A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ БОЛЫП ӨТТІ

21 тамыз күнi Ерейментау қаласында, Ерейментау ауданының әкiмi А.Альжановтың төрағалығымен, аудан кәсiпкерлерiнiң Форумы болып өттi.

Форум жұмысына аудандық мәслихат хатшысы, Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының, «Атамекен» Кәсiпкерлер Палатасының, «Даму» Қоры филиалдарының бiрiншi басшыларының орынбасарлары, «Қазагроқаржы» АҚ филиалдарының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басшылары, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қорының, екiншi деңгейдегi банктердiң өкiлдерi, дербес бөлiмдерiнiң басшылары, қала, ауыл және Ерейментау ауданы ауылдық аймақтарының әкiмдерi қатысты. Форум аясында, тауар өндiрушiлердiң көрмесi ұйымдастырылды.

Iс-шараға қатысушыларына инвесторларды тарту үшiн, Ерейментау ауданы кәсiпкерлiгiнiң интерактивтi картасы ұсынылды. Форумда кәсiпкерлiктiң проблемалық мәселелерi және оларды шешу жолдары талқыланды, қолданыстағы несиелеу бағдарламалары, оның iшiнде «қарапайым заттар экономикасын» несиелеу тетiгi туралы толық түсiнiк берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 21.08.2019
Қаралым саны: 657

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz