A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысында өнеркәсіптің дамуы туралы ақпарат

Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 391,8 млрд. теңгені құрды. Тауар өнімнің НКИ – 100,4%.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 91,9% құрады.

Төмендеу құрамында алтын бар кендерді барлаудың 1,8% кемуімен байланысты. Тас көмірді барлаудың көлемі 348,9% ұлғайды.

         Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 100,8% құрды.

Азық-түлік өндірісінде (НКИ-117,1%) өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда (заттай көріністе) ет және  сорпалық тағамдық азық-түлiктер 34,9%, өсімдік майы 91,5%, ұн 22,5% өсті.

Сусындар өндірісі саласында (НКИ-71,7%) алкогольсіз сусындар өндірісі 38,8%, арақ 27,8% төмендегені байқалады. 

         Химия өнеркәсібінде (НКИ-86,5%)  пестицидтер өндірісі 14,3%-ға, этил спирті 13,7%-ға төмендеді. Күкірт қышқылының өндірісі 86,0 мың тоннаны құрады, өткен жылдың кезеңіне 6,3%.

         Резеңке және пластмасса өнімдері өндірісінде (НКИ 44,0%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндірісі 6,3 есеге төмендеді (2016 жылың желтоқсан айында «Арыстан» СҚЗ» ЖШС кәсіпорнының қызметі тоқтатылған).

          Машина  жасау саласында (НКИ 116,8%) жетекші кәсіпорындары болып «ЕПК Степногорск» (теміржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндіру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерін жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделі жөндеу) табылады.

          Өсу келесі кәсіпорын бойынша байқалады:

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында тауарлық өнім көлемі 5854,1 млн. теңге немесе өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 179,3% құрды;

«ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер, 30,7%-ға);

 «КАМАЗ-Инжиниринг» (жүк автомобильдер, 21,9%-ға).

Басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі саласында (НКИ 94,1%) кірпіш өндірісі  көлемдерінің 2,1%-ға, тауарлық бетон 1,5 есеге төмендегені  байқалды.

         Металлургия саласында (НКИ 108,5%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндіру көлемінің 12,1% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметіне байланысты.

         «СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемі 1477 тоннаны құрады (2016 жылдың салыстырмалы кезеңіне 21,4% төмендеген).

Өндірістің төмендеуіне облыстың 10 аймақта жол берілген – Степногорск қ. (82,3%), Ақкөл (90,9%), Бұланды (97,2%), Егіндікөл (74,8%), Ерейментау (94,7%), Есіл (91,1%), Жақсы (92,0%), Жарқайын (88,6%), Қорғалжын (93,0%), Сандықтау (76,7%).

         ИИДМБ шеңберінде (2010-2016 жылдар бойы) іске асыру кезеңіде 158,8 млрд. теңге сомасына 72 жоба жүзеге асырылды, 6,8 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнімнің көлемі 77 млрд. теңге, нақты көлемнің индексі – 2016 жылдың  деңгейіне 102,7% құрады.

Өсімдік шаруашылығы. 2017 жылы облыс бойынша 4,7 млн га алқапқа жаздық егіс жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 4,3 млн.га алқапты дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алып жатыр.

2017 жылы 257,2 мың га алқапқа майлы дақылдарды себілді. Мал азықтық дақылдардың жаздық егісін 162,9 мың га алқапқа жүргізілді. Жалпы, өткен жылдардағы көпжылдық шөптерді есепке алғанда мал азығы дақылдары алқабының жалпы ауданы 609,6 мың га-ды құрайды.

Сондай-ақ, 2017 жылы 18,3 мың га жерге картоп отырғызылды. Көкөністер отырғызылатын алқаптың жалпы ауданы 4,3 мың га-ды құрайды.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тірі салмақта 66,4 мың тонна ет (өткен жылдың деңгейіне 8,5%-ға өсім), 267,2 мың тонна сүт (2,4%-ға өсім), 506,8 млн.дана жұмыртқа (1,5%-ға томендеу) өндірілді.

ІҚМ басының саны 0,6%-ға өсті (434,8 мың бас құрады), оның ішінде сиыр –
(204,0 мың бас), жылқы өсімі – 5,7%-ға (177,4 мың бас), қой мен ешкі төмендету – 0,9%-ға (577,5 мың бас), шошқалар өсімі – 1%-ға (124,1 мың бас), құс өсімі  - 10,2%-ға (5,8 млн. бас) дейін өсті.

          Мал шаруашылығы саласын дамытудың кредиттік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 294 бас ІҚМ, «Алтын Асық» - 1730 бас, «Құлан»- 986 бас сатып алынды. 

Астана қ. азық-түлік белдігінің аясында 11,4  млрд. теңгеге 12 жоба жүзеге асырылып жатыр, соның ішінде: 4 - астық қоймалар 4,4 млрд. теңгеге, 1- сүт өндірісі 2,2 млрд. теңгеге, 3 - жылыжый кешенің  0,9 млрд. теңгеге, 3-диірмен кешені 3,1 млрд. теңгеге, 1- өсімдік май өндіру 0,8 млрд. теңгеге. Қазіргі уақытта 4,9 млрд. теңге 4 жоба жүзеге асырылған.

Облыстың ауыл шаруашылық құрырылымдары ағымдағы жылдың 10
қыркүйек астана базарына 65,4 мың тонна сүт өнімдерін (2016 жылдың деңгейіне 9,2% өсім), 16,3 мың тонна ет өнімдерін (8,4% өсім), 157,2 млн. дана жұмыртқа (1,1% өсім) жеткізді.

Облыста 42,9 мың. белсенді шағын және орта бизнес (бұдан әрі - ШОБ) субъектілері тіркелген оның ңшңнде шағын бизнестің заңды тұлғалары 6,3 мың. орта бизнестің заңды тұлғалары 118 жеке кәсіпкерлер – 32,4 мың. шаруа (фермер қожалықтары) 4,1 мың.

(2010 жылғы 2017 жылғы 1 тамызға) іске асыру кезеңінде «Бизнестің Жол картасы-2020»  бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бағдарламасы бойынша Өңірлік Үйлестіру кеңесімен мақұлданды 682 жобаға кредит 85 млрд.теңгені сомасы құрады.

Тұтыну бағасының индексі (2017ж. шілде 2016ж. желтоқсанына) 104%  (ҚР бойынша – 103,9%) құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 104%, азық-түлік емес тауарларына – 104,4%, ақылы қызметтер – 103,6%. 

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.10.2017 17:07
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15