AA

«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ

Жастар жылы аясында, жастарды кәсiпкерлiкке тартуға бағытталған «Жас кәсiпкер» жобасы бойынша өтiнiмдер қабылдау басталды.

Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсi Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы болып табылады.

Конкурс өткiзу үшiн басқарма гранттар беруге үмiткер кәсiпкерлердiң өтiнiмдерiн iрiктеу жөнiндегi конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекiтедi. Конкурстық комиссия қызметiнiң негiзгi қағидаттары кәсiпкерлер үшiн тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бiрлiгi, ұсынылатын құжаттарды зерттеудiң жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешiмдердiң объективтiлiгi болып табылады.

Жыл сайын өтiнiмдердi қабылдау 100 мыңға дейiн жастарды қамтумен жүзеге асырылады.

«Жас кәсiпкер» жобасының қатысушылары жас кәсiпкерлер (29 жасқа дейiн қоса алғанда), жас отбасы мүшелерi болып табылады.

Кәсiпкердiң бизнес-жобасын бағалаудың негiзгi критерийлерi:

1) бизнес-идеялардың жаңалығы (мүгедектер үшiн қолданылмайды);

2) бизнес-жобаның бәсекеге қабiлеттiлiгi (нарықтық қажеттiлiктi пысықтау — маркетингтiк талдау);

3) бизнес-жобаның енгiзуге дайындығы (өндiрiстi ұйымдастыру мәселесiн пысықтау, жобаны орналастыру үшiн үй-жайдың, өткiзу нарығының болуы, өндiрiстi iске қосу үшiн жобаның дайындық деңгейi).

Бұл ретте бизнес-идеялар жаңалығының критерийiне мыналарды көздейтiн жобалар жатады: нақты әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бұрын iске асырылмаған тауарларды шығару, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау; нақты әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияларды қолдану.

Мақаланы құрған күні 05.08.2019
Қаралым саны: 188

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн