A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн жеңiлдiкпен кредиттеу бағдарламасы бекiту туралы

Короновирустық инфекция пандемиясына және оның Қазақстан экономикасына терiс ықпалына байланысты төтенше жағдай нәтижесiнде зардап шеккен шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн, жеке кәсiпкерлердi қолдауға арналған Қазақстан Республикасының Президентi Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгiмен бiрлесiп Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн жеңiлдiкпен кредиттеу бағдарламасын әзiрледi.

Аталған бағдарламаны iске асыру үшiн екiншi деңгейдегi банктерде негiзделген салымдарды орналастыру арқылы 600 млрд теңге бөлiндi.

Бизнестi қолдау тетiгi екiншi деңгейдегi банктердiң төтенше жағдайдың енгiзiлуi нәтижесiнде зардап шеккен шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне, жеке кәсiпкерлерге 12 айға дейiнгi мерзiммен жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға жеңiлдiкпен кредиттер беруi арқылы iске асырылады. Екiншi деңгейдегi банктердiң қаражатты игеру мерзiмi 3 ай.

Жеңiлдiкпен кредиттеу бағдарламасының операторы болып «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ айқындалды.

Бағдарламаға қатысушы банктердiң бөлiнген қаражатты мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа банктердегi депозиттерге орналастыруға, шетел валютасын сатып алуға пайдалануына және өзге мақсатқа сай пайдаланбауына тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-пен бiрлесiп кәсiпкерлерге берiлген жеңiлдiктi кредиттердiң уақтылы және нысаналы пайдаланылуына ай сайынғы негiзде мониторинг жүргiзетiн болады.

Аталған Бағдарламаға қатысушы-банктер: «Қазақстан Халық Банкi» АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Bank RBK» Банкi» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Альфа-Банк» ЕБ» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ.

Ұлттық Банкi Ақмола филиалының ақпараты бойынша

Мақаланың шыққан күні: 30.04.2020 21:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.04.2020 21:50
Қаралым саны: 710

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz