A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/594 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы

23 желтоқсандағы № А-12/594 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде № 5236 болып тiркелген, 2016 жылғы 9 ақпанда «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерiнде жарияланған) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары М.Н. Иғалиевке жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi                                                                                                            Е. Маржықпаев

Жүктеу (DOCX 305 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 06.09.2019 13:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.09.2019 13:56
Қаралым саны: 451

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz