A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«ТЫНЫС» АҚ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН, САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгiн, Көкшетау қаласында «Тыныс» АҚ (бұрынғы КДА) зауытының 60 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты iс-шара өттi.

Мерекеге ресми тұлғалар — Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Қанат Ыдырысов, Көкшетау қаласының әкiмi Амангелдi Смайылов, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Ербол Оспанов, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Қуаныш Бишiмов, бұрынғы директорлар, бизнес бойынша серiктестер, зауыт ардагерлерi, кәсiпорын қызметкерлерi қатысты, сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры, КСРО еңбек сiңiрген сынаушы — ұшқышы, КСРО сынаушы — ұшқышы, КСРО ұшқыш-ғарышкерi, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ҚР Инженерлiк академиясының құрметтi Академигi -Әубәкiров Тоқтар Оңғарбайұлы шақырылды.

Iс-шараның салтанатты бөлiмi аясында, облыс әкiмiнiң орынбасары Қанат Ыдырысов өзiнiң құттықтау сөзiнде бүгiнгi күнi кәсiпорын жаңа өндiрiстiк үдерiстердi игерiп, инновациялық әзiрлемелердi енгiзуде, импортты алмастыру бойынша мiндеттердi белсендi түрде шешуде, бiздiң өңiрдiң экспорттық әлеуетiн кеңейтуде екендiгiне назар аударды. «Тыныс» АҚ — ның жетiстiктерi-бұл ұйымшыл еңбек ұжымы қызметiнiң нәтижесi екенiн де атап өттi. Құттықтау сөз соңында әкiм орынбасары «Тыныс» АҚ Бас директоры Қайрат Қалманбаевқа, Ақмола облысы әкiмiнiң Құттықтау хатын табыс еттi.

Шара барысында «Тыныс» АҚ еңбек ерлерiне алғыс хаттар табыс ету салтанатты өттi.

Ақмола облысы әкiмiнiң алғыс хаттарымен Зинулла Мұқашев — №6 цех слесары; Инна Вергунова — өткiзу бөлiмiнiң коммерциялық агентi; Тастимир Есетов — күзет секторының күзетшiсi; Райхан Муканова — асхана жұмысшысы; Ботагөз Сәдуақасова — кадр бөлiмiнiң бастығы марапатталды.

Ақмола облысы Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының алғыс хаттарымен энергомеханикалық қызметтiң инженер — конструкторы — Евгений Лобанов, №3 цехтың электр дәнекерлеушiсi — Исатай Сабиев, №9 цехтың тiгiншiсi — Торғын Мағзеева, көлiк бөлiмiнiң Камаз жүргiзушiсi — Владимир Мутасов, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бөлiмiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi аға инженерi — Ирина Мухаметова марапатталды.

Мақсаты, еңбек өнiмдiлiгiн және шығарылатын өнiмнiң сапасын үнемi арттыру болып табылатын жұмысшылар, жетекшi мамандар, тiгiншiлер және ң инженерлерi арасында, кәсiби шеберлiк конкурсының қорытындысы бойынша «Үздiк металл жонушы», «Үздiк фрезерлеушi», «Үздiк темiр шеберi», «Үздiк тiгiншi» және «Үздiк инженер» номинациялары бойынша үздiк қызметкерлердi марапаттау рәсiмi өттi.

Еске сала кетсек, қазiргi таңда «Тыныс» АҚ машина жасау саласында заманауи өндiрiстiк базасы мен озық технологиялары бар, бiрегей жабдықтары мен жоғары бiлiктi кадрлары бар өңiрдегi тұрақты және табысты дамып келе жатқан өнеркәсiптiк кәсiпорын болып табылады.

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы, құттықтауларға қосылады және алдағы уақытта үдемелi өсу, өркендеудi, белгiленген жоспарларды iске асыруды, сондай-ақ нарықтағы өз ұстанымдарын екпiндi нығайтуды тiлейдi және өңiрдiң машина жасау саласын дамыту жылдарында кәсiпорынның барлық қызметкерлерi мен ардагерлерiне алғыс бiлдiредi.

Мақаланың шыққан күні: 16.08.2019
Қаралым саны: 580

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz