A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк
және өнеркәсiп басқармасы» ММ
басшысының
2017 жылғы «05» мамырдағы
№ 30-н
бұрығына қосымша

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнiң
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1.Қоғамдық қатынастар саласының атауы: жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу, мемлекеттiк қолдау және дамыту, бәсекелестiктi дамытуға көмектесу саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушiнiң атауы: «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

3.Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс iстейтiн адамдардың мiнез-құлық (iс-қимыл) қағидалары:

3.1сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде:

1)зандылық қағидатын, Қазакстаи Республикасы Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын басшылыкқа алуға;

2)мүдделер қақтығысының туындауының кез келген мүмкiндiктерiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдауға;

3)жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқыктары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге;

4)мемлекеттiк кызметтер көрсету және өзге де рұқсат беру функциялары барысында көзделмеген құжаттарды сұратуға жол бермеу, сонымен бiрге кез келген сөзбұйдалықты (төрешiлдiктi) болдырмауға;

5)қызметтiк жағдайын терiс пайдалануға, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау кезiнде негiзсiз төрешiлдiк жэне сөзбұйдалық көрiнiстерiне, сондай-ақ дөрекiлiк және бiржақтылық танытуға жол бермеуге;

6)мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар кабылдауға, мемлекеттiк қөрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушысы ретiнде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

7)жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

8)өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн және онымен байланысты мүмкiндiктерiн жеке басына мүлiктiк және мүлiктiк емес пайда алу үшiн пайдаланбауға;

9)жоғары кәсiби жұмыс үшiн барлық күш-жiгерiн салу, қойылған мiндеттердi шешудiң оңтайлы, үнемдi және өзге де құзыреттi тәсiлдердi қолдануға;

10)қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн тұрақты түрде өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;

11)азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, заңнамада белгiленген тәртiпте және мерзiмдерде азаматтардың өтiнiштерiн қарау, олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға тиiс.

3.2.өз құзыретi шеңберiнде басқарушылық және өзге де шешiмдердi дайындау және қабылдау кезiнде:

1)Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

2)мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған кезде заңнамаға сэйкес оларды жою жөнiнде шаралар қабылдауға;

3)мемлекеттiк қызметшiнiң кұзыретiне кiретiн шешiмдер қабылдау кезiнде өзiнiң заңды мiндеттерiн орындаумен байланысты ешқандай материалдық игiлiктердi, көрсетiлетiн қызметтердi және өзге де артықшылықтарды қабылдамауға;

4)өкiлеттiктердi оларға берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес жүзеге асыруға;

5)еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтау, берiлген өкiлеттiктердi тиiмдi иелену; өзiнiң қызмеiтiк мiндеттерiн адал, турашыл және сапалы атқару; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;

6)лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсiз болуға;

7)жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;

8)өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және аөпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге;

9)сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу;басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерiнiң жолын кесуге;

10) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.

3.3.нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау кезiнде:

1)нормативтiк және нормативтiк емес құқықтық актiлердi дайындау кезiнде «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы заңын қатаң ұстануға;

2)өзi немесе үшiншi адам үшiн пайда алу мақсатында нормативтiк және нормативтiк емес құқықтық актiлердi қабылдауға жол бермеуге;

3)жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiне және Ақмола облысының кәсiпкерлер палатасына Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк Кодексiне сәйкес жiберуге;

4)жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк қүқықтық актiлердiң жобаларын, олар Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң отырысында қаралғанға дейiн интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялауға;

5)нормативтiк және нормативтiк емес құқықтық актiлердiң оларды қабылдау тәртiбi анықталмауысыз қабылдануына жол бермеуге тиiс.

3.4.тiршiлiк ету саласының ерекшелiгiне байланысты туындайтын өзге де өзара қатынастар кезiнде:

1)мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс- әрекеттерге қарсы тұруға;

2)жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесс қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

3)қарамағындағы жұмыскерлерге қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, қадiр-қасиетiн қорлау, әдепсiздiк және орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге;

4)мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету, меншiктi ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;

5)өздерiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Басқарма басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органды дереу хабардар етуге тиiс.

4.Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

1)Конституцияны және мемлекеттiк қызмет туралы заңңама талаптарын сақтау;

2)Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi сақтау.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.05.2017 18:25
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00;

depprom@bk.ru

LANG_OGU 8 (7162) 24-00-30, 24-00-15