A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
КӘСIБИ МЕРЕКЕЛЕРIҢIЗБЕН!

Сауда қызметкерлерiн кәсiби мерекесiмен құттықтаймыз!

Қазiргi әлемдi экономиканың осы маңызды бөлiгiнсiз елестету қиын. Ағымдағы жылы сауда қызметкерлерi күнi 26 шiлде күнi атап өтiледi.

Сауда секторын кез келген өндiрiстiк тiзбектiң соңғы буыны деп атауға болады. Экономикада өндiрiлетiн және ел аумағына әкелiнетiн тауарлар өз тұтынушысына жететiн тиiмдiлiгi, көлемi мен жылдамдығы сауда-логистикалық арналардың әртүрлiлiгiне және олардың даму деңгейiне байланысты. Бұл, өз кезегiнде, азаматтардың өмiр сүру сапасын, олардың тауар номенклатурасына қанағаттану деңгейiн айқындайды.

Сауда нарықта, соның iшiнде бiздiң өңiрде ең танымал және сұранысқа ие кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнiң бiрi болып табылады. Статистика органдарының мәлiметтерiне сәйкес, Ақмола облысының жоғарыда көрсетiлген экономика саласында шамамен 40 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл жұмыс iстейтiн халықтың жалпы санының шамамен 10% құрайды.

Сауда өңiрдiң жалпы табысына айтарлықтай үлес қосады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңiрлiк өнiмдегi оның үлесi 12% — дан асты, бұл ақшалай баламада 242 млрд.теңгенi құрады. Бұл бiздiң облыс экономикасының маңызды нақты секторлары — өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы салаларынан кейiнгi құрметтi үшiншi орын.

Ақмола облысының сауда секторында жалпы сауда алаңы 560 947 шаршы метр болатын 9214 дүкен жұмыс iстейдi. Бұдан басқа, сауда алаңы 171 160 шаршы метр 31 сауда базары жұмыс iстейдi. Сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындары облыс өңiрлерi бойынша бiркелкi бөлiнген, бұл халықтың түрлi тауарлардағы сұранысын толық көлемде қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi. Сауда кәсiпорындары тұтыну тауарларын, ең алдымен тамақ өнiмдерiн, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығын қайта өңдеу өнiмдерiн ұсақ және орта өндiрушiлердiң өнiмдерiн өткiзу арнасы бола отырып, маңызды әлеуметтiк-экономикалық функцияны орындайды.

Жалпы Ақмола облысы бойынша 2019 жылы iшкi сауда (көтерме және бөлшек сауда) айналымы 854,4 млрд.теңгенi құрады, нақты өсiм 11,5%. Айта кету керек, бөлшек тауар айналымының басым бөлiгi облыс бойынша жеке кәсiпкерлер кәсiпорындары арқылы жүзеге асырылады, олардың тауар айналымындағы үлес салмағы 2019 жылы 68,9% — ды құрады.

Бүгiнгi таңда, карантиннiң қиын жағдайында, бәрiмiздi азық-түлiкпен, тауарлармен және бiрiншi қажеттi қызметтермен қамтамасыз ету үшiн барлық мүмкiндiктердi жасайтын сауда саласы қызметкерлерiнiң еңбегiн ерекше атап өткiм келедi. Олардың бастамасы, жоғары кәсiпқойлығы мен қайсарлығы арқасында сауда саласында сатып алушыларға қызмет көрсетудiң жаңа технологиялары енгiзiлуде, заманауи, қауiпсiз және ыңғайлы сауда нысандары ашылуда. Құрметтi сауда қызметкерлерi, сiздерге зор денсаулық, бақыт, амандық және жемiстi жұмыс тiлеймiз!

Ербол ОСПАНОВ,
Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп
басқармасының басшысы

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2020
Қаралым саны: 192

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz