A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелердi қолдайтын ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерiн ынталандыру мақсатында «Жасыл кеңсе» екiншi республикалық байқауын ұйымдастырылатын хабарлайды.

Конкурстың мақсаты: энергияны, суды және ресурстарды үнемдеудi ынталандыру, экологиялық таза технологияларды, тауарлар мен қызметтердi жылжыту, сондай-ақ қоршаған ортаға бағытталған жұмыста қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу; халық арасында «жасыл» пiкiрдi офистiк ресурстарға арқа сүйеу арқылы қалыптастыру; экологиялық жауапты компаниялардың қоғамдастығын қалыптастыруға үлес қосуға; экологиялық мәселелерге, орнықты дамуға, климаттеңдiгiн сақтауға, ресурстардың ұтымды пайдаланылуына қоғам назарын аудару.

Байқау осы жылдың 10 маусымында келесi номинациялар бойынша басталды:

1) бiлiм беру (ЖОО, колледж, мектеп, балабақша және т.б.);

2) денсаулық сақтау (ауруханалар, емханалар, медициналық орталықтар және т.б.);

3) мемлекеттiк органдар (министрлiктер мен ведомстволар, әкiмдiктер және т.б.);

4) халықаралық ұйымдар мен өкiлдiктер;

5) квазимемлекеттiк сектор;

6) өнеркәсiптiк кәсiпорындар;

7) бизнес пен сауда орталықтары;

8) қызмет көрсету секторы (қонақ үйлер, сұлулық салондары, спорттық кешендер);

9) қаржы ұйымдар (банктер, сақтандыру компаниялары және т.б.);

10) үкiметтiк емес ұйымдар.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңiмпаздар «Жасыл кеңсе» арнайы белгiсiне ие болады.

Өтiнiмдердi қабылдау 10 маусым мен 1 қыркүйек аралығында өтедi.

Қосымша ақпарат алу үшiн Конкурстың ұйымдастырушысы «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ (+77172)999408, +77473838301 телефондар (Асыл Окапова) және greenkaz.kz@gmail.com арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Мақаланың шыққан күні: 30.06.2020
Қаралым саны: 408

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz