A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«МЕДИАЦИЯ-ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЖЕТТІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

22 тамызда Көкшетау қаласының Достық үйiнде «Медиация — қазiргi заманғы қажеттiлiк» тақырыбында дөңгелек үстел өттi. Осы iс-шараға Ақмола облысының ауданаралық экономикалық мамандандырылған сотының сот-медиаторы Айгүл Ақпанова, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Айдрахманов, «Медиацияны дамыту орталығының» директоры Талғат Бейсембаев, заңды кеңесшiлер палатасының төрағасы, халықаралық кәсiби медиатор Бахыт Сұлтанов, және де шағын және орта бизнес өкiлдерi қатысты.

Дөңгелек үстел барысында медиаторлар бизнес өкiлдерiне медиация, қолдану саласы, мүмкiндiктерi, медиация рәсiмiнiң сот талқылауынан ерекшелiгi туралы айтып бердi, медиативтiк келiсiмдер арқылы кәсiпкерлер арасындағы дауларды тиiмдi шешудiң нақты мысалдары келтiрiлдi.

Соңында қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап алып, тақырыпты кеңiнен түсiндiргенi үшiн алғыстарын бiлдiрдi.

Мақаланың шыққан күні: 22.08.2019
Қаралым саны: 616

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz