A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Көкшетауда «Amity» егіс кешендерін құрастыруға бастады

0040

«Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС-нде «Amity» егіс кешендерінің бірінші топтамасы құрастырылуда, деп хабарлайды Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметі.

«Бүгінгі күнге жеті кешен жеткізілді. Кейінірек егіс кешендеріне орнатылатын бункерлерді құрастыру және дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Кешендер бөлшектелген түрде, яғни машина жиынтықтары түрінде жеткізіледі. Осының барлығы жиналып, боянып және соңғы пайдаланушыға жіберіледі. Цехтағы жұмыстар қазір Amity Technology зауытының мамандарының бақылауында жүргізіледі. Бізде тот баспайтын болатты дәнекерлеу тәжірибесі болмады. Біз жабдықты сатып алдық, біздің мамандар АҚШ-қа ұшып, зауытта болды, олар сонда дайындықтан өтті», - деді «KAИK» ЖШС коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Семен Дыленя.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары барысында 2018 жылдың 17 қаңтарында «КАИК» ЖШС құрылтайшылары Amity Technology американдық компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын еске салайық. Қазақстан аумағында «Amity» егіс кешендерін құрастыру бойынша лицензиялық келісімге қол қойылды, 1,5 млн. АҚШ доллары (12 егістік кешені) көлеміндегі алғашқы жиынтыққа арналған сатып алу-сату шарты жасалды.

Бұдан басқа, «КАИК» ЖШС ресейлік Versatile RSM-2375 тракторларын шығаратын зауытпен келісімшартқа қол қойды, 20 бірліктен тұратын алғашқы партияны сатып алды және осы тракторларды жинауды жүзеге асыруды жоспарлады.

«Өтініштер көп түседі, олар көп, қазірдің өзінде барлық жиынтықтар клиентке арнап жазылған», - деп сендірді Семен Дыленя.

0054

Мақаланың шыққан күні: 26.04.2018
Қаралым саны: 382

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14