A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Тәуекелдерді азайту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл — әлемдiк қауымдастықтың жаһандық және өзектi мәселесi. Сыбайлас жемқорлық кез келген өзгерiстерге қауiп төндiредi. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейтуге баса назар аударылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың бiрқатар шаралары жүзеге асырылуда.

Осы iс-шаралардың басты мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк қағидасын енгiзу және әрқайсымыздың жауапкершiлiк деңгейiн арттыру.

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы өнеркәсiп, индустриялды-инновациялық дамыту, шағын және орта кәсiперлiк, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органы болып табылады.

Белгiлi болғандай, уәкiлеттi органдар кәсiпкерлiктi дамытуға кедергi келтiретiн себептердi және жағдайларды анықтау үшiн (әкiмшiлiк кедергiлер, лицензиялау рәсiмдерiнiң болмауы, бақылау және қадағалау функцияларын терiс пайдалану) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне талдау жасайды.

Басқармамен сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және азайту (жою) үшiн сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне сыртқы талдау жүргiзiлдi. Өткiзiлген талдау нәтижелерi бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жою жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлдi. Анықталған сыбайлас жемқорлық қауiп-қатерлерiн жою мақсатында орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттар жiберiлдi (ҚР ҰЭМ, ҚР ИДМ). Мысалы, сыбайлас жемқорлық қаупiн жою және «Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi дамыту мен қолдаудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн әкiмшiлiк кедергiлердi азайту мақсатында басқарма ҚР ҰЭМ нақты ұсыныстар жiберiлдi.

Бұдан басқа, тұрақты негiзде нормативтiк құқықтық актiлерге талдау жүргiзiледi.

Баскарма сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» бөлiм бар. Басшы мен орынбасарлардың азаматтарды қабылдау кестесi бекiтiлдi.Басқармада тұрақты негiзде 8 (7162) 24-00-00 телефон желiсi, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi үшiн жәшiк орнатылды. Қызметтiң ашықтығы мен айқындығы басқарманың басымдықтарының бiрi болып табылады.

Ербол Жақсылықов, Ақмола облысының кәсiпкерлiк және
өнеркәсiп басқармасының басшысы.

Мақаланың шыққан күні: 04.04.2018 14:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.04.2018 14:42
Қаралым саны: 545

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14