A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Кәсiпкерлiк кодексiнiң 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау қағидалары;

2) «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде ислам банктерi кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландырған кезде ислам банктерiнiң кiрiсiн құрайтын тауардың үстеме бағасының бiр бөлiгiн және жалдау төлемiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау қағидалары;

3) «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау қағидалары;

4) «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша кепiлдiктер беру қағидалары;

5) «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға мемлекеттiк гранттар беру қағидалары;

6) «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылым жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлiгiне жүктелсiн.

4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi                                                                                                   А. Мамин

Правила ДКБ 2025 (RAR 588 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 30.01.2020 16:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2020 16:35
Қаралым саны: 1108

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz