A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы №А-1/520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 21.09.2012 жылғы №А-10/443 қаулысы

«Ақмола облысы кәсiпкерлiк және
өнеркәсiп басқармасының
2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспарын бекiту
туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 28 желтоқсандағы
№А-1/520 қаулысына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес, Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №3445 болып тiркелген, «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы №4С-39-2 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының 2012 жылғы 18 қыркүйектегi № 5С-6-2 шешiмiнiң негiзiнде, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Ақмола облысы кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 28 желтоқсандағы №А-1/520 қаулысына келесi өзгерiстер және толықтырулар енгiзiлсiн:

жоғарыда көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ақмола облысы кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында:

«Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және қорытынды көрсеткiштерi» 3-бөлiмде:

«Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және қорытынды көрсеткiштерi» 3-бөлiмшесiнде:

«Индустриалдық-инновациялық даму» 2-стартегиялық бағытында:

«Экономиканың шикiзат емес секторларында инвестицияның үлесiн арттыру» 2.1-мақсатында

2

«

«Менеджмент жүйесін ендірген және сертификаттаған экспорттық бағыттағы кәсіпорындардың санын арттыру» ДКТРМ бірлік 21 23 19 20 21 22 23

»

жолынан кейiн келесi мазмұнды жолдармен толықтырылсын:

«

«Нысаналы индикаторға қол жеткізудің жолдары, құралдары және әдістері:  
2.1.1 -міндет Өңдеу өнеркәсібінде жаңа құрылған өндірістердің санын арттыру»;

»

«Кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды дамыту» 5-стратегиялық бағытында:

«Экономиканың шикiзат секторын дамыту мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын беру» 5.1-мақсаттында:

8-бағандағы «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстарды өткiзу» реттiк нөмiрi 1-жолында:

«1» саны «0» санына ауыстырылсын;

«

«Нысаналы индикаторға жетудің жолдары, құралдары және әдістері:

»

жолынан кейін келесі мазмұнды жолмен толықтырылсын:

«

5.1.1-міндет. Конкурсқа учаскелер мен кен орындарын шығарудың мақсатқа лайықтылығын зерттеу, мониторингі»;

»

реттiк нөмiрi 2- жолында:

2- бағанында:

«3.1.1-мiндет» сөздерi алынып тасталсын;

8-бағандағы «10» саны «0» санына ауыстырылсын;

«Бюджеттiк бағдарлама» 7-бөлiмде:

«Бюджеттiк бағдарлама» 7.1.-бөлiмшеде:

«002-Мемлекеттiк органдардың күрделi шығындары» бюджеттiк бағдарламасының кестесiнде:

«бюджеттiк шығындардың көлемi» жолындағы «6738,3» саны «6694» санына ауыстырылсын;

«Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасының шеңберiнде несиелер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау» 014-бюджеттiк бағдарламасының кестесiнде:

3

«бюджеттiк шығындардың көлемi» жолындағы «420400» саны «457268,2» санына ауыстырылсын;

«Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасының шеңберiнде шағын және орта бизнеске несиелердi iшiнара кепiлдiк ету» 015-бюджеттiк бағдарламасының кестесiнде:

«iшiнара кепiлдiк етудi алған несиелер саны» жолындағы «6» саны «2» санына ауыстырылсын;

«бюджеттiк шығындардың көлемi» жолындағы «48598» саны «11729,8» санына ауыстырылсын;

«Бюджеттiк шығындар» 7.2-бөлiмшесi осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес кестемен толықтырылсын;

«Бюджеттiк шығындардың жинағы» 7.2-бөлiмшеде:

«БАРЛЫҒЫ бюджеттiк шығындар» жолындағы «1 772 360,3» саны «1 797 316» санына ауыстырылсын;

«ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар» жолындағы «1 489 360,3» саны «1 489 316» санына ауыстырылсын;

«бюджеттiк бағдарламалардың дамуы» жолындағы «283 000» саны «308 000» санына ауыстырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Э. О. Квятковскийге жүктелсiн.

3. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгiзiледi және жариялануы тиiс.

            Ақмола облысының әкiмi Қ. Қожамжаров және бюджеттiкжоспарлау 009 жыл

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.01.2017 16:01
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15