A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың негізсіз өсуiне жол бермеу бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы ақпарат

2018 жылғы қыркүйекте облыс бойынша тұтыну бағасының индексi 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 102,8% құрады.

Жыл басынан бастап нанға, етке және ет өнiмдерiне, сүт өнiмдерiне, сары майға, жемiстерге, қантқа, тұзға, кондитерлiк өнiмдерге, алкогольдi iшiмдiктерге; темекi өнiмдерiне, киiм-кешек және аяқ киiмге, фармацевтикалық заттарға, тұрмыстық аспаптарға, дизель отынына; сұйытылған газға, электр энергиясына, бiлiм беруге, амбулаториялық қызметтерге, қоғамдық тамақтану қызметтерiне, суық суға, байланысқа, кәрiзге бағалар өстi.

Жармаларға, жұмыртқаға, ұнға, макарон тағамдарына, қаймаққа, шайға, пастерленген сүтке, көкөнiстерге, бензинге бағалар төмендедi.

Тауар өндiрушiлерде көтерме-босату бағасының өсуi, жеке азық-түлiк тауарлары өндiрiсiнiң маусымдылығы, электр энергиясы тарифiнiң өсуi, дизель отыны бағасының өсуiне байланысты көлiк шығындарының көбеюi және басқалар, азық-түлiк бағалары өсуiнiң негiзгi себептерi болып табылады.

Тауарлар мен қызметтерге бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу мақсатында келесi iс-шаралар жүзеге асырылады.

Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы аудандар мен қалалар әкiмдiктерiмен бiрлесiп, облыстың қалалар мен аудандар бөлiнiсiнде әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына және жанар-жағармай материалдарына бағалардың жағдайына мониторинг мен талдау үнемi жүргiзiледi.

Аудан және қала әкiмдiктерiмен тауар өндiрушiлер, көтерме және бөлшек сауда сатушыларымен әлеуметтiк маңызы бар тауарларға шектi сауда үстемесiн белгiлеу жөнiнде 1304 жасалған меморандум аясында қабылданған мiндеттемелерi бойынша бақылау жұмыстары жүргiзiледi.

Облыс өңiрлерiнде дүкендер мен базарларға қарағанда, бағасы 15-20%-ға төмен 932,5 млн. теңгеге азық-түлiк сатылып, 498 ауыл шаруашылық жәрмеңкесi өткiзiлдi.

Жергiлiктi азық-түлiк тауарларының өндiрiсiн ұлғайту, бағаны тұрақтандыру факторлардың бiрi болып табылады.

2018 жылдың қаңтар-тамызда облыстың өңдеу кәсiпорындарымен 57,1 млрд. теңгеге азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi, бұл 2017 жылғы мерзiмiмен салыстырғанда 111,1% құрады. Оның iшiнде 17,1 мың тонна ет, 1307 тонна шұжық өнiмдерi, 1839 тонна күнбағыс майы, 36,1 мың тонна сүт және кiлегей, 540 тонна iрiмшiк пен сүзбе, 286,1 мың тонна ұн, 19,0 мың тонна нан, 1789 тонна ет жартылай фабрикаттар өндiрiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 14:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.10.2018 16:02
Қаралым саны: 2890

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14