A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысы тұрғындарының назарына!

Ақмола облысында жаппай кәсiпкерлiктi дамыту (үй шаруашылықтарын сұрау) және Өңiрлiк даму бағдарламаларын әзiрлеу бойынша маркетингтiк зерттеу (скрининг) басталды.

Зерттеудiң мақсаты, кәсiпкерлер мен үй шаруашылықтарының бос орындары мен қажеттiлiктерiн анықтау жолымен, елдi мекендердiң үй шаруашылықтарына сауалнама жүргiзу болып табылады.

Сауалнамаға қатысушы және оның отбасы мүшелерi туралы деректер, үй шаруашылықтарының кредиттенуi және банктерге деген сенiм, үй шаруашылықтарының кiрiс деңгейi, үй шаруашылықтарының көшi-қон көңiл-күйiнiң әлеуметтiк инфрақұрылымына қажеттiлiгi, кәсiпкерлiк әлеует, үй шаруашылықтарының жер учаскелерi мен мал басы түрiндегi активтерi кiредi.

Бұл деректер халықтың әлеуметтiк және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымға қажеттiлiгiн анықтау үшiн қажет (әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың барлық саласы, денсаулық сақтау, бiлiм беру, мектепке дейiнгi тәрбие жүйесiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары; демалыс пен бос уақытты өткiзуге байланысты кәсiпорындар мен ұйымдар; бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласы, спорттық-сауықтыру мекемелерi; жолаушылар көлiгi және халыққа қызмет көрсету жөнiндегi байланыс; құқықтық және қаржылық-несиелiк сипаттағы қызметтер көрсететiн мекемелер жүйесi, жолдардың, канализацияның, жылумен және сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, телефон және электр желiлерiнiң сапасы және т. б.), олардың негiзiнде өңiрлiк даму бағдарламалары әзiрленетiн болады, оларда халық үшiн неғұрлым қажеттi және маңызды объектiлердi салуға арналған шығыстар, сондай-ақ инвесторларды тарту және халыққа қызмет көрсету саласының жаңа объектiлерiн ашу жөнiндегi iс-шаралар ескерiлетiн болады.

Ақмола облысында 191 950 үй шаруашылығы сауалнамаға жатады, бүгiнгi күнi облыста 535 интервьюер жұмыс iстейдi (негiзiнен бұл ауылдық округтер мен қалалар әкiмдерi аппараттарының қызметкерлерi), облыстың барлық өңiрлерiнде 30 мыңға жуық үй шаруашылығы сұралды. Сауалнаманы белгiленген мерзiмдерге сәйкес а.ж. 1 қарашаға дейiн аяқтау жоспарланып отыр.

Облыс тұрғындарын осы сауалнаманы өткiзуге түсiнiстiкпен қарауды сұраймыз. Осыған ұқсас жұмыстар, республика бойынша жүргiзiлуде. Әрбiр елдi мекен бойынша сауалнаманың нәтижелерi тек жалпыланған түрде пайдаланылатын болады, сауалнаманың бастапқы деректерiнiң құпиялылығына кепiлдiк берiледi.

Сiздiң жауаптарыңыздың дұрыстығын, тiкелей мағынада сiздiң қалаңыздың, ауданыңыздың, ауылыңыздың болашағы тәуелдi.

Мақаланың шыққан күні: 06.09.2019
Қаралым саны: 783

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz