A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы (бұдан әрi — Басқарма) жер қойнауын пайдалану саласында бiрқатар мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi:

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы (бұдан әрi — Басқарма) жер қойнауын пайдалану саласында бiрқатар мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi: «Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы тұжырымды беру», «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру», «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу», «Кен iздеушiлiкке арналған лицензияны беру».

«Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы тұжырымды беру» мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмi — 9 жұмыс күнi. Www.egov.kz «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда, тегiн көрсетiледi.

Басқармаға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының қосымшасына (Қазақстан республикасы инвестициялар және даму Министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 501 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша өтiнiм жолданады. Нәтижелер бойынша болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы тұжырым берiледi.

«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету мерзiмi — 9 жұмыс күнi. Www.egov.kz «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда, тегiн көрсетiледi.

Сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының қосымшасына (Қазақстан республикасы инвестициялар және даму Министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 501 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша өтiнiм жолданады. Нәтижелер бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат берiледi.

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттiк қызметiн көрсету мерзiмi — 2 жұмыс күнi. «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда, тегiн көрсетiледi.

Өтiнiм мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының қосымшасына (Қазақстан республикасы инвестициялар және даму Министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 521 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша берiледi. Нәтижелер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу туралы куәлiк берiледi.

«Кен iздеушiлiкке арналған лицензияны беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету мерзiмi — 7 жұмыс күнi. Қағаз түрiнде көрсетiледi.

Кен iздеушiлiкке арналған лицензияны беру туралы өтiнiм стандартының қосымшасына (Қазақстан республикасы инвестициялар және даму Министрiнiң 2015 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша жолданады. Нәтижелер бойынша жер кен iздеушiлiкке арналған лицензия берiледi.

Мәлiмет үшiн, қазiргi уақытта «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексiне сәйкес, кен iздеушiлiк үшiн аумақ анықталмаған, себебi «Солтүстiкқазжерқойнауы» ӨД-нiң ақпаратына сәйкес сондай-ақ Ақмола облысы бойынша жоқ.

Мақаланың шыққан күні: 16.06.2020
Қаралым саны: 395

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz