A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы экспорттаушылардың өңірлік кеңесі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1​ Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы экспорттаушылардың өңiрлiк кеңесi осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.

2​ Қоса берiлiп отырған Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы экспорттаушылардың өңiрлiк кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн.

3​ Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы экспорттаушылар кеңесiнiң дербес құрамы Ақмола облыстық маслихатының қарауына және бекiтуiне енгiзiлсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Э.О. Квятковскийге жүктелсiн.

5. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгiзiледi.

                                       Облыс әкiмi      Қ. Қожамжаров

Ақмола облыс әкiмдiгiнiң 2012 жылғы ___ ______________ № ___________
қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы
экспорттаушылардың өңiрлiк кеңесiнiң құрамы

Қожамжаров Қайрат Пернешұлы   Ақмола облысының әкімі, кеңестің төрағасы
Квятковский Эдуард Олегович   Ақмола облысы әкімінің орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары
Қожабаева Әлия Төлеутайқызы   Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, кеңестің хатшысы
Жұмағұлов Қайрат Кәрімұлы   Ақмола облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Нұрмолдин Дулат Нұрахметұлы   Ақмола облысы бойынша салық департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Нұркенов Жомарт Жұмағалиұлы   Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
Қасенов Ғинаят Әшімұлы   Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Батырханов Шынарбек Бүркітбайұлы   Ақмола облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары
Аяған Заурбек Сейілбекұлы   «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы Ақмола филиалының директоры (келісім бойынша)
Шайкина Тұрсынхан Танымқызы   «Ақмола облысының сауда-өнеркәсіптік палатасы» қоғамдық бірлестігінің директоры(келісім бойынша)
Жұмабеков Марат Қабиұлы   Ақмола облысы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы
Әміржанов Асқар Сұлтанбекұлы   «Ақмола облысының өнеркәсіпкерлері мен кәсіпкерлерінің одағы» заңды тұлға бірлестігінің атқарушы директор (келісім бойынша)
Сұлтанов Қайрат Абайдоллаұлы   «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» ұлттық компания» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Пономарева Раиса Владимировна   Ақмола облысының сауда және кәсіпкерліктің түрлі нысандары қызметкерлері кәсіподағының төрайымы (келісім бойынша)

 

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.01.2017 13:41
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15