A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Бизнесті дамытуға арналған грантты қалай ала аламын?

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберiнде индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк гранттар беру қағидаларына сәйкес, мемлекеттiк гранттар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған жас кәсiпкерлерге, iсiн жаңа бастаған жас кәсiпкерлерге, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн өтеусiз негiзде берiледi.

Бiр бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн мемлекеттiк грант беру мақсатында әрбiр кәсiпкер конкурстық iрiктеуге қатысушы бола алады.

Жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттiк грант көлемiнiң кемiнде 10 %-ы мөлшерiнде iске асыруға арналған шығыстарды кәсiпкердiң қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның iшiнде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiкпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның мiндеттi шарты болып табылады.

Жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн мемлекеттiк грант алуға үмiткер шағын кәсiпкерлер субъектiлерi Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiне жүгiнедi және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Мемлекеттiк гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк грант беру бойынша конкурстық iрiктеуге қатысуға арналған өтiнiм, ол Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiнiң веб-порталына орналастырылады;

2) заңды тұлғаны (дара кәсiпкердi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

3) өтiнiш берiлген күнге дейiн кемiнде күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрiлмей берiлген бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешектiң жоқ екенi туралы анықтама;

4) өтiнiм берiлген кездегi жалдамалы жұмыскерлердiң орташа саны туралы басшының қолымен және өтiнiш берушiнiң мөрiмен (болған кезде) расталған анықтама;

5) бизнес-жоба;

6) Бағдарламаның және/немесе Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде кәсiпкердiң оқудан өткенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

7) кәсiпкердiң ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екенi туралы банк шотынан үзiндi немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiктiң бағалау құнын растайтын құжаттар;

8) кәсiпкердiң атынан өтiнiм беру құқығы бар сенiмхат, сенiм бiлдiрiлген адам паспортының көшiрмесi (заңды тұлғаның атынан — заңды тұлға куәландырған).

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi Бағдарламаның жергiлiктi үйлестiрушiсiне өтiнiштi дайындау және Бағдарламаға қатысу үшiн құжаттар жинау мәселелерi бойынша консультациялық қолдау алу үшiн жүгiнуге құқылы.

Мақаланың шыққан күні: 27.07.2018 09:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.07.2018 09:49
Қаралым саны: 2112

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14