A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Хабарлама 2015 жылғы 15 қыркүйектегi №112 (17676) Арқа ажары газетiнде жарияланды

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. Жер қойнауын пайдалану және лицензиялау бөлiмiнiң бас маманы, санаты «D-О-4», 1 бiрлiк.

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткiзудi дайындау және ұйымдастыру. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша сараптама комиссиясының отырысын өткiзудi дайындау және ұйымдастыру. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасау, тiркеу және сақтау. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беру, сонымен қатар кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және/немесе өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша кепiл шартын тiркеу. Әлеуеттi жер қойнауын пайдаланушымен келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер өткiзу, кең таралған пайдалы қазбалар жөнiнде шартты құжаттарының жобаларына сараптама өткiзуiн ұйымдастыру. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келiсiмшарт мiндеттемелерiнiң орындалуына бақылау және мониторинг жүргiзу. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарт әрекетiн орындауын және тоқтатуын қамтамасыз ету. Лицензиаттардың тиiстi ережелердiң сақталуына лицензиялық бақылау, лицензиялау жүргiзу. «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу, жинау (дайындау), сақтау, өңдеу» қызметiнiң түрiне лицензияларды қайтару, жаңарту және тоқтату, сонымен қатар әкiмшiлiк бұзушылықтар туралы хаттамаларды құру. Бөлiм құзыретi шегiнде келiп түсетiн хаттарды, өтiнiштердi, үндеулердi уақытылы қарап, жауап дайындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Экономика және бизнес немесе құқық, немесе техникалық ғылым және технология саласындағы жоғары бiлiм. Орта бiлiмнен кейiнгiлер мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес өтiлi болған жағдайда жiберiледi.

2. Бас маман — заңгер, «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Мемлекеттiк сатып алулар өткiзу кезiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Басқарма қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде сотта белгiленген тәртiпте басқарманың мүдделерiн қорғау. Құқықтық қарым-қатынастар саласында кәсiпкерлердiң, жер қойнауын пайдаланушылардың үндеулерiн қарау, талдау және жауаптар дайындау. Әкiмшiлiк тосқауылдарды төмендетуге бағытталған жұмысқа қатысу. ҚР заңнама нормаларының сақталуы бойынша құқықтық жалпыға мiндеттi оқуларды және түсiндiрмелi жұмыстарды өткiзу. Құқықтық түсiндiру жұмыстары жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалу, құқықтық мәдениетiнiң, құқықтық бiлiм беру және азаматтарды тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына бағытталған жұмыстардың деңгейiн арттыру бойынша ақпаратты дайындау. Бекiтiлген iс номенклатурасына сәйкес мұрағатқа құжаттарды дайындау және тапсыру. Заңгердiң қарауындағы құжаттардың iс жүргiзуiн жүргiзу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Құқық саласындағы жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

3. Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту бөлiмiнiң бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бiрлiк.

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

«Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасының бағыттарын iске асыру жөнiндегi жұмысқа қатысу. Шағын кәсiпкерлiкке қаржы, техникалық және консультативтiк көмек көрсету мәселелерiнде қаржы институттарымен және өзге ұйымдармен өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. Берiлген бюджеттiк несиелердiң мониторингiн жүргiзу. Облыс әкiмдiгiнiң жанындағы Өңiрлiк Үйлестiру Кеңесiнiң отырыстарын ұйымдастыру және материалдар дайындау. Бөлiм құзыретi шегiнде келiп түсетiн хаттарды, өтiнiштердi, үндеулердi уақытылы қарап, жауап дайындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Экономика және бизнес немесе құқық саласындағы жоғары бiлiм. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Бақылаушы ретiнде қатысуға тiркелу үшiн мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметiне хабарласу қажет.

Конкурсқа қатысуға келесi құжаттар қажет: үлгiдегi өтiнiш; 3х4 көлемдегi фотосуретпен толтырылған сауалнама; бiлiм туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекiтiлген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №6697 тiркелдi); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; құжаттарды тапсыру сәтiнде шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат конкурс өткiзу туралы хабарландыру «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде индекс 020000, Көкшетау қ., Әуелбеков көшесi, 179 «А» 410, 415 бөлме, анықтама телефондары: 8(7162) 76-29-51, 72-21-76 электронды пошта — depprom@bk.ru мекенжайы бойынша ұсынылуы тиiс.

Әңгiмелесуге жiберiлгендiгi туралы хабарландыру алғаннан кейiн үмiткерлер оны 5 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұру және т.б.) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.01.2017 11:59
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15