тыс қорларға          

Кәсiпорынның басшысы ______________ __________________
Бас бухгалтер ____________________ __________________

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiне 4-қосымша
Тiркеу нөмiрi___________
Сараптамалық қорытынды

Кәсіпорынның атауы Конкурсқа қатысушының құжаттары Сараптамалық бағалау Ескертпе
  Өтінім:    
Сауалнама-декларация:
Бағалау бойынша сауалнама:
Есеп:
       
       
       

Шешiмдер:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

Ұсыныстар:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

Басшының қолы
_____жылғы "__"______

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 15:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.01.2017 16:13
Қаралым саны: 1449

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz